Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

07.11.2025 күні мектебімізде мұғалімдерге арналған «Жасанды интеллекттің мүмкіндіктері» тақырыбында практикалық семинар өтті. Семинар барысында ұстаздар ҚМЖ мен презентацияны автоматты түрде генерациялау, суреттер мен тапсырмалар дайындау және ЖИ репетиторын пайдалану жолдарымен танысты. Семинарды информатика пәні мұғалімдері Исаева А.Ж. мен Туракбаева Б.Б. өткізді. Жасанды интеллект - ұстаз еңбегін жеңілдетіп, сапалы білім беруге жол ашады!