Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

Жаңалықтар

30.10.18 күні "Үздік мұғалім" қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері арасында облыстық олимпиадасының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша І орынға ие болған мектебіміздің мұғалімі Ибраева Нұргүл Қуантайқызын ие болды.  Облыстық кезеңде де осындай нәтиже көрсетуіңізге тілектеспіз! Құттықтаймыз!

17.10.18 күні мектебімізде алғаш рет РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ШАҚШАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕКТІҢ 325 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «БОЛАШАҚ САРБАЗДАР!» АЙМАҚТЫҚ ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ ойыны өткізілді.

Облыстық сайыс "Мың бала" өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілде Астана қаласыныңы 20 жылдығына орай ұйымдастырылды.

 

2017-2018 оқу жылын қорытындылау «Горняк» ойын-сауық  мәдениет орталығында  өткізілді. Үздік оқушылар мен үздік мұғалімдер марапатталды.

Мектебіміздің «Киелі сан» командасы қала, облыс көлемінде өнер көрсетіп жақсы көрсеткіш көрсетіп жүр! 17 мамырда Қостанай қаласында өткен КТК-да оқушылар өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Мұратбаев Нұржан, Тоққожаев Жамбыл және Рахимова Марияш Алматы қаласы, Қапшағай сауықтыру орталығына жолдама алды. Оқушыларымыз маусым айының 6-22 аралығында демалыс орындарына барып, жақсы демалып қайтатыны сөзсіз!