Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

17.10.18 күні мектебімізде алғаш рет РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ШАҚШАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕКТІҢ 325 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «БОЛАШАҚ САРБАЗДАР!» АЙМАҚТЫҚ ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ ойыны өткізілді.

 

Бұл ойынға:


№28 Құсмұрын орта мектебі "28 Панфилов"

 

И.Сьянов атындағы Әулиекөл орта мектебі "Жас сарбаздар"


№2 Қашар орта мектебі "Алаш"


№13 орта мектеп "Барлаушылар"


Д.Карбышев атындағы №14 орта мектебі "Жас сарбаз"


№15 орта мектеп "Айбын"


№19 орта мектеп "Айбын"


№7 мектеп-гимназиясы қатысты. "Болашақ сарбаздар"


Әр мектептен 10 оқушы, 1 жетекшіден құралған командалар 8 бекеттен құралған тапсырмаларды орындау арқылы сайысқа түсті.


Ойын төмендегідей этаптардан тұрды:


1."Сап түзеу"


2. "Барлаушылар"


3. "Біз - жас жауынгерміз!"


4. Қыл көпір


5. Алғашқы көмек көрсету


6. "Төтенше жағдайлардағы алғашқы көмек"


7. "Окопқа тура түсір"


8. "Әскери істің пайдасы үшін".


Бұл іс-шараға «Ардагерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы: гвардия подполковнигі Мұхамеджанов Мұрат Нұрахметович . «Ардагерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы бойынша төрағасы: Кушикбаев Жұмақан Қонырбаевич.


Қалалық білім бөлімінің Алғашқы Әскери Дайындық бойынша әдіскері: Усенов Нейль Серикбаевич.


Рудный қаласы әкімдігінің Қорғаныс Департаментінің инспекторы: Мадияр Алдиярұлы арнайы қонақ ретінде қатысып, іс-шараның өткізілуіне куә болып, өздерінің алғыстарын білдірді.


Осындай ауқымды іс-шараның жоғары деңгейде өткізілуі мектебіміздің директоры Бірманова Қымбат Исланбекқызының арқасы.


Қорытынды бойынша №19 орта мектебі 1 орынды иеленіп, аймақтық ойынның кубогын жеңіп алды.