Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

Қараша.

Бейімбет Майлиннің туғанына -130жыл
Мектебімізде “Мектеп театры” жобасы аясында “САРЫАРҚАНЫҢ САҢЛАҒЫ-БИІК ТҰЛҒА БЕЙІМБЕТ” тақырыбында жазушы өмірбаянынан драмалық сахналық қойылым өткізіліп, оқушылар сахналық шеберліктерін көрсетіп, марапатталды.
https://www.instagram.com/reel/DCZs4a9AfUJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 
Сынып жетекшілер отырысы
Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында сынып жетекшілер жиналысы болып өтті.
Мектептегі құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмыс жоспары негізінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және топтық төбелестің, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында сынып жетекшілер, тәрбие орынбасары, педагог-психологтар және әлеуметтік педагог қызметкерлермен бірлескен отырыс болды. Мектеп директорының тәрбие орынбасары елімізде жүріп жатқан буллинг, кибербуллинг, ерте жүктіліктің алдын алу жұмыстары, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше екендігін атап өтті.
https://www.instagram.com/p/DB25bijNdJG/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 
"ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА - ТЕҢГЕ КҮНІ" тәрбие сағаты
15 қараша ұлттық валюта күніне орай "Ұлттық валюта-теңге күні" тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өтілді.
Мақсаты:
- Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгенің айналымға кіруі, авторлары жайлы мағұлмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Оқушылардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, еліміздің жеткен жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.
Оқушыларға ақшаның адам өміріндегі маңызы, ақшаның атқаратын қызметі, әр елде әртүрлі аталуы, ұлтық валюта-теңгенің пайда болуы, оның авторлары, ақшаны сақтау орны - банк, шешіп алатын орын - банкомат жайлы толық мәлімет берілді. https://www.instagram.com/p/DCPE03nNvSC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 

"БІРТҰТАС ТӘРБИЕ" бағдарламасы аясында «Ділмар» пікірсайыс клубы Бейімбет Майлиннің туғанына 130жыл толуына орай «BEYIMBET CUP» пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнирді ұйымдастырушы: үйірме жетекшісі Ғиса Ж.Е. Барлығы 25 оқушы қатысты. Сайыста "Үкімет" тобының және "Оппозиция" тобының спикерлері өз позицияларына сәйкес ойын көрсетті. Болашақ пікірсайыс қатысушылары көрермен ретінде де қатысты. Қорытынды бөлімінде 10А сынып оқушысы Мұзафарова Г «Үздік спикер» номинациясы бойынша марапатталды, ал, қарсы топтардың жеңңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды.
https://www.instagram.com/reel/DB-rEfQtpzZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 
"20 қараша – Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне" орай "Біз бірге зорлық - зомбылыққа қарсы тұрамыз" тақырыбында өткізілетін онкүндік жоспары аясында "Балаларды ренжітпеу, кемсітпеу" тақырыбында 5-6 сынып білім алушыларымен танымдық сағаты өткізілді.
Мақсаты:
-Оқушыларды бір-біріне құрметпен қарауға , ренжітпеуге, кемсітпеуге тәрбиелеу;
- Қатыгездік пен кемсітудің адам психологиясына әсерін түсіндіру;
- Өзара түсіністік пен достықты қалыптастыру, әлеуметтік ортада сабырлық пен адамгершілік қасиеттерін дамыту:
Танымдық сағаты барысында балаларды бір-біріне құрметпен қарауға, оқушыларға өзара қолдау көрсету, жақсылық пен мейірімділік екеуара тілектерін білдіріп, "Құрмет деген не?" немесе "Мен ренжіткен адамды қалай кешіруге болатынын ойлап көр" тақырыбында оқушылар эссе жазды.
https://www.instagram.com/reel/DCo4LlHscJl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== 
Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Бала құқықтары Конвенциясын қабылдағанына 35 жыл, ратификацияланғанына 30 жыл Дүниежүзілік балалар күні жарияланғанына 70жыл толуына орай құрылған іс-шаралар жоспарына сәйкес 20 қараша - Халықаралық балаларды қорғау күні «Бала құқығы - адам құқығы» атты онкүндік аясында "Балаларға қатыгездік көрсетуге жол бермеу, тәрбиенің зорлық - зомбылық әдістерін болдырмау" тақырыбында оқушыларға брошюра таратылды.
Мақсаты: «Балалар құқығы» туралы конвенциясының баптарын таныстыру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу.
Оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, кез-келген зорлық-зомбылықтан балалардың құқықтары заңмен қорғалатындығы айтылды, тақырыпқа сай презентация көрсетілді, жадынамалар таратылып түсіндірме жұмысы жүргізілді.
https://www.instagram.com/reel/DClnLv3AOxv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==