Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

Рудный қаласы әкімдігінің

«Бейімбет Майлин атындағы

№7 мектеп - гимназиясы» КММ

Педагог-психолдог М.Ж.Искендирова

 

Мемлекет қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назарын аударып, қамқорлық көрсетіп отыр. Білім беруді дамытудың мемілекеттік бағдарламасына сәйкес елімізде 2011 жылдан бастап инклюзивті білім беру кезеңімен енгізілуде. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары 1.1 тарауы

«Қол жетімділік пен инклюзивті білім беру»  - деп атап көрсетілген

 

Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен  психологиялық жұмыс

 

Мақсаты:   Жеке тұлғаның әлеуметтік өзіндік танымын,  өзін бағалауын,  тұлғалық қасиетті биіктету, мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін психологиялық қолдау жасау.

 

Күтілетін нәтиже: Психо-физиологиялық мүмкіндігі дамиды. Өз-өзіне  сенім артады,  өзін-өзі бағалай білуге,  қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына жол ашады.

       

Г.А.Цукерманның айтуынша:  «Психологиялық түзету-дамыту жұмысы арқылы бойындағы даралық қабілеттерді қалыптастыру емес, жаңа әрекеттерге аяқ баса алатын интерпсихикалық кеңістік қалыптастыруы қажет. Яғни, ауытқушылық мінез-құлықты түзетуге, өзіне-өзі сенімділікті оятуға ықпал етеді». Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал етіп, жалпы психикасын жағынан ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету барысында оқушыларға ойын тренингтер, сауалнама, ойын -терапия өткізудің маңызы зор.

 

  • жаттығу.

 

Тақырыбы: «Өзіңді таны»

Қажет заттар, музыкалық сүйемел.

  • Дайындалу шеңбері
  • Дауыс шығарып санау
  • Жұргізуші шеңбер ортасында тұрып. Қазір өзінің реттік саны -  кәдімгі сөйлегендей айтады, содан соң әркім  қаттырақ, келесі адам одан  қаттырақ,  келесісі одан да күштірек дыбыс шығарып айтады.

Содан соң реттік саандары кері айтамыз, дыбыс күштілігі де азая беруі тиіс.

 

  • жаттығу.

 

Тақырыбы: «Мен кіммін?»

Жұмыс уақыты: 15 минут

Орындалуы:

    Әр адамның жеке басының ерекше қасиеті бар.  Өзі жайлы оны ерекшелейтін теориясы да бар. Ол осынысымен өзгелерден ерекшеленіп тұрады. Сондықтан мынадай сұрақ туындайды: «Менің көзқарасыммен өзгелер бөлісе ме?»  Ойыншыларға ақ парақ алып, оны көлденеңнен 3 қатарға бөлуге тапсырлады.

1-қатарға Мен кіммін? Қандаймын?  Менің өмірімнің қағидалары? Сұрағына тез арада 10 сөзді жазып жауап беріңіз.

2-қатарға осы сұраққа сіздің туыстарыңыз, достарыңыз не деп жауап береді деп ойлайсыз , соны жазасыз.  Менің анам мені балапаным дейді.

3-қатарға топ ішіне беру жазады. Ол үшін жауап сұрақтары үстел бетіне қойлады, әркім өзіне түскен парақты алып , иесі туралы 3-қатарды  толтырады. Болған соң  әркім өз парағын алады.

Талқылау:

Талқылау барысында мына мәселелерге көңіл  аударған  жөн;

-  үшінші қатардың ішінде қайталанған сөз бар ма ?

- бұл сөз нені білдіреді?

- қаншалықты адам  өзін жақсы біледі? 

- өзіне деген  қатынасы (жағымды немесе жағымсыз)

- өзіндік  “Мен  тұжырымдамасы”  басқалардың  айтқанымен сәйкес келе ме?