Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

30 қыркүйек күнгі әдістемелік кеңесте пән мұғалімдеріміз өздеріңіз авторлық бағдарламасымен таныстырып, тәжірибе бөлісті. Ағылшыны тілі пәнінің мұғалімі, педагог - модератор Сүлеймен Берікбайұлы Кеулхосов өзінің жаңа жобасын таныстырды - «Teen’s Life». Бұл бағдарлама жасөспірімдерге ағылшын тілін үйретуді қызықты әрі өмірмен байланысты етуге арналған. Бағдарламаның басты ерекшелігі - тақырыптардың барлығы жасөспірімдердің күнделікті өміріне жақын: мектеп, достық, эмоциялар, K - pop, аниме, ойындар, саяхат, еріктілік, психикалық денсаулық. Курс 34 сабақтан тұрады және оқушыларға ағылшын тілінде:

• еркін сөйлесуге;

• заманауи тақырыптарды талқылауға;

• сыни ойлауға және пікір білдіруге мүмкіндік береді.Бұл тек тіл үйрету емес, сонымен қатар тұлғалық даму жолындағы маңызды қадам.

Бастауыш сынып мұғалімі Шылтиева Әлия Атымтайқызы "Тарихқа толы менің өлкем" авторлық тақырыбының мақсаты оқушыларды туған жердің тарихымен,табиғатымен,мәдениетімен таныстыру.Курстың мазмұны: менің өлкенің өткені мен бүгіні,тарихи орындар мен ескерткіштер, өлке табиғаты мен барлығы,өлке тұлғалары. Күтілетін нәтиже:оқушылар туған жерінің тарихын біледі,өлкенің мәдениеті мен құндылықтарын бағалауға үйретуге бағыттайды.

Бастауыш сынып мұғалімдері Нурмакова Айымкүл Асбергенқызы, Темірбекова Күлпаш Сейтмағамбетқызы 3 - ші сыныпқа әдебиеттік оқу қазақ тілі, математика және дүниетану пәндерінен вариативтік компоненті бойынша кіріктірілген қосымша білім беру бағдарламасы бастауыш сынып оқушылырының жас ерекшеліктерін ескере отырып, негізгі пәндер мазмұнын кіріктіру арқылы білім сапасын арттыруға бағытталған.Қазіргі білім беру жүйесінде пәнаралық байланысты күшейту оқушының дүниетанымын кеңейтуге, алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдануына мүмкіндік береді.Бұл бағдарлама оқу үдересін біртұтас қабылдауға, баланың шығармашылық және функционалдық сауаттылығын дамытуға негіз болады. Әріптестерімізге қалалық, облыстық сараптамалық кеңестен өтулеріңізге сәттілік тілейміз!