04.01.2023 жылы мектебімізде «Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында қалалық шеберлік сыныбы өтті. Іс-шарада қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Байкенова Ғ.Қ. «Мәтін стилі: анықтау мен талдау, ерекшеліктерін ажырату жолдары» атты жұмысында мәтіннің стильдік ерекшелігін анықтау, мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау, Абуталипова А.Б. «Мәтін жанры: анықтау және талдау, ерекшеліктерін ажырату жолдары», Ибраева Н.Қ. «Мәтін мазмұнына талдау» тақырыптарында ақпаратты түсіну, мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу т.б. күрделі оқу мақсаттары бойынша оқу мен оқытудағы мәтінмен тиімді жұмыс түрлері, мәтін кезеңдерімен оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдер, оқылым стратегиялары, блум сұрақтарын құрастыру аясында тәжірибе алмасты. Шеберлік сыныптың тәжірибе бөлімінде қаланың қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері мәтінге блум таксономиясы бойынша сұрақтар құрастырып, іс-тәжірибелерін ортаға салды. Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі мен оқылымның күрделі оқу мақсаттарын меңгерту аясында өткен тәжірибе алмасуда «Оқу сауаттылығын бағалауда қандай дағдылар маңызды?», «Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту барысында қандай мәселелер туындайды?» кейс тапсырмалары арқылы кері байланыс орнатылды, қатысқан мұғалімдер өз ойлары мен тәжірибелерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді. Оқытудың ғылыми әдістемесі, кәсіби шеберлігі, озық тәжірибесі-мұғалім мамандығының мәртебесін арттырудың жолы.
https://rudnymektep7.edu.kz/kz/zhanaly-tar/456-o-ushylardy-funktsionaldy-o-u-sauattyly-yn-alyptastyru-ta-yrybynda-alaly-sheberlik-synyby-tti.html#sigFreeIdeec2c2a201