Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

Рудный қаласы әкімдігінің  «№7 мектеп-гимназиясы» КММ


 

Веб квест

Биология пәнінен


 

Тақырыбы:

 

 «Негізгі халық шаруашылық дақылдары –бидай мен картоптың пайда болу тарихы»

 

 



Қажетті ресурстар: дербес компьютер, Интернетке қолжетімділік,

Мұғалім: Дальдембаева Гульнаш Тайкенженовна

эл.почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 


Веб квест мазмұны

 

Кіріспе

 

Жұмыс тәртібі

 

Тапсырмалар

 

Рөлдік жұмыс

 

  • Тарихшылар
  • Ботаниктер
  • Докучаев шәкірттері

 

Бағалау критерийлері

 

Жұмыс есебі

 

 

Кіріспе

 

Тақырыпты анықтау

 

Өсімдіктер әлемі - барлық жаратылыстың ең басты топтарының біріне жатады. Себебі өсімдіктер жер бетінің кез-келген бөлігін қамтиды. Қазіргі таңда өсімдіктердің 375 000 түрі белгілі. Өсімдіктердің ішіндегі ең көп таралған тобы-жабықтұқымды өсімдіктер. Олардың 250 000-нан астам түрі бар.  Ерте заманнан ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер - оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінен маңызы өте айрықша болатын бидай және картопты ерекше атауға болады. Қостанай облысы еліміздің дәнді дақылдар қазынасының қоймасы болып табылады. Облыс бұрыннан бері табысты түрде дән өндірісін (қатты бидай сұрыптарының сирек түрлері өседі), жемдік дақылдар,  жарма,  бұршақ, картоп,  көкөніс және  бақша өнімдерін де өсіреді.

 

Мақсаты: 

 

Негізгі халық шаруашылық дақылдары - бидай мен картоптың пайда болу тарихы, құрамындағы заттар және маңызы туралы білу; 
Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері туралы қорытынды жасап,  бидайдың, картоптың Қазақстанда және өзіміздің аймағымызда егілетін іріктемелерін анықтай білуге бағыт беру.

 

 

Жұмыс тәртібі:

 

1.Бірдей рөлді таңдаған оқушылар бір топқа жиналады

 

2.Әрбір топ ұсынылған ақпараттық ресурстармен жұмыс жасайды

 

3.Алған ақпаратты жүйеге келтіреді

 

4.Жасаған жұмыс бойынша есеп дайындайды

 

5.Әр топ өз жұмысын ортаға салады

 

 

Тапсырма:

 

Жаңа тақырыпты меңгеру барысында келесі сұрақтар қамтылады:

 

Бидайдың, картоптың  пайда болу тарихы, маңызы, қандай түрлері, іріктемелері бар. Қазақстанда және Қостанай облысында жақсы өнім беретін іріктемелері. Қостанай облысындағы  топырақтың түрлері.

 

Бұл мәселелерді шешу үшін бізге мынадай мамандар қажет:

 

1.Тарихшылар

 

2.Ботаниктер

 

3.Докучаев шәкірттері

 

Веб-квесте жұмыс жасай отырып, тарихшылар, ботаникер, Докучаев  шәкірттері өз рөлдерін атқару үшін , төмендегі белгіленген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру қажетті.

 

Рөл 1. Тарихшылар

 

Бидай - ертеден келе жатқан мәдени өсімдіктердің бірі. Бидай дәні - аса құнарлы да қуатты азық.  Картоп – аса маңызды азық-түліктің және техникалық өсімдіктердің бірі.

 

Тарихшылар ретінде Сіздер мына сұрақтарды сипаттап берулеріңіз қажет:

 

1.Бидайдың, картоптың пайда болу  тарихы.

 

2.Бидайдың, картоптың шыққан мәдени орталықтары.

 

3.Ақпарат көздерімен жұмыс жасап болған соң, топ ішінде талқылап, ортақ есеп берулеріңіз қажет. Есеп презентация, веб-парақтар, мәтіндік редактор, кесте, сызбанұсқа, шығармашылық жұмыс түрінде болуы мүмкін.

 

Рөл 2. Ботаниктер

 

Ботаниктер ретінде Сіздер бидай және картоптің алуан түрлілігі, құрылысындағы ерекшеліктері, іріктемелері туралы және морфологиялық-биологиялық ерекшеліктерін ашып берулеріңіз қажет.

 

1. Өсімдіктердің  морфологиялық-биологиялық сипаттамасы.

 

2. Бидайдың және картоптың аса маңызды, жергілікті іріктемелері.

 

3. Ақпарат көздерімен жұмыс жасап болған соң, топ ішінде талқылап, ортақ есеп берулеріңіз қажет. Есеп презентация, веб-парақтар, мәтіндік редактор, кесте, сызбанұсқа, шығармашылық жұмыс түрінде болуы мүмкін.

 

Рөл 3. Докучаев  шәкірттері

 

Докучаев  шәкірттері  ретінде Сіздер  біздің еліміздің топырақ түрлеріне сипаттама берулеріңіз қажет.

 

1.Қазақстандағы топырақ түрлері, сипаттамасы.

 

2.Бидай, картоптың маңызы.

 

3. Ақпарат көздерімен жұмыс жасап болған соң, топ ішінде талқылап, ортақ есеп берулеріңіз қажет. Есеп презентация, веб-парақтар, мәтіндік редактор, кесте, сызбанұсқа, шығармашылық жұмыс түрінде болуы мүмкін.

 

Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекіту мақсатына өздік жұмысын жасау ұсынылады.

 

 

Рөлдік жұмыс:

 

Өткен тақырыпты тексеру мақсатында тапсырмаларды  орындандар.

(ссылка: тапсырмалар)

 

Рөл 1. Тарихшылар

 

Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар

 

1.Картоптың екі жақын түрі бар. Олар қалай аталады және қайда өседі?

2.Картоп түйнегінің құрамына қандай заттар кіреді?

3.Картоптің зиянкестері туралы не айта аласыңдар?

4.Қазақстанда бидайдың неше түрі бар, қандай?

5.Қандай елде бидай алғаш рет өсіріле басталды?

6.Неліктен өнген бидайды жеу адам үшін аса пайдалы ?

7.Мәдени өсімдіктердің шыққан орталықтары. Кесте толтырыңыздар.

 

Орталықтар

Географическое положение

The name of the plant

Оңтүстік-Азиялық тропиктік орталық

Индия, Индокитай, Юго-Восточная Азия

Sugarcane, rice, many vegetable and fruit crops

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ресурстар:

 

https://ru.wikipedia.org/wiki/

 

agroinfo.kz/7-samyx-populyarnyx-voprosov-o-semennom-kartofele

 

https://www.tarbie.kz/8836

 

http://nlogorod.ru/vrediteli_kartofela.php

 

proznania.ru/?page_id=12

 

https://sozdik.kz/ru/dictionary/translate/ru/kk/

 

https://translate.yandex.kz/translator/Russian-English

 

 

Рөл 2. Ботаниктер

 

Өткен тақырыпты тексеру мақсатында тапсырмаларды  орындандар.

(ссылка: тапсырмалар)

 

Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар

 

1. Кесте толтыру

 

Биологиялық ерекшеліктер

Сипаттамасы

Тұқымның өнуі

 

Егін көгі (көктеу) кезеңі

 

Түптену кезеңі 

 

Түтікке шығу (сабақтану) кезеңі

 

Гүлдену кезеңі

 

Пісу кезеңі

 

 

2.Астық тұқымдасына МБС жасау.

 

3.Алқа тұқымдасына МБС жасау.

 

4.Астық және алқа тұқымдасына жататын 5 өсімдіктің атаулары(3 тілде)

 

Күрделігүлділер тұқымдасы

Күнбағыс, түймедағы, бақбақ, қырмызыгүл,

Подсолнечник, ромашка, одуванчик, календула

Sunflower plant, chamomile, dandelion, calendula

Астық тұқымдасы

 

 

 

Алқа тұқымдасы

 

 

 

 

5.Бидай өсімдігінің аурулары.

 

6.Бидайдың ұнтақ жармасын адам қалай пайдаланады?

 

7.Жергілікті іріктемелерді сипаттау.

 

 

Ресурстар:

 

agroinfo.kz/sorta-gde-kakie-i-skolko/

 

http://studopedia.info/6-76736.html

 

https://infourok.ru/user/daldembaeva-gulnash-taykenzhenovna

 

https://kk.wikipedia.org/wiki/Бидай_(астық)

 

Рөл 3. Докучаев  шәкірттері

 

Өткен тақырыпты тексеру мақсатында тапсырмаларды  орындандар.

(ссылка: тапсырмалар)

 

Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар

 

1.Қазақстанда топырақтың қандай түрлері бар?

 

2.Қостанай облысындағы топырақ түрлері?

 

3.Эрозия туралы не білесіңдер?

 

4.Қостанай облысында топырақ эрозияның қандай түрлеріне ұшырайды?

 

5.Эрозияға қарсы жүргізілетін жұмыс түрлері.

 

6.Сәйкестендіру. Қазақстандағы топырақ типтері.

 

1. Сұр-қоңыр топырақ

2. Қара-қоңыр топырақ

3.Қоңыр шөлді топырақ

4. Оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы

5. Сұр-қоңыр шөлді топырақ

6. Қара топырақты

А. Бурая пустынная почва. 

В. Темно-каштановая почва. 

С. Серо-бурая пустынная почва.

Д. Черно­зем обыкновенный. 

Е. Светло-каштановая почва

Ж. Чернозем южный, малогумусный. 

I.The southern oligohumic chernozem.

II. Typical chernozem.
III.Dark chestnut soil.

IV. Light chestnut soil.

V. Brown desert crust soil.

VI.Gray-brown desert soil.

 

 

7.Топырақ жамылғасын құрайтын факторлар.

 

 

Ресурстар:

 

moxnpn.ru/kazakhstan/67-tipy-pochv-na-territorii-kazaxstana.html

 

https://kk.wikipedia.org/wiki/

 

 

Бағалау критерийлері

 

Критерийлері

Ұпай саны(1-5)

Мазмұнның тереңдігі

 

Жобалау сапасы

 

Ораторлық шеберлігі

 

Топ ішіндегі ынтымақтастық

 

Көрнекіліктердің тиімді пайдалануы

 

 

 

Есеп:

 

Есеп презентация, веб-парақтар, мәтіндік редактор, кесте, сызбанұсқа, шығармашылық жұмыс түрінде болуы мүмкін.

Есепте топқа берілген тапсырмалардың жауаптары анық көріну керек.

Есепке суреттер, сызбанұсқалар, кестелер енгізуге болады.

Дайын жобаны топтан бір оқушы немесе бірігіп қорғауға болады.

Жобаны қорғау барысында алдын ала берілген бағалау критерийлерін ескеру қажет.

 

 

Өткен тақырыпты тексеру мақсатында тапсырмаларды  орындандар.

 

I.Тест.

 

1.Жер шарында лалагүлділер тұқымдасының нешеге жуық түрі өседі?

 

А)1100         В)1200   С)1300     Д)1400    Е)1500

 

2.Бұршақ тұқымдастардың жемісі

 

А)бұршаққап    В)бұршаққын     С)қауашақ    Д)тұқымша     Е)жаңғақ

 

3.Орамжапырақтар тұқымдасына жататын маңызды және табиғи жағдайда кездеспейтін өсімдік

 

А)орамжапырақ       В)ақжелкек      С)шомыр      Д)шалғам            Е)шалқан

 

II. Отгадай загадки.

 

На плечах Игнашки сорок три рубашки –
все из ткани отбелённой, а поверх пиджак зелёный.
(капуста; сем-во Крестоцветные)

 

5.Золотое решето чёрных домиков полно.
Сколько чёрненьких домков –
столько беленьких жильцов. 
(подсолнечник; сем-во Крестоцветные)

 

6. Цветок напрасный, плод – опасный.
А поле всё засажено. (картофель; сем-во Паслёновые)

 

III.   Distribute the names of plants by their respective families:  

 

Families:

 

A. Mustard family
B. Pea family
C. Solanaceous
D. Sunflower family
E. Rose family
F. Grass family
G. Liliaceous

 


Representatives:

 

1. Field pea
2. Raspberry
3. Dandelion

4. Stramonium

5. Timothy

6. Clover

7. Pepper

8. Avena

9. May lily

10.Rowan

11.Radish

12.Rose flower

13.Henbane

14.Dahlia

15.Garlic

16.Potato

17.Chamomile

18.Tulip

19. Bean

20. Barley

21. Haricot

22. Apple tree

23. Sunflower

24. Rye

25. Cabbage

 

Ссылка