Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

«Менің достарым»

1 сынып оқушыларына                                                                                                                                                                                            23.09.2016 ж.

Мақсаты: топ балаларының жақын танысуы үшін жағдай жасау, зейін және байқағыштықты дамыту.
Сабақтың барысы:
I.
 Оқушыларға сабақтың мақсаты мен оның өтілуі түсіндіріледі. Сонымен бірге топтағы қарапайым мінез ережелері енгізіледі.
II. Бой жазу (разминка).
III. Сабақтың мазмұны:
1-тапсырма. "Доп".
Бұл ойында балалар доптың көмегімен бір-бірімен танысады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Ойыншының бірі допты қолына алады.
Оқытушы: "Ал енді доппен ойнай отырып танысатын боламыз. Шеңбер бойынша, сағат тілімен, доп кімде болса сол кісіден бастап, атымызды айта отырып допты бірімізден — екіншімізге береміз. Допты бере отырып көршіміздің көзіне қараймыз. Доп кімде болса сол бала шеңбердегі кез келген баланың біріне, сол баланың атын айтып, допты лақтырады. Егер кімде кім доп бағытталған баланың атын жаңылыстырса,онда өзінен бастап сағат тілімен барлық ойыншылардын атын айтып шығады. Сонымен, допты кімге бағыттайсыңдар соның атын айтып бір-бірлеріңізге лақтырыңдар. Бастаймыз!" – дейді.
Допты қағып алу оңай болу үшін лақтырушы балаға допты тура: лақтыруы керектігі түсіндіріледі.
2-тапсырма. "Кім байқағыш және назар аударғыш".
Балалардың біреуі жүргізуші болады. Ол ойыншылардың киімі мен отырыстарын есіне сақтап бөлмеден шығуы керек. Осы уақытта ойыншылар өздерінің отырыстары мен киімдеріне 5 өзгешелік енгізулері қажет. Әрбір ойыншыда емес, барлығы 5 өзгешелік болуы керек. Осыдан кейін жүргізуші келіп өзгерген ерекшеліктерді орындарына келтіруі қажет.
Егер жүргізуші барлық 5 өзгешелікгі тапса, онда ол балада жоғарғы деңгейдегі зейін мен жақсы байқағыштық басым болғаны.
IV. Шағын видеоролик

  1. Сабақтың қорытындысын шығару.
    Біз бүгінгі сабағымызда немен таныстық?
    Ол сізге несімен ұнады?
    Ол сізге несімен ұнамады?
    Бұл ойындарды біз не үшін ойнаймыз?

 

Психолог: Б.Т.Куйшибаева