Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

18 сәуір күні «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» республикалық жобасының шеңберіндегі «Қолдаудан - даму жолына» атты облыстық семинары өткізілді.Семинар нысаналы мектеп мұғалімдеріне әдістемелік және тәжірибелік қолдау көрсету арқылы олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, ынталандыру және үздіксіз дамуына жағдай жасау. Жаңа тиімді оқыту әдістерімен таныстыру және тәжірибеде қолдануға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды. Жұмыс барысында «Фурманов жалпы білім беретін мектебі» және «Алихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ пән мұғалімдері Тірек мекбінің оқушыларымен ашық сабақтарын өткізді. Семинарға Қостанай білім басқармасының әдіскері, басшылары Ғайнеш Көшекқызы. Гүлнар Маратқызы қатысып, жылдық жұмыстың нәтижелеріне тоқталып өтті. Алдағы уақытта да Тірек мектеп пен нысаналы мектептер арасында жоспарланған жұмыс барыстары өз жалғасын табады.