Жаңалықтар
Облыстық сайыс "Мың бала" өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілде Астана қаласыныңы 20 жылдығына орай ұйымдастырылды.
2017-2018 оқу жылын қорытындылау «Горняк» ойын-сауық мәдениет орталығында өткізілді. Үздік оқушылар мен үздік мұғалімдер марапатталды.
Мектебіміздің «Киелі сан» командасы қала, облыс көлемінде өнер көрсетіп жақсы көрсеткіш көрсетіп жүр! 17 мамырда Қостанай қаласында өткен КТК-да оқушылар өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп, Мұратбаев Нұржан, Тоққожаев Жамбыл және Рахимова Марияш Алматы қаласы, Қапшағай сауықтыру орталығына жолдама алды. Оқушыларымыз маусым айының 6-22 аралығында демалыс орындарына барып, жақсы демалып қайтатыны сөзсіз!
27.04.18 күні Балалар жане Жасөспірімдер сарайында 3 сынып окушылары арасында өткізілген "21 ғасыр көшбасшысы" атты қалалық сайыста жулделі 1 ОРЫНҒА ие болған Жас Қыран балалар ұйымын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!
Өскемен қаласында 25-27 сәуір аралығында өткізілген Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен республикалық олимпиадаға мектебіміздің 11 сынып оқушысы Бұхарбаев Ерсұлтан қатысып, жүлделі ІІІ ОРЫНҒА ие болды. Жетекшісі: Байкенова Ғалия Қайырбекқызы.

















