Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

Елбасының жыл сайынғы халыққа жолдауында көрсетілген 100 нақты қадамындағы 11 саланы қамтитын «Ақылды қала» - жобасы аясында 2017 – жылы «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының» - құрылтайшысы Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның бастамасымен елімізде тұңғыш рет республикалық конкурс өткізілген болатын. Республикалық педагогтар мен оқушылар үшін «Қазіргі экологиялық білімді дамытудың инаватциялық тәсілі» - атты конкурсқа  республиканың барлық аумағынан 46 жұмыс ұсынылды. Оның ішінде 6 жұмыс үздік деп танылды.


Аталмыш жарыста Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Петропавль, Шахтинск, Рудный қаласы мен Ақмола облысының Аршалы ауданынан білім-білігі асқан өрендердің бақ сынасқан сайысында білімге, ғылымға сусаған қазақ жастары алдында дала қоңырауын қағып: оқу-білімге үндеген ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин ізін жалғаған ұстаздар ұясының бірі  – Рудный қаласындағы  «№7 мектеп-гимназиясы» КММ-сінің «Ақылды үй» - жобасы жүлделі орындарды еншілеп, өңір атағын асқақтатқандығы ел есінде...


Осы конкурсқа дейін мектебімізде экологиялық танымдық бағыттағы танытатын экологиялық орталық ашылған болатын. Республикалық сайыста жүлделі орынды иемденген білім ордамыздың оқушылары мен ұстаздарға жарыстың критериіне сәйкес ең жоғары ұпай жинаған проэктіні атап өтті. Қазіргі таңдағыэлектр энергияны үнемдеу, ылғалды өлшеу, сол бағыттағы шағын зертханалық аталмыш орталықтан бастау алған бейне сайыс нәтижесінде «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының» орынбасары Немцан Татяна Николаевна  мектебімізде орналасқан Экоша орталығының тыныс-тіршілігімен танысып арнайы сый сияпатын табыстап, білім ордаларындағы мұндай экологиялық кабинет жасақталған республика бойынша тұңғыш рет екендігін атап өтті.


Ақылды үйдің тың ерекшелігі датчиктердің арқасында бақшаның жалпы жағдайын біліп отыруға мүмкіндік алуы. Жердегі ылғалдық аз болса, су автоматты түрде құйылады. Осылардың барлығын Arduino платформасы арқылы жасауға болады.A rduino бағдарламасын компютер мен планшетке орнатып интернет немесе смс хабарламалар арқылы бақылай алатындығымен ерекшеленеді.


Өңіріміздің білім ордасының биік белесті бағындыруы көпке үлгі.  Болашақ иноватцияны жетік меңгерген жас өрендердің колында екендігі сөзсіз...

 

Молдағалиев Ерхан Болатұлы

№7 мектеп-гимназиясы» КММ-сінің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі