«Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқан кезде оның мұғалімдігі де жойылады». «Өрлеу»біліктілікті арттыру институты ұйымдастырған семинарда Оқу сауаттылығы бойынша оқу тапсырмаларын әзірлеу Блум таксономиясы деңгейлері негізінде мәтінмен жұмыстары мен оқу мақсатына негізделген нәтижелі оқу тапсырмаларын белсенді қолдану т.б. мәселелер аясында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ибраева Нұргүл Қуантайқызы өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Пән мұғалімдері оқу тапсырмаларын әзірлеп,өзара тәжірибелерін ортаға салды. Мұғалімнің кәсіби кұзыреттілігін арттыратын тәжірибе алаңы тиімді болды.