Заман көшіне сай әрдайым ілесіп отыру адамға таңсық дүние емес. Ал адам кез-келген саланың қозғаушы күші. Бүгінгі жаңа ғасырмен ілесіп білім мен ғылымның бағыт-бағдары да жаңашалана түсуде. Осы орайда осы істің мамандары, мұғалімдер де, үнемі ізденіс үстінде. Ондағы мақсат - білім беру сапасын арттыру. Бұл межеге жету бүгінгі күннің өзекті құралдары - цифрландыру арқылы жүзеге асатыны баршамызға мәлім. Себебі қазіргі балалардың қаруы - түрлі гаджеттер. Ал бала нені қажет деп санаса, сол қажеттілікпен жауап бере алған абзал.
Осы мақсатты көздеген Рудный қаласының Бейімбет Майлин атындағы 7 мектеп-гимназиясының мұғалімдері өзара семинар-тренинг өткізді. Семинар тақырыбы - «Білім беру сапасын арттыруда мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, IT құзыреттілігі». Тренинг барысын ұйымдастырушы Жұмабаева Г.Т. ең алдымен мұғалімдерді топқа бөліп, ұйымдастыру кезеңін өткізді. Ал келесі кезеңде ұстаздар қауымы 6 топқа бөлініп, өздеріне белгіленген тренер мұғалімдермен жұмыс жасады. Ұйымдастырушы топтағы мұғалімдер ( Тасанова Д.М., Батталова А.С., Жумагалиев Т.М., Жүзтаева Н.Ә., Алтынбекова А.Е., Наурызбекова С.Ә., Жалдыбаева Г.Ш.) өздеріне белгіленген әртүрлі тақырыпта білім сапасын арттыруда тиімді болып саналатын әдістерді саралады. Семинар барысында мектеп мұғалімдері бірнеше топтарға бөлініп, бағдарлама туралы ақпарат алып қана қоймай, оны іс жүзінде жүзеге асыру үшін нұсқаулықтармен танысып, ой бөлісіп, танымдық тапсырмалар орындады. Жалпы семинар барысы ұстаздар үшін қызықты, әрі өз әдістемелік қоржындарын кеңейте түсті. Нәтижесінде мектеп ұстаздары өздеріне қажетті, түртіп алар тұстарымен ой бөлісіп, тренингтен күткен нәтижесіне қол жеткізе алды. Демек бұл тренингтің оқытушы біліміне білік қоспаса, кемітер тұсы жоқтығын мұғалімдер қауымы атап өтті.
https://rudnymektep7.edu.kz/kz/zhanaly-tar/482-zaman-k-shine-saj-rdajym-ilesip-otyru-adam-a-ta-sy-d-nie-emes-al-adam-kez-kelgen-salany-oz-aushy-k-shi-b-gingi-zha-a-asyrmen-ilesip-bilim-men-ylymny-ba-yt-ba-dary-da-zha-ashalana-t-sude.html#sigFreeId664012bd76