Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

Желтоқсан.

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасының 2024-2025 оқу жылындағы жылдық тәрбие жоспарына сай, Рудный қаласының “Ардагерлер” ұйымы мүшелерінің қатысуымен "Салт-дәстүрлерді білесіз бе?" тақырыбында танымдық кеш өткізілді. Оқушылар атадан балаға беріліп келе жатқан, ұлтымыздың байырғы салт-дәстүрлерін еске түсірді. Танымдық ойындар арқылы тапсырмаларды орындап, әр түрлі сыйлықтар иеленді.
https://www.instagram.com/p/DDdxAnPNL0M/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында «Жетістігімді еліме арнаймын»
спорттық челленджі өткізілді. Челленджге мектебімідің бетке ұстар, республикалық, халықаралық спорттық ойындардың жеңімпаздары видео түсіріп, «Жетістігімді еліме арнаймынә ұранымен жетістіктері, мақтау қағаздарын, медаль-төс белгілерін ортаға салды.
Мақсаты: Оқушыларға жетістік ұғымын түсіндіре отырып, өз жетістіктерін елі үшін қалай пайдалану керектігін ұғындыру. Оқушылардың өз елінің дамуына үлес қосу туралы ойлануына жағдай жасау.
https://www.instagram.com/p/DDm44oHA7j2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 
Биыл Жошы ұлысының іргетасы қаланғанына 800 жыл. Бұл қазақ мемлекеттілігінің тамыры тереңде жатқанын дәделдейтін айтулы оқиға. Мектебіміздің 6-7 сынып оқушыларына арналған "Жошы ұлысына 800 жыл" тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға Жошы ұлысының тарихымен таныстыру. Жошы өмірбаянын насихаттау, Жошының жасампаздық рухтағы ұлы жолын кейінгі ұрпаққа дәріптеу.
Сабақ барысында оқушылар Жошы ханның өмірі мен жорықтары, Жошы ханның өмірге келуі, кесенесі туралы түрлі мәліметтер алып, Алтын Орда мемлекетінің тарихына қатысты өз білімдерін ортаға салды.
Тәуелсіздік күні. “Ұстаз - Ата-ана - шәкірт” мәңгі бірге бірлікте! Тәуелсіздік қарсаңында ұйымдастырылған волейбол жарысы өткізілді. https://www.instagram.com/p/DDhux-ytPKl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 
«Тәуелсіздік – мәңгілік ел мұраты». Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы мағлұмат беру. Еліміздің тарихын, мемлекеттік рәміздерін, ұлттық құндылықтарын дәріптеу. Патриоттық рухты көтеру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Видеобайқаулар, интеллектуалды ойындар, бейнебаян көру, тарихи қойылымдар ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/DDhh8m5OHPD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 
«Жаңа жыл-2025» Жаңа жылдық мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 1-5 сыныптар үшін мектеп мұғалімдері «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында қойылым көрсетіп, әр түрлі ойынар ойнатып, сыйлықтар сыйлады. Кішкентай бүлдіршіндер Аяз Ата мен Ақшақардан сыйлықтар алып, жоғары көңіл-күймен қайтты. 6-7 сынып оқушылар үшін «Мерекелік кеш» ұйымдастырылды. Әр сынып өз өнерлерін көрестті. Мысалы, таныстыру, би, ән айтып, сайыс түрінде өткізілді. ЖҚатысқан сыныптарға мақтау қағаздары табысталды. 8-11 сынып оқушылары үшін «Жаңа жылдық балл-2025» атты мерекелік кеш өткізілді. Сынып оқушыларына арналған қызықты ойындар, тапсырмалар және би кешіне қатысты. Іс- шаралар ұйымдастыру және өткізу барысында оқушылар мен мұғалімдерге арнайы қауіпсіздік ережелерінің нұсқаулықтары берілді.
https://www.instagram.com/p/DEDJR2VgTUF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==