Мектебімізде серіктес мектептер арасында «Мұғалім сымбаты» атты қалалық сайысы өткізілді. Бұл сайыста қаламыздың 11 жас маманы 3 кезең бойынша бақ сынасты.
Сайыс атап өткендей 3 кезеңнен тұрды:
1 - кезең. Таныстыру. 2 - кезең «Менің қиялымдағы мұғалім сымбаты» 3 - кезең «Педагогикалық жағдаяттарды шешу»
Әр кезеңде қатысушылар өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп, педагогикалық жағдаяттарды шешу кезеңінде, өздерінің білімді, білікті маман екенін көрсете алды.
Сайыстың қорытындысы бойынша:
1 - орын. Жалдыбаева Гульфира Шарапбековна - Бейімбет Майлин атындағы 7 мектеп - гимназиясының биология пәні мұғалімі
2 - орын. Сапаргалиева Айгерим Абылаевна - Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі
3 - орын. Ікрам Абзал Пазылханұлы - Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің құқық пәнінің мұғалімі
https://rudnymektep7.edu.kz/kz/zhanaly-tar/483-m-alim-symbaty.html#sigFreeId95f1fb0531