Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

2025 жылдың 6 қарашада Рудный қалсындағы «Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясында» "Гемификация элементтері арқылы білім алушылардың белсенділігін арттыру» тақырыбына тарих пәні мұғалімдеріне арналған қалалық сееминар өтті.

Қалалық семинардың негізгі мақсаты – білім беру процесіне геймификация (ойын элементтерін) енгізу арқылы оқушылардың оқуға деген ынтасы мен белсенділігін арттырудың тиімді жолдарын көрсету.

Семинар теориялық бөлімнен басталды. Кайдарбекова Алтынай Мұхамеджанқызы геймификация дегеніміз не? Оқу процесіндегі маңызы және артықшылықтары туралы атып сабақ барысында қолданатын ойын элементтерімен таныстырды. Гемификацияның негізгі элементтері: ұпайлар, төсбелгілер (бейдждер), рейтингтер, деңгейлер, сыйақылар, оқиға желісі туралы айтты.

Семинардың практикалық бөлімінде тарих пәні мұғалімдері Ғиса Жанбота Есентайұлы 9 сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «1965-1985 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбына, Нұрғожина Айтолқын Саматқызы 5 сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті» ашық сабақтар өткізіп, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың тәжірибелік бөлімінде мұғалімдер арасында «Тарихшылар додасы» атты логикалық сұрақтардан құралған зияткерлік ойын өткізді. Семинар барысында ұйымдастырылған ойын мұғалімдердің өздерінің оқушылар рөліне еніп, геймификацияланған оқу ортасының әсерін сезінуіне мүмкіндік берді.

Семинардың нәтижесінде Рудный қаласының білім беру ұйымдарының мұғалімдері геймификацияны оқу үдерісіне енгізу бойынша жаңа идеялар мен нақты әдістерді алып, оларды өз жұмыстарында қолдануға ынталанған кетті. Бұл – қазіргі заманғы білім беру талаптарына сай, оқушының танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам.