Білім сапасы – мұғалімдер қызметінің сапасы. Ал осы сапаға қол жеткізу үшін біліктілікті жетілдіру үдерісінің маңызы зор. Біліктілікті арттыру – мұғалімнің өз қызметін нәтижелі атқаруы үшін және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында арнайы оқу бағдарламалары арқылы оқыту, кәсіби даму іс-шараларына қатыстыру және өз білімін көтеруі болып табылады. Осы бағытта «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қостанай облысы филиалы 02 қараша мен 10 қараша аралығында директордың әдістеме жөніндегі орынбасары Г.Т. Жұмабаева «10-11 сыныптарда «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша педагогтердің базалық және пәндік құзыреттіліктерін дамыту» педагогтерінің біліктілігін арттыру курсында дәріс өткізді. Курс тыңдаушылары тақырып төңірегінде кәсіби даярлығын арттырып қана қоймай, ізденіс оны жүзеге асыруда тиісті бағыттар белгіленген бірлескен әрекеттердің жемісі деуге болады. Ынтымақтастық жұмыс барысын жүзеге асыруда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы қоғамының педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Ғалия Сапарбекқызына алғысымызды білдіреміз.
https://rudnymektep7.edu.kz/kz/zhanaly-tar/480-rleu-biliktilikti-arttyru-ltty-ortaly-y-a-filialy-o-amymen-yntyma-tasty-zh-mys-zhal-asuda.html#sigFreeIdd2584a8f1f