Cіз балаңызды білесіз бе?
- Балаңыздың туған жылы мен күні?
 - Сынып жетекшісінің толық аты –жөні?
 - Балаңыздың парталас көршісі кім?
 - Балаңыз сабақтан қандай бағаны көп алады?
 - Балаңыздың сүйікті асы қандай?
 - Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
 - Балаңыз спорттың қандай түрі жақсы көреді?
 - Балаңыз 1- сыныпқа қай жылы барды?
 - Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
 - Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?
 - Балаңыздың сүйікті пәні?
 - Балаңыз бос уақытында немен шұғылданады?
 - Балаңыздың досы кім?
 - Балаңыздың қандай мамандықтың иесі болғанын қалайсыз?
 
Жағдаяттар
- Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата- аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейік. Не істейсіз? Балаңызға қандай тәрбие бересіз?
 
- Сіз тәрбиелі отбасы иесісіз. Бірақ, балаңыздың жат әдеттерге бой алдырып бара жатқанын байқадыңыз. Балаңызды қалай қорғап қаласыз?
 
- Балаңыз күнде бірінші сабақтан кешігіп келеді. Мұғалімдермен тіл табыса алмайды. Қалай жөнге келтіресіз?
 
- Сіз баланың жақсы оқуға қабілеті бар екенін білесіз, бірақ оның өз-өзін бағалау деңгейі өте төмен. Мысалы: «Менің қолымнан келмейді», «Мен сіздің ойыңыздан шықпауым мүмкін», «Ол маған қарағанда жақсы орындайды» т.б. осындай сөздерді айтқан жағдайда, сіздің іс-әрекетіңіз.
 




							








	
