Республикалық «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласы 18-19 қараша айында Астана Хаб базасында «Eco Startup» республикалық экологиялық стартап жобалар байқауы болды. Республика бойынша 50 жұмыс қабылданып, олардың 20 жұмысы финалға жолдама берілді.
Байқаудың бірінші күнінде спикерлер сөз сөйлеп, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Жалпы байқау екі категориядан тұрды: идея мен жоба. Бірінші күні жобалар қорғалды. Екінші күні Арнасай жасыл технологиялар орталығына экскурсияға барды. Көптеген қолданысқа енген технологиялармен Татьяна Немцан таныстырды. Экскурсиядан кейін халықаралық жасыл технологиялар базасында «Startup бүгін – сенің ертеңгі болашағың» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Байқау нәтижесі бойынша 4 команда 50 мың теңге қөлемінде арнайы сыйлыққа ие болса, 2 команда бас жүлде 750 мың теңге көлемінде ұтысқа ие болды. Барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан естелік сыйлықтар мен кітаптар берілді. Біздің мектептің оқушылары «Тағы бір контейнер қос+» жобасымен ерекше көзге түсіп, «Идея» категориясы бойынша 50 мың теңге көлемінде арнайы сыйлыққа ие болды. Мектептің намысын қорғаған оқушылар:
9 «А» сынып оқушысы – Қуатова Дариға
8 «А» сынып оқушысы – Мықтыбаев Нурмухаммет.
Жеңістерің құтты болсын!
https://rudnymektep7.edu.kz/kz/zhanaly-tar/375-astana-khab-bazasynda-eco-startup-respublikaly-ekologiyaly-startap-zhobalar-baj-auy-boldy.html#sigFreeId3c63e1d8e8