«Классикалық және заманауи тәсілдерді біріктіру арқылы сабақты жаңғырту»
28 ақпан күні мектебімізде «Классикалық және заманауи тәсілдерді біріктіру арқылы сабақты жаңғырту» тақырыбында физика және математика мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: заманауи білім беру стандарттарына сәйкес келетін тиімді оқу ортасын құруға ықпал ететін әдістерді біріктіру. Семинар барысында физикадан ,,Қазақ тұрмысындағы физика:Дәстүр мен ғылым сабақтастығы" атты сыныптан тыс іс-шараларды 8 сынып оқушыларымен Г.Д.Курманова өткізсе, .8-9 сынып оқушыларымен У.Б. Латенова "Табиғаттан ғылымға: Ұлттық құндылықтар мен физиканың біртұтастығы" атты танымдық ойын өткізді. Сыныптан тыс іс-шараларда оқушылар ұлттық құндылықтар мен физиканың өзара байланысын шебер көрсете білді. Олар текемет басу, ұршық иіру, кілем тоқу және садақ ату сияқты дәстүрлі өнер түрлерін физикалық заңдылықтармен ұштастырып, ғылыми тұрғыдан талдады. Домбырада күй ойнау кезінде шектердің тербелісі ортекенің қозғалысын тудырды. Ол физиканың дыбыс толқындарын тудыру және тарату заңдылықтарына бағынады. Робототехника арқылы қыз қуу мен асық ату ойындарын симуляциялау кезінде физика заңдарыны ойын арқылы түсіндірілді. Танымдық ойын барысында оқушылар ұлттық мұраны тереңірек түсініп, физикалық құбылыстардың күнделікті өмірде қалай көрініс табатынын зерттеді.
https://rudnymektep7.edu.kz/kz/zhanaly-tar/550-klassikaly-zh-ne-zamanaui-t-silderdi-biriktiru-ar-yly-saba-ty-zha-yrtu.html#sigFreeId1086707c50