11.02.2020ж Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясына іскерлік іс-сапармен АҚ «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының басшысы Слесарь Марионелла Васильевна өзінің командалық тобымен мектебімізге ат басын бұрған болатын. Іскерлік жұмысы барысында мектеп басшысы Бірманова Қымбат Исланбекқызымен мемарандумға отырып, екі жақты келісімге қол қойылды. Сонымен қатар ҚР Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктіліті арттыру орталығы Акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» сайысының жеңімпаздары І орын жүлдегері Серікбай Ерік Ниязбекұлы, ІІ орын алған Көлбаева Тамаша Александрқызы, ІІІ орынды қанжығасына байлаған Жумабаева Алтын Ерікқыздарымен мектеп ұжымы арасында дөңгелек стол ұйымдастырылды. Сонымен қатар сайыс жеңімпаздары келген қонақтарға сайыс мазмұнына сай ұсынылған сабақтарын шеберлік сыныптар арқылы көрсетті.
https://rudnymektep7.edu.kz/kz/zhanaly-tar/397-pedagogikaly-ideyalar-panoramasy.html#sigFreeIde4ab8f3136