Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

05 қаңтар күні қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мұғалім сымбаты» байқауы мектебімізде өткізілді. Байқауға серіктес мектептер арасынан 8 жас маман қатысты. Қатысқан мектептердің жас мамандары берілген ережеге сай жан- жақты дайындалған және өз деңгейлерінде кәсіби шеберліктерін көрсетуге атсалысты. Байқау нәтижесі бойынша 1 – жүлделі орынды «Рудный қаласы білім бөлімінің №13 жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гайсина Айгуль Асхатовна, 2-жүлделі орынды "Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Исламбек Ақмаржан Маратқызы, 3 – жүлделі орынды «Рудный қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің» көркем еңбек пәнінің мұғалімі Кадиргалиев Ерболат Кудабаевич және «Рудный қаласы білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің» биология пәнінің мұғалімі Молдашева Мәрия Нұрқанатқызы марапатталды және қалалық білім бөлімі кәсіподақ ұйымының арнайы сыйақысы табысталды. Сонымен қатар барлық қатысушылар байқауда көрсеткен ерекшеліктеріне сай номинациялармен марапатталды.