Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

Жаңалықтар

Рудный қаласының  «Білім беру ұйымдары қызметі рейтингінің 2018 жылғы қорытындысы бойынша үздік көрсеткіші» қалалық конкурсының рейтингісі бойынша инновациялық білім беру ұйымдары арасында І жүлделі орынға «№7 мектеп-гимназиясы»  ие болды. Мектебімізге мақтау қағазымен қоса, жүлделі сыйлықпен марапатталды. 

Түркия елінің Анталия қаласында өткізілген Халықаралық Х пәндік олимпиада бойынша біздің оқушылар қатысып жоғарғы деңгейді көрсетті!

Алматы қаласында "Ғылым және өмір" атты Халықаралық оқушылардың ғылыми-теориялық конференциясына мектебіміздің оқушылары қатысып 100% көрсеткіш көрсетті.

30.10.18 күні "Үздік мұғалім" қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері арасында облыстық олимпиадасының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша І орынға ие болған мектебіміздің мұғалімі Ибраева Нұргүл Қуантайқызын ие болды.  Облыстық кезеңде де осындай нәтиже көрсетуіңізге тілектеспіз! Құттықтаймыз!

17.10.18 күні мектебімізде алғаш рет РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ШАҚШАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕКТІҢ 325 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «БОЛАШАҚ САРБАЗДАР!» АЙМАҚТЫҚ ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ ойыны өткізілді.