Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

«Жас келсе іске...» дегендей, жас мамандардың кәсіби-тұлғалық дамуын жетілдіру мақсатында мектебімізді  «Жас мамандар  вернисажы» байқауы өткізілді. Байқауға 3 жылға дейін еңбек өтілі бар жас мамандар атсалысты. Байқау 2-кезеңнен,бірінші кезең  «Визит карточкасы» яғни,  әр жас маман  өзінің кәсіби жетілу тәжірибесінің көрінісін, қазіргі заманғы талаптарға сәйкес қолданатын білім беру технологияларын тиімді қолдану шеберліктерін көрсетті. Ал   2-кезеңде  педагогикалық жағдаяттарды оңтайлы шеше білу икемділіктері сыналды. Қатысушылардың әрқайсынан  ой тастарлық ерекшіліктері байқалды. Өз мамандығының ілгерлеуіне ықтимал жасап жүрген тәлімгерлерінің еңбектерін атап, алғыстарын білдірді.  Тәлімгер  жас маманның еңбек жолындағы өсуіне уәжін, бейімділігін, қызығушылықтарын, танымдық үдерістерін ғана емес, сонымен бірге «жас маман тәжірибесіндегі қиындықтар кедергілерді анықтап, қолдау көрсетуінің маңызы зор.

Байқау соңында екі кезеңнің нәтижесімен 1-орынға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н.Е. Қабсабыр иеленсе, , 2-орын химия пәнінің мұғалімі Ж. Құдайбергенқызы, 3-орын бастауыш сынып мұғалімі  А.К. Жолгасбаева және  дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.М. Исламбек жеңіп алды.

«Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», – деп ұлы педагог Ы. Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы. Жас мамандарымыздың  кәсіби өсуде бағындырар толағай табыстары мол болатынына сеніммен қараймыз.