1-сынып оқушысының моделі
Танымдық белсенділігі
- Оқу мотивациясының болуы, оқуға қызығуы және оқи білуі.
- Жаңа білім, дағды, іскерлікке ие болуға ұмтылады.
- Оқу іс-әрекетіне қызығып, белсенділік танытады.
- Оқу міндетін анықтай алады.
- Қажет материалға зейінін шоғырландыра алады.
- Сұрақ қойып, оған өз бетімен жауап табуға ұмтылады.
- Өз іс-әрекетінен ұнамды, пайдалы нәтиже шығаруға ұмтылады.
Психологиялық аспект
- Бейнелі ойлауы мен сөздік-қисындыойлауының қалыптасқандығы.
- Өз іс-әрекетінде сызбалық бейнелерді түсініп, қолдана білуі.
- Моторикасының, сенсомоторикасының, қимыл-қозғалыс координациясының дамығандығы.
- Дыбысты дұрыс айта білуі, фонематикалық есту және сөйлеуі.
- Сөздік қорының жеткіліктілігі.
- Зейінінің тұрақты болуы.
- Алгоритмді біліп, өз әрекетіне түсінік бере алуы.
- Өзінің сезімінің әсерін меңгере алуы.
Әлеуметтік аспект
- Құрбыларымен, үлкендермен қарым-қатынас қалыптастыра алады.
- Өз мінез-құлқын игере алады.
- Қоғамдық орында өзін ұстай біледі.
- Отбасында ата-анасы мен басқа туыстарын сыйлайды.
- Үлкендер мен балалар ортасында қарым-қатынасқа түседі.
- Өз заттарына мұқият.
- Ойындарға белсене қатысады.
Медициналық аспект
- Морфофункционалдық ерекшеліктерінің, оқушының денесінің даму нормативтеріне сәйкестігі.
- Қимыл-қозғалыс және моторикалық дағдысының дамуы.
- Денесінің жұмысқа қабілеттілігі.
- Мәдени және гигиеналы әдет-дағдысының болуы.
- Денсаулық жағдайы, хал-ахуалы, кейбір ауруларға бейімділігі.
Демек, мұндай оқушы қоршаған ортамен үйлесімділікте әрекет етеді.