|
Кітапхананың көлемі |
144,3 |
2 |
Оқу залы, |
1 |
Абонемент |
1 |
|
3 |
Сақтау қоймасы |
1 |
4 |
Оқу залындағы орындар саны |
32 |
р/с |
Құрал-жабдықтар аты |
Саны |
1 |
Компьютер |
6 |
2 |
Системный блок |
6 |
3 |
Клавиатура |
6 |
4 |
Фильтр |
6 |
5 |
Басып шығарғыщ |
1 |
6 |
Диван |
3 |
7 |
Кітап сөрелері |
15 |
8 |
Ноутбук |
5 |
Кітапхана мамандары туралы мәлімет
Кітапхана меңгерушісі: Қасабек Гүлназ Бертайқызы
Кітапхана штаты 2
Білімі: жоғары.
Еңбек өтілі: 36
Аталмыш мектептегі еңбек өтілі: 15 жыл
Кітапханашы : Ембергенова Фарида Қожакуловна
Білімі: арнайы орта
Еңбек өтілі:3
Аталмыш мектептегі еңбек өтілі: 3жыл
Кітапхананың жұмыс кестесі
Сағат: 8.00 - 17.00
Түскі үзіліс: 13.00 - 14.00
Нормативті құжаттар
- Кітапханашының лауазымдық міндеті - бар
- Кітапхананы пайдалану ережесі - бар
- Кітапхана жұмысының жылдық жоспары - бар
- Кітапхана жұмысы туралы жылдық жұмыс есебі - бар
Ктапханалық құжаттар
- Кітапхананың кітап қоры туралы есеп кітапшасы - бар
- Мүлік /инвентар/ кітабы - бар
- Мүлік кітабына енбейтін 48 бетке дейінгі кітаптар мен кітапшаларды есепке алу дәптері - бар
- Дискілерді тіркеу журналы
- Кітапханаға түскен әдеби кітаптардың құжаттарын тіркеу папкасы - бар
- Кітаптарды есептен шығару актлерін тіркеу папкасы - бар
- Кітап қорын тексеру актсін тіркеу папкасы - бар
- Кітапхананың жұмыс күнделігі - бар
- Оқулықтар сұраныстарын тіркеу папкасы - бар
- Оқулықтардың есеп кітапшасы, картатекасы - бар
- Кітапханаға түскен оқулықтардың құжаттарын тіркеу папкасы - бар
- Оқулықтарды беру туралы сыныптарға арналған дәптер - бар
Кітапхана туралы мәлімет
Қазіргі кезеңде мәдениет саласы адамдардың өскелең талабын қанағаттандыруға, рухани байлығын, жалпы қабілетін дамытуға, жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыруға тиісті болса, бұл міндеттерді іске асыруда мектеп кітапханаларының алатын орны ерекше.
Қазақстанда кітапхана ісінің дамуы еліміздегі мәдени құрылыстың жарқын беттері болып табылады. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы № 7 мектеп - гимназиясы»КММ - нің мектеп кітапханасы оқу үдерісі мен ғылыми зерттеулерді әдебиеттермен және ақпараттармен қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі, сонымен қатар білім беру, рухани және зияткерлік қарым - қатынас пен мәдениетті тарату орталығы болып табылады. Кітапхана өз қызметін өзінің негізгі әдістемелік тақырыбына,оқу сыныптарында, даму бағыттарына және тәрбиелік мақсаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Мектеп кітапханасы мектеп ғимаратының бірінші қабатында орналасқан.Оқу залы мен абономент бөлімінен тұрады. Мектеп кітапханасының жалпы көлемі - 144, 3ш.м, оқу залының көлемі - 60, 1ш м, сыйымдылығы 35 - 40 оқырман. Абонемент бөлімінің көлемі - 84,2 ш. м. Мектеп кітапханасының төлқұжаты, кітапхананы пайдалану ережесі және жұмыс кестесі бар. Мектеп кітапханасы мектеп директорының қолымен бекітілген жоспармен жұмыс істейді. Бухгалтерлік есеп пен есеп беру мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру бойынша нұсқаулық - әдістемелік ұсыныстар нысандарына сәйкес жүзеге асырылады. Мектеп кітапханасының жұмысын кітапхана меңгерушісі Г.Б. Қасабек ұйымдастырады.
Биылғы оқу жылында мектеп кітапханасына «Қазақстан халқына » қоры арқылы түбегейлі жөндеу жұмысы жүргізіліп, кітапхана жаңа жиһаздармен жабдықталды. Кітапханаға 5 - компьютер берілді. Сонымен қатар балалардың ой - өрісін дамыту барысында «Қазақ хандығы »ойыны, Тоғызқұмалақ,шахмат, дойбы оқу залында пайдалануда.
Оқушылар оқыған әдебиеттері бойынша буктрейлерлер,видеороликтер жасайды. Оқушылармен көрмелер,көркем сөз оқу челендждері,басқа да іс - шаралар ұйымдастырылады. Мектептегі теледидар арқылы сыныптар бойынша оқылатын әдебиеттер тізімі ұсынылады.
Кітапханадағы барлық кітаптар саны: 33706
Негізгі қор : 10963
Қазақша: 8692
Оқулықтар:22743
Қазақша: 19260
Кітапхананың 2023 - 2024 оқу жылының 01.06.2023 жылға жұмыс көрсеткіші: Оқырман саны - 1195, бір жыл ішіндегі келу саны - 5745, берілген кітап саны - 21365, қордың кітаппен қамтылуы - 8,5 бір адамға шаққанда.
Оқушыларымыз оқулықпен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Барлық оқулықтар ҚР Білім және ғылым министірлігінің бекіткен тізіміне сай. Қор әр төрт жыл айын жаңарып отырады. Сыныптарға берілген оқулықтар тізімделіп,«Оқулық беруді тіркеу» журналына тіркеліп беріледі.
Мектебімізде мектеп кітапханасының баспасөзге жазылуы жақсы жолға қойылған, 2023 - жылға - 20 атамен баспасөз басылымдары алынды.Бұл басылымдар мектеп кітапханасы болғандықтан оқушылар мен мұғалімдердің оқу процесіне пайдалануына арналған.
Балалардың оқу бағдарламасына қосымша мәлімет алатын газет - журналдар: «Балдырған», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ», «Бала би», «Ақ желкен», «Ұлан», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Түркістан» басылымдары.
Кітапхана қоры әмбебаб,көпсалалы болып келеді. Қор ББК бойынша салаланып,бастауыш сыныптар тақырып бойынша орналастырылған. Оқулықтар сыныптары бойынша қойылған.
Кітапханадағы кітап қорының салалық құрамы:жаратылыстану ғылымдары - 13%, мәдениеттану ғылымдар 6 - %, әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар - 18%, педагогикалық ғылымдар - 8%,Тіл және әдебиет - 18, көркем әдебиеттер - 42%.
Биылғы оқу жылында мектеп кітапханасына «Қазақстан халқына » қоры арқылы түбегейлі жөндеу жұмысы жүргізіліп, кітапхана жаңа жиһаздармен жабдықталды. Кітапханаға 5 - компьютер берілді. Сонымен қатар балалардың ой - өрісін дамыту барысында «Қазақ хандығы »ойыны, Тоғызқұмалақ,шахмат, дойбы оқу залында пайдалануда.
Мектеп кітапханасының төлқұжаты, кітапхананы пайдалану ережесі және жұмыс кестесі бар.
№7 мектеп - гимназиясының кітапханасында 37141 - тің үстінде кітап қоры жинақталған,оның 10962 данасы негізгі қор,ал қалған 26179 оқулық. Оқушыларымыз оқулықпен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Барлық оқулықтар ҚР Білім және ғылым министірлігінің бекіткен тізіміне сай. Сыныптарға берілген оқулықтар тізімделіп,«Оқулық беруді тіркеу» журналына тіркеліп беріледі
Мектеп кітапханасының негізгі қоры 10962 оның ішінде мемлекеттік тілдегі кітаптар 8691. Негізгі қор жыл сайын толықтырылып отырады. Биылғы жылы мектеп 1миллион екі жүз мыңға 469 кітап сатып алып берді.
Балалардың оқу бағдарламасына қосымша мәлімет алатын газе т -журналдар: «Балдырған», «Айгөлек», «Мөлдір бұлақ», «Бала би», «Ақ желкен», «Ұлан», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Түркістан» басылымдары.
Кітапхана қоры әмбебаб,көпсалалы болып келеді. Қор ББК бойынша салаланып, бастауыш сыныптар тақырып бойынша орналастырылған. Оқулықтар сыныптары бойынша қойылған.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша ,мектеп әкімшілігімен бірлесіп іс - шаралар жобасы құрылып, іс - шаралар өткізілуде.
Атаулы күндерге, іс - шараларға арнай кітап көрмелері, тақырыптық сөрелер өткізіліп шолулар өткізіледі.
Биылғы оқу жылында түрлі челлендждер, тақырыптық көрмелер мен әртүрлі іс - шаралар ұйымдастырылды.
«Тассти» жобасы арқылы оқушылар өздеріне ұнаған кітаптарын таңдап, іс - шара өткізілді.
«Менің сүйікті кітабым» «BOOKDATING» сыныптар бойынша өткізіліп әр оқушы өзінің осы оқу жылында оқыған кітабы жайлы таныстырды. Мектебімізде 10 - жылдан аса аптасын 3 - рет «Әдебиеттік оқу» сағаты өткізіледі.оқу жылының соңында арнайы ұйымдастырылған іс - шаралармен қортындыланады. 2023 - 24 оқу жылындағы «Оқу сағаты » әр сыныптың осы жылғы оқылған кітаптарына оқырмандардың жеке «Буктрейлер» жасауымен қортындыланды.
Мектеп кітапханасына «КАБИС» электронды кітапханасы орнатылды, көркем әдебиет тіркеліп жатыр.
- Кітап қорының орналасуы - ҚБЖҚ үлгісі бойынша
- Оқулықтар қоры бөлек сақтау қорында сыныптар бойынша орналастырылған
Кітап қорын толықтырудың негізгі көздері
- Тапсырыс беру арқылы
- Кітаптарды қордан есеттеп шығару себептері - мазмұны жағынан ескіруіне, қайта басып шығарылуына, бір жылдық пайдалануына байланысты, тозығы жеткен
Кітапхананың анықтамалық - библиографиялық ақпараты
- Алфавиттік каталог - бар
- Жүйелі каталог- бар
- Жүйелі картатека - бар
«КАБИС» Электронды кітапхана
Электронды кітапхананың мақсаты - мектеп кітапханасы жүйелі ұйымдастырған, қызмет көрсететін және қолдайтын электронды қатынасатын электронды нысандағы әр алуан ресурстар. Жалпы автоматтандыру жұмысының негізгі мақсаты - кітапханаға келген оқырман талабын, сұранысын сапалы қанағаттандыру барысында қызмет көрсету дәрежесін көтеру. Кітапханада 6 компьютер мектепшілік жергілікті желісіне, әлемдік ақпараттық кеңістікке Интернет желісіне қосылған. Интернетке қосылу модем арқылы іске асырылды. Бұл арқылы кітапханалық қызмет көрсетудің саны мен сапасы жоғарлады, ізденістерді тездетуге жеңілдік туғызып отыр. Электрондық пошта арқылы да республика, қала кітапханалармен байланысқа шығып, олардан келіп түскен сұраныстарға, хаттарға электронды түрде жауап жіберіп отырамыз.
- Кітапхананың кітап қорындағы кітаптардың, оқулықтардың электронды каталогын құру;
- Газет-журналдар электронды картотекасын құру;
- Әр кітаптың библиографиялық сипаттамасын жазып, дәстүрлі карточка түрінде басып шығару;
https://rudnymektep7.edu.kz/kz/kitapkhana.html#sigFreeId498bd9de8f
«Кітап апталығы» жоба байқауы
Жоба атауы: «Ақылман бөбек»
Ертегілер арқылы баланың тілін,сөздік қорын дамыту, ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру,грамматикалық дағдыларды меңгерту тілдің лексикалық және синтаксистік жүйесін меңгерту, балалардың өз ойларын мазмұнды, сауатты, ойын дәл бейнелеп айта білу дағдыларын қалыптастыруға
ЖОБА өзектілігі:
Соңғы уақытта кітапқа деген қызығушылық біршама төмендеді. Жаңашыл адам қазір аудиовизуалды мәдениетті тез қабылдайды да кітап біртіндеп екінші жоспарға қалып бара жатады.
Кітап оқымау ол адамның үлкен ой мен жүректің жұмысын, ойлауын, күйзелуін өз жанын тәрбиелеу үрдісі қалып бара жатқандығын білдіреді.
Ал оқу интеллектіні дамытып, рухани мәдениетін, жеке тұлғалылығын дамытады. Оқымысты адам- ойлы адам.
Сондықтан да балаларды мектепке дейінгі жастан кітапқа деген махаббаттарын дағдыландыру қажет. Кітап жеткіншек ойын білімін өсіреді, әдеби батырлардың істерін, жақсылықты қалыптастырады
Жобаны шешуге бағытталған мәселелер:
1. Балалар көркем әдебиетке деген қызығушылығының аздығы;
2. Түрлі елдердің мультипликациялы ешқандай танымдық негізі жоқ қазіргі заманғы кітаптардың көбеюі;
Жобаның мақсаты:
Балаларды көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігн ояту, балалар мен ата-аналардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, кітап апталығы аясында ата-аналарды қатыстыра отыра шығармашылықпен жұмыс жасау. Үнемі кітап оқуға баулу.
Жобаның міндеті:
- 1. Адамның өміріндегі кітаптың рөлі туралы балалардың ойын қалыптастыру.
- 2. Балаларды түрлі жанрлы кітаптармен таныстыру.
- 3. Кітапхананың жұмысы туралы айту.
- 4. Балалар мен ата-аналар арасындағы қатынасты байыту.
- 5. Кітапқа деген махаббат мен ұқыптылықты тәрбиелеу.
Жобаның ерекшелігі:
1. Тәрбиешілер мен логопед-мұғалімдерінің жеке тәжірибелеріне сүйену
2. Кітапхана мен ата-аналармен қарым-қатынас
3. Балалармен қарым –қатынас
Күтілетін нәтиже:
Жоба бойынша алынған білім мен игерілген дағды арқылы оқушылар ауызекі сөйлеу мәдениеті мен жазба тіл мәдениетін меңгереді. Сауатты жазуға, шешен сөйлеуге дағдыланады. Көпшілік алдында сөйлеуді үйренеді. Мәтін түрлерін еркін меңгеріп, шығармашылықпен айналысуының алғашқы баспалдағы қаланады. Сөздік қоры жетіліп, әдеби тілде сөйлеп, жазу дағдысы дамиды.
Тәрбиеленушілер білуі керек:
- белгілі дәрежеде қалыптасқан оқу, жазу дағдысының болуы;
- берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындауы;
Тәрбиеленушілердің білім дағдысына қойылатын талаптар:
- сурет мазмұнын айтуға жаттығу;
- орын тәртібі ауысқан сөйлемдегі сөздерді дұрыс қалыпқа келтіре білу;
- мәтіннен қажетті сөйлемдерді таба білу;
- тірек сөздер бойынша әңгіме құрастыру;
- жоспар, сұрақ бойынша әңгіме айтуға жаттығу;
- мәтін бойынша сұрақ қоя білу;
- мәтінді түсініп, дұрыс мәнерлеп оқуға дағдылану;
- мәтінді дауыстап оқу, ішінен оқу;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап бере білу;
- тыңдау, есту арқылы түсінгенін айтқызу;
- түрлі жағдайларға байланысты әңгіме жүргізе білу;
- тапсырма шарттарын түсініп орындау;
- шағын өлең, мақал, жұмбақдарды жатқа айту;
- жаңылпаштарды жылдам оқып, мазмұнына түсіну;
- шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жазуға төселу;
Тәрбиеленушілер игеруі керек:
- ауызекі сөйлеу мәдениеті және жазба тіл мәдениеті дегеннің не екендігін;
- халық ауыз әдебиетінің үлгілерін, олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктерін;
- екпін түрлері мен ырғақ туралы теориялық мәліметті меңгере отырып, іс жүзінде дұрыс қолдана білу;
- әр түрлі мәтінді сан алуан технологиялар нәтижесінде талдай білу және мәтін құрастыра білу;
- еркін сөйлеп, шебер жаза білу;
Педагогикалық принциптер:
1. Мәдениеттілік принципі;
2. Гуманистік бағдар принципі;
3. Баланың эмоционалды-сезімталдық ортасына сүйену принципі;
Балалармен алдын-ала жүргізілген жұмыс:
Кітап бұрышын жаңа маьтериалдармен толықтыру (ата-аналарының бала күніндегі кітаптары, түрлі мазмұндағы кітаптар, жаңа кітаптар, қайда өзгертіліп рәсімделген кітаптап)
Балалар ертегілерін әңгімелерін оқу, тақпақтар жаттау
Бейне үзінді түсіру
Мәнерлеп оқуға дайындық және өлеңдерді таңдау
Жұмыс әдістері
Кітаптар көрмесін ұйымдастыру, журнал мен кітаптар иллюстрациясын қарау, видеофильмдер көру, ертегі батырларымен танысу, кітаптар бұрышы, қуыршақтар театрын презентациялау.
Ресурстар:
- балалар жазушыларының портреттері
- ертегі жазушыларының портреттері
- қиылған қиынды суреттер
- «менің сүйікті кейіпкерім»үстел ойыны
- саусақ ойындары
- «сыр сандық»
Ы.Алтынсарин, Қ. Мырза Әлидің шығармаларын оқу және сол шығармаға сай сурет салу
Ата-анамен жұмыс
Балалармен жұмыс
Апта күнделігі
Практикалық Кезең
Танымдық-сөздік және балалар қызметінің жан-жақтылығы, кітапханаға саяхат, балалардың мерекелер мен түрлі іс шараларға қатысуы
Апта күнделігі
Бірінші күн:
- «Кітапша» кітап апталығының шығуы тақырыбында әңгімелесі өткізу
- Кітап авторларымен танысу
- Құттықтаулар (кітап сұлбасындағы сурет-ашық хат)
Балалар кітабындағы қолданылған ресурстар: Плакат, балалар жазушыларының портреті, түрлі түсті суреттер
Екінші күн:
- А.Байтұрсынов, Ы. Алтынсарин, Қ.Мырза Әли шығармашылығына арналған әңгімелесу
- Мектепшілік «Алтынсарин оқулары» іс-шараларына қатысу
- Ы.Алтынсарин шығармаларынан сахналық қойылым
Балалар кітабындағы қолданылған ресурстар: Плакат, балалар жазушыларының портреті, түрлі түсті суреттер
Үшінші күн:
- «Бейне үзінді» сүйікті шығармаларын үздік оқу поэзия көрсетілім сайысы
- «Сүйікті жазушы» көрмеге саяхат
- «Менің сүйікті кейіпкерім» қолөнер ойыншықтары
- Қолөнер бұйымдарынан әзірленген балалар кітапшасын қарастыру
Төртінші күн:
- Мектеп кітапханасына саяхат. «Ұлы кемеңгер-Ы.Алтынсарин» шығармаларымен танысу, көрмені тамашалау
- «Мен кітапханашымын» сюжеттік рөлдік ойындар
- Жазушының шығармалары, өлеңдеріндегі сүйікті кейіпкерін таңдап, суреттерін бояу
- «Мен және менің кейіпкерім» дауыс ырғағын өзгерте отырып, ұпай жинау үстел ойыны
Балалар кітабындағы қолданылған ресурстар: Плакат,үстел ойыны, кейіпкерлер суреттері түрлі түсті суреттер
Бесінші күн:
- «Жасапмаз бол» түрлі түсті қағаздан тәжірибе жасау ойыны
- Дидактикалық ойындар «Сурет бойынша ертегіні тап», «Шығармадан үзіндіні тап»
- Көркем сөз сайысына қатысу (бірінші сынып оқушыларымен)
- «Мен кітаппен бірге өсемін» әдеби композиялық кеш (мектеп кітапханашысымен бірге)
- «Балаларға базарлық» сүйікті шығармасы бойынша эмблема жасау
Нәтижесі:
Апта бойы балалар кітап апталығының шығу тарихымен, жазушылармен, шығармашылық тапсырмаларды орындады. Ата-аналарымен бірлесе отыра суреттер әзірледі, мектеп кітапханасына барды, көркем сөз сайысында белсене қатысты. Тәрбиеленушілердің сөздік қоры көбейді, қиялға бойлау, кітапқа деген сүйіспеншілігі артты, ынтымақтастықта қызығушылығы оянды, логикалық ойлауы дамыды. Тақырыптық аптаны өткізу қорытындысы фотоесепте көрсетілген.
Ата-аналар үшін әдістемелік ұсынымдапр, отбасылық оқу, үйде оқу, жатар алдында ертегі оқып беру баланың сөздік қоры, тілін дамытудың негізгі бөлігі болып табылады.
Біздің тобымыз үшін «Кітап апталығы» биік табысқа жетудің жолы және кітап әлеміне бойлау желкені ретінді жол ашты.
Скачать: Куанышбаева Р.Б книжка
1
|
Кітапхананың көлемі
|
144,3
|
|
2
|
Оқу залы,
|
1
|
|
Абонемент
|
1
|
||
3
|
Сақтау қоймасы
|
1
|
|
4
|
Оқу залындағы орындар саны
|
32
|
р/с |
Құрал-жабдықтар аты |
Саны |
1 |
Компьютер |
1 |
2 |
Системный блок |
7 |
3 |
Клавиатура |
8 |
4 |
Фильтр |
10 |
5 |
Басып шығарғыщ |
1 |
6 |
Диван |
3 |
7 |
Кітап сөрелері |
48 |
8 |
|
|
КІТАПХАНА МАМАНДАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Кітапхана меңгерушісі: Қасабек Гүлназ Бертайқызы
Кітапхана штаты 2
Білімі: жоғары.
Еңбек өтілі: 29
Аталмыш мектептегі еңбек өтілі: 8 жыл
Еңбек ақысын төлеу разряды : G-8
Біліктілігін жетілдіру курстары:
р/с |
Тақырыбы |
Өткен жылы |
Өткен жері |
1 |
«Білім беру мекемелері кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру.Кітапханалардың ақпараттық-кітапханалық қызметін автоматтандыру» |
2011 |
Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана |
2 |
Тұлғаны әлеуметтендіру негізі ретінде бастауыш мектептегі рухани-адамгершілік тәрбие беруді дамыту |
2012 |
Республикалық білім жетілдіру институты |
3 |
«Современные методы работы школьной библиотеки» |
2016 |
«Назарбаев Зияткерлік Мектептері» дербес білім беру ұйымы |
Кітапханашы : Молдағалиев Ерхан Болатұлы
Білімі: жоғары.
Еңбек өтілі:3
Аталмыш мектептегі еңбек өтілі: 1жыл
Еңбек ақысын төлеу разряды : G-8
Біліктілігін жетілдіру курстары:
КІТАПХАНАНЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ
Сағат: 8.00- 17.00
Түскі үзіліс: 13.00-14.00
НОРМАТИВТІ ҚҰЖАТТАР
Кітапханашының лауазымдық міндеті - бар
Кітапхананы пайдалану ережесі - бар
Кітапхана жұмысының жылдық жоспары- бар
Кітапхана жұмысы туралы жылдық жұмыс есебі– бар
5. КІТАПХАНАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР
- Кітапхананың кітап қоры туралы есеп кітапшасы – бар
- Мүлік /инвентар/ кітабы- бар
- Мүлік кітабына енбейтін 48 бетке дейінгі кітаптар мен кітапшаларды есепке алу дәптері – бар
- Дискілерді тіркеу журналы
- Кітапханаға түскен әдеби кітаптардың құжаттарын тіркеу папкасы – бар
- Кітаптарды есептен шығару актлерін тіркеу папкасы – бар
- Кітап қорын тексеру актсін тіркеу папкасы – бар
- Кітапхананың жұмыс күнделігі – бар
- Оқулықтар сұраныстарын тіркеу папкасы – бар
- Оқулықтардың есеп кітапшасы, картатекасы- бар
- Кітапханаға түскен оқулықтардың құжаттарын тіркеу папкасы – бар
- Оқулықтарды беру туралы сыныптарға арналған дәптер – бар
Кітапхана туралы мәлімет
2017-2018 оқу жылына кітапхана жұмысының мақсаты.
ХХІ ғасырдағы мектеп кітапханасының миссиясы білім алушылардың ақпараттық мәдени тұлғасын, білім алу құқығы, еркіндік, бақыт, әлеуметтік қорғау, дұрыс қарым-қатынас тәрбиесін қалыптастыру болып табылады. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», – деп Абай атамыз айтпақшы барлық адам баласы үшін кітап – рухани азық. Осы рухани азығымызды жетілдіруде, кітапхананың барлық қауымға тигізері мол.Баланың дүниетанымы мен мінез-құлқының адамгершілік нормаларын қалыптастыруға кітап зор үлес қосады. Мектептің маңызды бөлімі ретінде мектеп кітапханасы негізгі мақсаты – рухани бай, дені сау, адамгершілігі мол оқушыны қалыптастыру үшін, жоғары рухани-адамгершілік және азаматтық сана-сезімін, шығармашылық қабілеті дамыған, салауатты өмір салты дағдысы, оқу және ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу дағдысы тұрақты, сонымен қатар, нәтижелі оқу-тәрбие процессін қолдау үшін жағдай жасау.
2017-2018 оқу жылына кітапхана жұмысының негізгі міндеті.
1. Эмоционалды, адамгершілік, ақыл ойды дамытуға жағдай жасай отырып, жан-жақты тұлғаны дамытуға барлық әдіс-тәслдерді қолдану.
2. Педагогтер мен оқушылардың өз бетімен білімдерін көтеруді ақпараттық- кітапхана арқылы және оқу – тәрбиелеу барысы арқылы қамту.
3. Оқушыларды оқу мәдениетіне үйрету, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, кітапхананы пайдалана алуға үйрету. Оқушылардың оқу бағдарламасын табысты меңгеруге, танымдық қабілеттерін, шығармашылық ойлауын дамыту үшін жүйелі түрде әдебиеттерді оқуға талпындыру.
4. Оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
5. Электрондық білім беру ресурстарын пайдалану.
6. Қазақстанның тарихи даталарын білу және патриоттық тәрбие беру.
7. Мұғалімдердің педагогикалық, әдістемелік шеберліктерін көтеруді педагогикалық әдебиеттерді насихаттау арқылы әсер ету.
8. Оқырмандарға сапалы қызмет көрсету үшін дәстүрлі және жаңа кітапханалық технологияларды меңгеруді іске асыру.
9. Әлемдік және отандық мәдениеттердің байлығын оқушыларға таныстыру.
10. Мектеп ұжымына, кітапханаға, отбасына байланысты , ата-аналарды педагогикалық тұрғыдан ақпараттандыру.
Мектеп кітапханасының негізгі функциялары
1. Ақпараттық – ақпараттардың берілу түрі мен форматын, берілу түріне қарай пайдалану мүмкіндіктерін беру.
2. Тәрбиелік – мектепке, туған жерге және мемлекетке деген қарым-қатынасына байланысты патриоттық сезімдерін дамытуға әсер ету.
3. Мәдениеттік – оқушылардың эмоцоналдық күйлерін дамыту, әлеуметтік танымдарын және мәдениеттік тәрбиелеу, іс-шараларды ұйымдастыру.
4. Білім беру – білім беру бағдарламасындағы пәндер бойынша және мектепті дамыту міндеттерін қалыптастыру, білім беру мақсаттарын қамту және қолдау.
Кітапхана қоры
|
|
||
2015-2016 |
2016-2017 |
2017-2018 |
|
Жалпы кітап қоры |
25708 |
27703 |
34612 |
Оқулықтар қоры |
19310 |
19597 |
26126 |
Көркем әдебиет қоры |
6398 |
8224 |
8486 |
Электронды оқулықтар |
708 |
1335 |
2137 |
Ғылыми әдістемелік оқулықтар |
679 |
727 |
780 |
· Кітап қорының орналасуы – ҚБЖҚ үлгісі бойынша
· Оқулықтар қоры бөлек сақтау қорында сыныптар бойынша орналастырылған
КІТАП ҚОРЫН ТОЛЫҚТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ КӨЗДЕРІ
· Тапсырыс беру арқылы
· Кітаптарды қордан есеттеп шығару себептері – мазмұны жағынан ескіруіне, қайта басып шығарылуына, бір жылдық пайдалануына байланысты, тозығы жеткен
КІТАПХАНАНЫҢ АНЫҚТАМАЛЫҚ – БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ АҚПАРАТЫ
· Алфавиттік каталог – бар
· Жүйелі каталог- бар
· Жүйелі картатека – бар
Электронды кітапхана
Электронды кітапхананың мақсаты - мектеп кітапханасы жүйелі ұйымдастырған, қызмет көрсететін және қолдайтын электронды қатынасатын электронды нысандағы әр алуан ресурстар. Жалпы автоматтандыру жұмысының негізгі мақсаты – кітапханаға келген оқырман талабын, сұранысын сапалы қанағаттандыру барысында қызмет көрсету дәрежесін көтеру. Кітапханада 8 компьютер мектепшілік жергілікті желісіне, әлемдік ақпараттық кеңістікке Интернет желісіне қосылған. Интернетке қосылу модем арқылы іске асырылды. Бұл арқылы кітапханалық қызмет көрсетудің саны мен сапасы жоғарлады, ізденістерді тездетуге жеңілдік туғызып отыр. Электрондық пошта арқылы да республика, қала кітапханалармен байланысқа шығып, олардан келіп түскен сұраныстарға, хаттарға электронды түрде жауап жіберіп отырамыз. Көркем-әдеби қорының электронды каталогы, мерзімді басылымдар картотекасы «MARC-SQ» автоматтандырылған бағдарламасымен жүргізіле бастады.
§ Кітапхананың кітап қорындағы кітаптардың, оқулықтардың электронды каталогын құру;
§ Газет-журналдар электронды картотекасын құру;
§ Әр кітаптың библиографиялық сипаттамасын жазып, дәстүрлі карточка түрінде басып шығару;
Көпшілік іс-шаралар
Уақыт талабына байланысты кітапхана ісіне, қоғамдық кітап пен ақпарат хабарларға деген өскелең талаптарға сай кітапхана өз жұмысын атқаруда.
Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихи мен өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрін аялай, ардақтай білуде тәрбиелеу кітаптың еншісінде.
Мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен, атқарар қызметі үлкен. Кітапханаға оқушылар келіп,қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады,білімдерін толықтырады. Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді.
Өткізіліп жатқан іс-шаралар,кітап көрмелері баршылық, ал біздің мақсатымыз- оларды тек бір атқарылды деген белгі үшін емес, жалпы оқырмандар сусындайтындай, ой-пікір туғызатындай етіп өткізу. Кітапхананы шынайы мәдениет ошағына айналдыру.
Бүгінде балаларға арналған көркем әдебиеттермен мектеп кітапханасының қоры одан әрі де жиі толықтырылып отырса деген үміттеміз.
Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек.
Міне осы кітап оқудың пайдасын өмірде пайдалану үшін, біздің мектепте былтырғы оқу жылынан бастап «Әдебиеттік оқу» сағаттары өткізілуде.Былтырғы 2015-2016 оқу жылында аптасына бір реттен оқылса,биылғы оқу жылынан бастап аптасына екі рет «Әдебиеттік оқу» ұйымдастырылды.Биылғы кітапханаға келушілер саны 6807 оқырман,кітап алу -18215–ке жетті.2015-16 оқу жылының салыстырсақ келушілер саны -281,ал кітап алу- 3253 өскен. Биылғы оқу жылында 10-11 сынып оқушыларының мектеп кітапханасына келіп өздеріне қажетті әдебиеттер мен оқу құралдарына сұраныс жоғарлады.
Кітапханада көптеген іс-шаралар өткізіліп , көрмелер ұйымдастырылады. Мысалы «Тәуелсіз байтақ елім - Қазақстаным», «Оттты жылдардың өшпес шежіресі», «Кітапхан- рухани қазына», «2017жылғы даталы күндерге арналған көрме сағаты ұйымдастырылды.Төлеген Айбергеновтың 80 жылдығына орай «Сендер менің бақытымның бұлағы» атты әдеби кеш, «Интернет орнына кітап» атты интелектуалды ойын, «Bookcrossing» кітап алмасу мағынасын білдіреді шаралары ұйымдастырылды. Сонымен қатар «25 кітап » жобасы желтоқсан айынан бастап жолға қойылды. Осы жоба аясында 2 оқушы «кітап оқу» жобасының жүлдегері болды.
Биылғы оқу жылында негізінен «Әлем балалар әдебиетінің інжу-маржандары жасөспірімдерге арналған шығармалар» сериасындағы кітаптар, «Қазақ балалар әдебиетінің классикалық үлгілері» сериясындағы кітаптар, «Атамұра кітапханасы» сериясындағы кітаптар.Бастауыш сынып балаларына арналған кітаптар оқылымда болды.
«Менің сүйікті кітабым» атты фотоконкурс ұйымдастырылып марапатталды.Бірақ көп балалар оқулық пен көркем әдебиетті ажырата алмаған.
« Әдебиеттік оқу» сағатында 2 «А,Б,В», 3 «Ә,Б,В», 4 «Ә,Б»,5 «Г»,7 «А», 10 сыныптары кітаптарын жиі ауыстырып отырады.4 «Ә»,5«А,В,Г»,10,11 сыныптың оқушылары бос уақыттарында кітапханаға келіп басқа да энциклопедиаларды,қосымша материалдарды көп ізденеді. Сонымен қатар 1 «В» оқушылары да кітап алады.Біздің кітапханамызда оқушыларға арналған арнайы басылымның(журналдар) жеті түрі бар,бірақ оны оқушылар өте сирек оқиды немесе оқымайды.Сол себепті де осы республикалық басылымдарға балалардың жариялануы өте сирек. Былтырғы оқу жылында «Ертегілер елінде» журналында Мұхамедина Азалияның ертегісі жарияланды және «Жұлдыздар отбасы» журналына Абдрахманова Дильназдың,Әбілдина Әмина «Қостанай таңы» 8 «б» сынып,өлеңдері мен мақалалары жарық көрді.
Мектебіміздің кітапханасы құрал-жабдықтармен жақсы жабдықталған,іс-шаралар өткізгенде барлық техникалық құралдарды пайдалана аламыз.