«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ филиалы Қостанай облысы кәсіби даму институты 09 қараша күні Рудный қаласында облысымыздың ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне “ Оқушыларды ағылшын тілі пәні бойынша ББЖМ-ға дайындау” тақырыбында оқу семинарын ұйымдастырды. Оқу сауаттылығы бойынша оқу тапсырмаларын әзірлеу мақсатында өткізілген
шебер-сыныпта оқушылардың ағылшын тіліндегі мәтіндер мен тапсырмаларды қалай дұрыс орындау керектігін, қандай жұмысты жеңілдетеін әдіс-тәсілдерді қолдану және т.б. мәселелер аясында мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімдері Омаргалиев Айдархан Мухамедкарымович және Кеулхосов Сулеймен Берикбаевич өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Пән мұғалімдері оқу тапсырмаларын әзірлеп,өзара тәжірибелерін ортаға салды. Мұғалімнің кәсіби кұзыреттілігін арттыратын тәжірибе алаңы тиімді болды. Қолданылған әдістердің ішінде сөздердің этимология бойынша аудару, сөз тіркестерімен жұмыс, сөз тіркестері негізінде мәтін құрастыру, негізгі ойдың төңірегінде дұрыс жауаптарды ізденуге үйрену, жалпы логикалық ойлауды дамыту арқылы мәтінді кеңірек түсінуге және аударуға үйрену жолдары бойынша тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетті.
https://rudnymektep7.edu.kz/kz/zhanaly-tar/478-rleu-biliktilikti-arttyru-ltty-ortaly-y.html#sigFreeIdbec319149d