Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

«СЕНІМ» АТТЫ АТА-АНАЛАР КЛУБЫНЫҢ

ЕРЕЖЕСІ

 

Клубтың мақсаты – ата-аналарға психологиялық-педагогикалық тәжірибелік көмек және қолдау көрсету;

  • Ата-ана жауапкершілігін тәрбиелеу;
  • Ата-аналарға бір –бірімен қарым-қатынас жасап, мәселелерді шешу үшін тәжірибемен алмасу жағдайын жасау.

Міндеттері:

  • оқушылардың оқу процессінде білімінің төмендеу себебін шешу үшін ата- аналарға көмек көрсетеді;
  • ата-анамен баланың арасында сирек болатын диалогты жүргізу әдістерін үйретеді;
  • аяқталмаған сөйлемдер арқылы оқудағы қиындықтардың себептерін анықтауға және сол қиындықтарды жеңу үшін ата-аналармен бірлесе шешім қабылдайды;
  • ата-аналар жастық шақтарына оралып, өздерінің мектеп төңірегінде болған қиыншылықтарды еске алып, сонымен қатар өміріндегі жетістіктерімен және жетістікке жету әдістерімен бөлісу секілді жұмыстарын  жүргізіу  арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға ат салысады.

Клубтың қатысушылары:  №7 орта мектебінің  ата-аналары

Қатысушылардың жалпы саны: 15-20 адам

Жұмыстың түрі – ашық.

Кездесудің кезеңдері:  айында 1- 2 рет

Кездесу орны: № 141 кабинет

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАНУ

 

Өткізілген күні

Қай сыныптың ата-аналары

Тақырып

Желтоқсан

 

0-11сынып

«Жағымды және жағымсыз ұстанымдар»

Желтоқсан

 

1 сынып

«Оқушылардың басты іс-әрекеті - оқу»

Қаңтар

 

11сынып

«Бала мен ата-ананың қарым-қатынасы»

Ақпан

 

0 сынып

«Баланың жеке басын дамыту мәселесі»

Ақпан

 

4 сынып

«Баланың әуестігі оқу үлгеріміне әсер ете ала ма?»

 

Наурыз

 

9 сынып

«Баланың бас ұстазы – ата-ана»

Наурыз

 

5 сынып

«Ұялшақ және тұйық балалардың белсенділігін арттыру жолдары»

 

Сәуір

 

7 сынып

Әке мен бала арасындағы жайлы қарым-қатынас немесе оқушылардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері

 

Мамыр

 

0 сынып

«Баланың мектепке психологиялық дайындығы»