Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

2023-2024 оқу жылында «Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің (бұдан әрі-ПҚ) жұмыс істеу қағидалары негізінде әрбір білім беру ұйымында психологиялық қызмет құрылуы және жұмыс істеуі тиіс делінген. Осы орайда 1-11 сынып оқушылар арасында жоспарға сәйкес тоқсанына бір рет кәмелетке толмағандармен диагностика жүргізу туралы» 14.08. 2023жылғы № 481 бұйрығына сәйкес психологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл сауалнамада оқушыларды психологиялық – педагогикалық сүйемелдеуде оқушы ерекшеліктерімен алаңдаушылықтарының нақты жағдайларға қалай жауап беретіндігі анықталады. Оқушы ерекшеліктері мен алаңдаушылықтарын анықтауға арналған сауалнамалар анонимді жүргізіледі. Сонымен қатар мектеп психологтары оқушылармен профилактикалық және дамытушылық жұмыстарын жүргізеді. Түзету жұмыстарын жеке жүргізу жағдайында ата-аналарының келісімімен жүзеге асырылады. Барлық сұрақтар бойынша мына телефондар бойынша хабарласыңыз:

8-775 986 03 70 педагог-психолог Искендирова Мирзагул Жанабергеновна (МАДС және 1-11 сыныптар)