Қараша айының 13 – ші жұлдызында жерлес ақынымыз, әңгіме жанрының хас шебері Бейімбет Майлиннің туылғанына 126 жыл толуына орай мектеп – гимназиямыздың басшысы, филология ғылымдарының магистрі Бірманова Қымбат Исланбекқызы мен Бейімбеттанушы ғалым, профессор, филология ғылымдарының кандидаты, драматург, көсемсөзші – журналист Ақылбек Шаяхметов және Би ағаның немересі Сейітжанова Дәметер Әбілқасымқызының онлайн кездесуі өтті. Кездесуге мектеп – гимназияның білім алушылары тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, кездесу соңында білім алушылар өздерінің Би ағаға арнап шығарған жыр шумақтарын оқып берді. Кездесу барысында жазушы еңбегіндегі шоқтығы шоғыр – әңгімелерінің көп екенін аңғара отырып, Ақылбек ағаның шығармашылықтағы биіктік межесін байқадық. Онлайн өткен оралымды сұхбаттың әсері әрбір жас буын үшін есте болып қалары анық. Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, руханиятына үлкен үлес қосқан, өлмес туындыларымен өшпес із қалдырған «Үш бәйтеректің» бірі – Бейімбет Майлин біз секілді ұрпақтарының арқасында мәңгі жасай берері сөзсіз.