Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

Ойлау мен сөйлеуді дамытатын жаттығулар

 

Суреттеу бойынша тап

  1. Сары, қызғылт, күзгі ...
  2. Жасыл, сопақша, бүртіктері бар ...
  3. Ақ, жеңіл, қалқып турады ...
  4. Кішкентай, сұрғылт, ұзын құйрықты, үркек ...
  5. Жасыл, тікенекті жапырақты ...
  6. Көне, екі қабатты, кірпіштен салынған ...
  7. Тәтті, дәмді, салқын, ақ ....
  8. Қызыл, тәтті, піскен ...

Сөйлемді жалғастыр

  1. Егер тас мақтадан ауыр болса, онда мақта жеңіл.
  2. Егер анасы қызынан үлкен болса, онда ...
  3. Егер жолбарыс тасбақадан шапшаң болса, онда...
  4. Егер жылан құрттан ұзын болса, онда ...
  5. Егер Жанат Самалдан бойшаң болса, онда ...
  6. Егер мұхит теңізден үлкен болса, онда ...
  7. Егер бес тоғыздан аз болса, онда ...

 

Жаңа сөз жаса

  1. Шыршасы көп орман – шыршалы орман
  2. Баласы көп отбасы - ...
  3. Жібектен тігілген көйлек - ...
  4. Ағаштан жасалған сандық - ...

Қалай ойлайсың, мыналар бір-бірінен несімен ерекше

  1. Қыз бен қуыршақ
  2. Құс пен ұшақ
  3. Мультфильм мен кинофильм
  4. Ін мен ұя
  5. Күн мен түн