Жаңалықтар
Мектебіміздің «Киелі сан» командасы қала, облыс көлемінде өнер көрсетіп жақсы көрсеткіш көрсетіп жүр! 17 мамырда Қостанай қаласында өткен КТК-да оқушылар өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Мұратбаев Нұржан, Тоққожаев Жамбыл және Рахимова Марияш Алматы қаласы, Қапшағай сауықтыру орталығына жолдама алды. Оқушыларымыз маусым айының 6-22 аралығында демалыс орындарына барып, жақсы демалып қайтатыны сөзсіз!
27.04.18 күні Балалар жане Жасөспірімдер сарайында 3 сынып окушылары арасында өткізілген "21 ғасыр көшбасшысы" атты қалалық сайыста жулделі 1 ОРЫНҒА ие болған Жас Қыран балалар ұйымын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!
Өскемен қаласында 25-27 сәуір аралығында өткізілген Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен республикалық олимпиадаға мектебіміздің 11 сынып оқушысы Бұхарбаев Ерсұлтан қатысып, жүлделі ІІІ ОРЫНҒА ие болды. Жетекшісі: Байкенова Ғалия Қайырбекқызы.
Семей қаласында өткен «Дарынды ұстазға – талантты оқушылар» ХІІ Республикалық байқауында Қостанай облысының намысын қорғаған біздің мектептің оқушылары жүлделі ІІ орынды иеленді! Құттықтаймыз!!!
Көкшетау қаласында «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде әйгілі ақын, композитор Ақан Серінің 175 жылдығына орай «Ұлттық өнердің өткен кезеңі мен заманауи болашағы» атты республикалық ғылыми жұмыстар байқауы нәтижесінде біздің мектептің оқушылары 100% нәтижені көрсетті.
2018 жылдың 28-ші сәуірінде Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен WRO 2018 Облыстық іріктеу робототехника сайысы өткізілді. Олимпиада негізгі 3 категорияны (негізгі, роботтар футболы және ашық) құрады, сонымен қатар «Шагающие сумо» және «Кегельринг-квадро» категориялары бойынша жарыс өтті. Олимпиада нәтижесі бойынша «Ашық категориядан» І орынды Муменов Алишер иеленді. Алдағы уақытта өтетін WRO 2018 Республикалық олимпиадасына жолдама алды. Алишерге Республикалық олимпиадада тек жеңіс тілейміз!