Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

«Қаржылық сауаттылық және бизнес негіздері: тәжірибе, мәселе және шешу жолдары» тақырыбында Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында диалог алаңы өткізілді. Әрдайым осындай өзекті тақырыптарды талқыға салып, мәселелер мен олардың шешу жолдарын ұсынып отырады.

Білім мекемелерінің басшылары, жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері, пән мұғалімдері кәсіпкерлер мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығын және кәсіпкерлік пен бизнес негіздерін қалыптастыру бойынша жұмыстарды жетілдіру мәселе төңірегінде қызу сұхбат жүрді. Диалог алаң барысындағы ұсыныстар пелагогикалық ұжымдар қызметінің негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.

Осындай іс-шараның өтуіне бастамашы болған, әрі мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға, тәжірибе бөлісуге сүбелі үлесін қосып жүрген институт басшысы М.В. Слесарьға, жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Ғ.С. Жусуповаға алғыс білдіреміз.