Қыркүйек. Білім күні. 01.09.2024 ж 10:00-де Білім күніне арналған "Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында мектептің барлық қауымдастығының қатысуымен 1, 11 сынып оқушылары үшін салтанатты шара өткізілді.
Жаңа оқу жылының салтанатты шарасындағы құттықтаулардан кейін жарқын болашақтың кішкентай бүлдіршіндері жалықпай білім іздейтіндіктерін білдіріп, өлең жолдарын арнады. Күмбірлете соғылған қоңырау үні оқушыларды, мектебіміздің ең кішкентай бүлдіршіндерін жаңа қадамға талпындырып, жаңа оқу жылының алғашқы сабағына шақырды!
Білім көзін ашатын, балдырған шәкірттеріміздің асыға күткен алтын ұя мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 сынып бүлдіршіндері бұл мерекенің көркін келтірді. Мектеп директоры 1 сыныпқа қабылданған бір топ шәкірттер қоңырау қағып, барша мектеп ұстаздарын білім күнімен құттықтады. Мектеп оқушыларымен 2 қыркүйек күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2-10 сыныптарында "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбында біріңғай тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сабақтары ҚР Мемлекеттік Әнұранымен, апта дәйексөздерімен басталды.
Мақсаты:
- Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
- Білімге деген құндылықты қалыптастыруға, өз Отаны үшін қажет және пайдалы болуға деген ұмтылысты арттыруға бағытталған сабақтарда оқушылар Отан, Туған жер туралы өлеңдерін оқып, видеороликтер тамашалады және тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды. «Отанға деген құрмет отбасынан бастау алады» тақырыбында ой бөлісті.
https://www.instagram.com/reel/C_XNDqwt6rx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/C_awh9eNXaZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Тілдер күні. 5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай мектебімізде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестіктерінің ұйымдастыруымен «Тіл-халық қазынасы» атты 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен іс -шара өтті.
Мақсаты: Оқушылар туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз ана тілін, туған жерін аялауға тәрбиелеу. Ана тілін сүюге, құрметтеуге баулу.
Қазақ тілі пәні мұғалімі Бірімжанова А.Н. жетекшілік етті.
https://www.instagram.com/p/C_hnijltHs8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Тоғызқұмалақ ойыны. Би-аға мектебінде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау шеңберінде тоғызқұмалақ ойын-жарысы өткізілді. Тоғызқұмалақ ойынын ойнауға ат салысқан оқушыларға және жеңімпаздарға марапттау және сыйлықтар табысталды. Барлық қатысушылар саны 18 оқушы. Үйірме жетекшісі Мнайдаров Р.С.
https://www.instagram.com/reel/C_uwBjTM3LY/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ата-аналар жиналысы. Мектебімізде "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" жоспарына сәйкес ата-аналардың болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында «Ата-ана – мектеп оқушы» атты 1-11 сыныптар арасында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында мектеп директоры күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырып, ата-аналарға "Біртұтас тәрбие бағдарламасының" жаңа оқу жылындағы мақсаты мен міндеттері туралы ақпарат беріп өтті.
Сонымен қатар, мектептің ішкі-тәртіп ережесі, мектеп формасы оқушылардың білім деңгейі мен тəртібі, құқық бұзушылық, буллинг, кибербуллинг, зорлық - зомбылықтың алдын алуға байланысты алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жүйесі туралы айтылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары балалардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін жаңа оқу жылында ашылып жатқан үйірмелерге шақырды.
Ата-аналар тарапынан, көкейтесті сауалдар қойылып, қанағаттанарлық жауаптарын алды
Жиналыс барысында мектептің ішкі-тәртіп ережесі, мектеп формасы, оқушылардың білімі мен тəртібі, сабаққа кешікпеуі, құқықбұзушылық, буллинг, кибербуллинг, зорлық - зомбылықтың алдын алуға байланысты толықтай түсіндірме жасады.
Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан көкейтесті сауалдар қойылып, қанағаттанарлық жауаптарын алып, бүгінгі өткізілген жиналысқа оң бағаларын беріп, әрдайым бірге жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.
https://www.instagram.com/reel/DAJB1Z2tou2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Денсаулық күні. 2024 жылдың 14 қыркүйегінде "Денсаулық-зор байлық" атты ұранмен дене шынықтыру пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен денсаулық фестивалі марафоны болып өтті. Фестивалді мектеп директоры, оқу ісі жөніндегі орынбасары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сөз сөйлеп ашты және оқушыларға сәттілік тіледі.
Мектептің әкімшілік мүшелері оқушылар мен ұстаздарды салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға, өмір бойы жақсы денсаулықпен ұзақ өмір сүріп, отбасы мен қоғамның белсенді мүшесі болуға көңіл бөлуге шақырды. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері оқушылар арасында түрлі ойындар мен жаттығулар өткізді. Денсаулық фестиваліне мектептің 5-11 сынып оқушылары қатысты.
https://www.instagram.com/reel/C_46h2TgT3R/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Отбасы күні. "Өзін-өзі басқару " ұйымының ұйымдастыруымен "Біртұтас тәрбие бағдарламасы " аясында, жоспарға сәйкес "Отбасы" күніне орай "ОТБАСЫ - ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ!" атты тақырыбында челлендж өткізілді. 1-8 сынып оқушылары фотоколлаж жасады, 9-11 сынып оқушылары ата-аналарына хат жазып, видео челлендждер түсірді.
Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орны ерекше екенді-гін түсіндіру.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, достық қарым – қатынасты қалыптастыру, отбасы мемлекетіміздің бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен ұжымдыққа тәрбиелеу. https://www.instagram.com/reel/DADhUDkAs8_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://rudnymektep7.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/is-sharalar/543-yrk-jek-ajy-esebi.html#sigFreeId199152ff3d