Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

Жаңалықтар

17.02.18 күні облыстык "ДАРЫН" практикалық ғылыми орталығында "РОБОТТЫ ТЕХНИКА"

«Латын әліпбиіне көшу – біздің ортақ міндетіміз!» дәл осы тақырыпта 12 қаңтар күні мектебімізге Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысының орынбасары Сармантаева Айнұр Еркінқызы мен әдістемелік кабинеттің әдіскері Идрисова Айнұр Тағамұратқызы келіп семинар-тренинг өткізді. Аталмыш семинарға мектебіміздің 9 сынып оқушылары қатысты.

Елбасының жыл сайынғы халыққа жолдауында көрсетілген 100 нақты қадамындағы 11 саланы қамтитын «Ақылды қала» - жобасы аясында 2017 – жылы «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының» - құрылтайшысы Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның бастамасымен елімізде тұңғыш рет республикалық конкурс өткізілген болатын. Республикалық педагогтар мен оқушылар үшін «Қазіргі экологиялық білімді дамытудың инаватциялық тәсілі» - атты конкурсқа  республиканың барлық аумағынан 46 жұмыс ұсынылды. Оның ішінде 6 жұмыс үздік деп танылды.

Құттықтаймыз!