Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

2025 жылдың 30 қазанында мектебімізде «Мектептерге арналған PISA» зерттеуі тақырыбында мұғалімдерге арналған тренинг (коучинг) ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – мұғалімдердің халықаралық зерттеулер талаптарына сай оқушылардың оқу сауаттылығын, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға бағытталған әдістемелік құзыреттілігін арттыру болды.

Күн тәртібінде:

Миға шабуыл ретінде А.Ж.Исаева ЖИ құралдарымен бөлісті.

«Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық PISA бағдарламасы» тақырыбында “Озық тәжірибе мектебі” жетекшісі Г.Т. Дальдембаева баяндама жасады.
Практикалық кезеңде:

«Пиза халықаралық зерттеу тапсырмаларын сабақта қолдану тиімділігі» – Е.С. Қалиев;

«PISA тапсырмалары негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» – А.С. Батталова;

«PISA форматындағы оқу сауаттылығы: түсіну, талдау және интерпретациялау дағдылары» – Н.А. Жүзтаева өз тәжірибелерімен бөлісті.

Коучинг барысында мұғалімдер PISA форматындағы тапсырмалардың ерекшеліктерімен танысып, математика, жаратылыстану оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған практикалық жұмыстар орындады. Қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, зерттеу форматындағы тапсырмаларды сабақ үдерісінде қолданудың тиімді тәсілдерін талқылады.

Іс-шара нәтижесінде мұғалімдердің оқу сауаттылығын дамытудағы әдістемелік шеберлігі артып, халықаралық зерттеу талаптарын тәжірибеде қолдану бойынша жаңа идеялармен толықты.