Кіші мектеп жасындағы балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері
Мектепке келген бастап , баланың психологиялық даму деңгейі жекелік ерекшеліктерінің дамуы ұлғая бастайды. Бұл ерекшеліктер ең алдымен олардың ақыл-ой, моральдық даму деңгейлерінің көріністерінен байқалады. Олар ортақ нұсқаулар және психодиагностикалық жағдайларға түрліше әсерлене алады. Кейбір балалардың көзқарастары өз деңгейінде қалыптасқан, психодиагностика тапсырмаларын қиналмастан орындайды, ал кейбір 4-6 жастағы әлсіз дамып келе жатқан балалар мектепке дейінгі тапсырмаларды ғана орындайды.
Сондықтан да кіші мектеп жасындағы балаларға қандай да бір психодиагностикалық әдістемені пайдаланбас бұрын, психологиялық даму деңгейін шынайы бағалау үшін, баланың ақыл-ой деңгейіне сәйкестігін, тіпті жеңіл болып кетпеуін қадағалау қажет.
6-7 жастағы балалардың мектепте оқуға даярлығын қарастыратын болсақ, орта есеппен алғанда олардың 50-80% қандай да бір ерекшелігі және кіші мектеп бағдарламасы бойынша материалдарды толық игеруге, жалпы мектепте оқуға әлі дайын болмайды. Көпшілігі дене бітімі бойынша оқуға дайын болса, психологиялық даму деңгейі бойынша мектепке дейінгі баланың (5-6 жас) деңгейіне сәйкес болып тұрады. Егер мұндай балаға жеткілікті күрделі, жас ерекшелігіне сәйкес ырықты, ырықсыз зейін, есте сақтау және қиялға арналған психологиялық тест ұсынсақ, бала оны орындай алмайды.
Мұндай қиындық ақыл-ой қабілетінің жетіспеуінен емес, тұлғалық-психологиялық даму деңгейінің жетіспеушілігі себебінен туындайды. Егер, керісінше, тура сол тест тапсырмаларын ойын түрінде ұсынатын болсақ, тестілеу нәтижелері жоғары болуы ықтимал.
Бұл жағдайды мектепке келген, әсіресе бірінші және екінші сынып балаларын диагностикалауда міндетті түрде ескеру қажет.
Үшінші және төртінші сынып оқушыларына қатысты айтатын болса, оларды психодиагностикалау үшін ересек адамдарға арналған тесттерді қолдануға болады, бірақ тест тапсырмалары оларға түсінікті болуы керек. Түсінікті дегеніміз ол тапсырмалардың бала қабілеттеріне сәйкес болуы. Ескеретін жайт, күшті мотивация, қызығушылық, тестілеуге белсенді ұмтылыс болса, оның нәтижелері жоғары болады.
Психодиагностикалық тестілеу нәтижелері сенімді және шынайы болуы үшін психодиагностикалық әдістерді келесі жүйе бойынша жүргізу тиімді:
- Баланың мектепте оқуға психологиялық даярлығы
- Танымдық процестер.
- Бейімділік
- Өзіндік бағалау.
- Мотивация
- Эмоционалды –еріктік өріс
- Тұлғалық ерекшелік қасиеттері
- Тұлғааралық қарым-қатынас
9.Тәрбиелілік
Бөлім бойынша баланың мектепке қай жағынан дайындығын, дамуында қаншалықты жетілгенін нақты анықтауға болады. Бұл әдістемелер баланың бейімділігін, нышаны мен қабілетін анықтауға мүмкіндік беріп, дамыту және түзетумен байланысты мақсатты түрде жұмыс жасау негізін қалайды.
Жүйелі психодиагностиканы кешенді түрде жүргізу мектептегі оқу-тәрбие жұмысының мәнділігін бағалауға мүмкіндік береді.
1-сыныпта оқуға дайындығын анықтауға арналған әдістеме.
- Сенің аты-жөнің кім ?
- Ата-анаңның есімдері кім ?
3 .Сенің ата-анаң кім болып жұмыс істейді ?
- Сен қай жерде тұрасың ?
- Сен ұлсың ба ,әлде қызсың ба? Өскенде әпке боласың ба, тәте боласың ба ?
- Сенің ағаң немесе әпкең бар ма ? Олардың қайсысы үлкен ?
- Сен нешедесің, бір жылдан кейін неше жаста боласың, екі жылдан соң нешеге толасың ?
- Қазір кеш мезгілі ме, әлде түс мезгілі ме ?
- Сен таңғы асты таңертең ішесің бе, әлде кешке ішесің бе ?
- Алдымен кешкі асты іше ме, әлде түскі асты іше ме ?
11.Қазір қай жыл мезгілі:қыс па әлде көктем бе ; жаз ба, күз бе?
Неге олай ойлайсың ?
- Шанамен қай кезде сырғанайды, қыста ма, әлде жазда ма ?
- Не үшін қар қыста жауады, неге жазда жаумайды ?
- Почташы не істейді? Мұғалім ше, дәрігер ше ?
- Мектепте қоңырау не үшін беріледі ? Парта, сумка не үшін
қажет ?
- Сенің мектепке барғың келе ме ? Не үшін барғың келеді ?
- Оқушы жауап бергісі келсе қай қолын көтереді ?
- Сенің сурет салғың келе ме? Сенің қарындашыңның түсі қандай?
- Оң көзің қайсы, сол құлағыңды көрсетші. Құлақ пен көз не үшін
керек ?
- Қандай жануарларды , құстарды білесің ?
- Сиыр үлкен бе, ешкі үлкен бе ; құс үлкен бе ,ара ма ? Иттің аяғы
көп пе, әтештің аяғы көп пе ?
- Қай сан үлкен: 8 әлде 5; 5 әлде 3 ? 6-дан 9-ға дейін және 5-
тен 3-ке дейін сана.
- Біреудің затын сындырып алсаң, не істер едің ?
Нәтижені өңдеу.
1.Барлық сұраққа дұрыс жауабы үшін - 1 ұпай беріледі
(бақылау жұмысынан бөлек).
2.Бала дұрыс ,бірақ толық емес жауабы үшін - 0,5 ұпай ала алады.
3.Дұрыс жауап деп, сұраққа мағыналас жауап беруді есептеуге болады.
Мысалы:”Менің әкем Қарағанды шахтасында істейді”, “Әтешке қарағанда иттің аяғы көп: итте 4 аяқ, әтеште 2 аяқ ”.
Жауап мына жағдайда қате болады:
«Мама Айша», “Әкем 1 жұмыста істейді” және жылдардың белгілерін білмесе немесе ажырата алмаса; «көп», «аз» ұғымдарын ажырата алмаса.
4.Зерттеуге келесі сұрақтар жатады: 4 , 7, 10, 14,22.
Олар былай бағаланады: 4- қаланың атын атап, толық мекенін айту- 2 ұпай;
7- егерде бала өзінің нешеде екенін білсе -1 ұпай, егер айын есептей алса- 3 ұпай;
10- жыл мезгілдерін белгілеріне сәйкес айта білсе (ең болмағанда 3 белгісін)- 2 ұпай; 3-ке дейін атаса -1 ұпай;
14- мектеп атрибуттарын дұрыс атаса- 1 ұпай;
22-дұрыс жауапқа –2 ұпай;
- 15-ші сұрақ 14 және 16-шы сұрақтар бойынша бағаланады. Егер ұпай саны 14-сұраққа-3 ұпай және 15,16 сұрақтарына дұрыс жауап берсе--«Мектепте оқуға дайын» деп саналады.
Бастауыш сынып оқушыларының зейін деңгейін анықтау әдісі
- Мыналардың ішінде асық ойыны қайсысы ?
а) көкпар, ә) ханталапай, б) тоғызқұмалақ
- Мыналардың қайсысы үй жануары ?
а) мысық, ә) тиін, б) түлкі
- Төрт түлік малға қайсысы жатады ?
а) қабылан, ә) түйе, б) қасқыр
- Ішекті музыкалық аспап қайсысы ?
а) сыбызғы, ә) домбыра, б) керней
Зейіннің бөлінуін анықтау
Жүргізуші шағын сөйлемді дауыстап оқып отырып қарындашпен столды ақырын тықылдатып отырады. Балалар мәтінді естерінде сақтап қалуы, әрі неше рет тықылдатқанын есептеулері керек.
Оқылатын сөйлемдер:
«Жақсы сөз жарым ырыс»
- Ақылды бол, арлы бол,
бақытты бол, малды бол,
өз қатарыңның алды бол.
Қорытынды баға
Тапсырма |
Баға |
Ұпай |
Түгел есінде сақтап, дұрыс есептеген |
Жоғары |
10 |
2-3 қате жіберген |
Орташа |
7 |
Жартысын есінде сақтаған, дұрыс есептемеген |
Төмен |
5 |
Есінде сақтай алмаған |
Өте төмен |
3 |
Ландольт сақиналары әдістемесі /зейіннің тұрақтылық және өнімділік қасиетін анықтау./
Мақсаты: Баланың зейінінің тұрақтылық және өнімділік қасиетін анықтау көрсетілген нұсқауы арқылы жүргізіледі.
Нұсқау: “Мен сенімен қазір ойын ойнаймын, бұл ойынның аты “Мұқият бол және жылдам жұмыс жасауға талпын”. Бұл ойында сен басқа балалармен жарысасың, одан кейін біз сенің қандай нәтижеге қол жеткізгеніңді байқаймыз. Менің ойымша, сен басқа балалардан гөрі жақсы орындайсың.”
Ары қарай балаға Ландольттың сақиналар бейнеленген іс қағаз көрсетіліп, түсіндіріледі: ол сақиналар қатарын мұқият қарап шығып, бір жерден үзілген сақиналарды тауып белгілеу керек.
Тапсырма 5 минутқа созылады. Әр минут сайын жүргізуші «белгілеу» деген сөзді айтып тұрады және сол уақытта бала бұйрық берілген кезде тоқтаған сақинаны белгілеу керек.
5 минут өткен соң жүргізуші «бітіреміз» дейді. Осындай сөзден кейін, бала келген жерінен тоқтау керек және тігінен екі белгі қояды.
Нәтижені өңдеуде жүргізуші баланың әр минут сайын және бес минут аралығында қарастырған сақина санын анықтайды. Сонымен қатар әр минутта жіберілген қателер саны анықталады. Мына формула бойынша баланың зейінінің тұрақтылығын және өнімділігін анықтауға болады
S = 0,5 N – 2,8 n ,
60
бұл жердегі: S –зейіннің өнімділігі мен тұрақтылығы;
N – баланың бір минутта қарастырған сақина саны
(егерде осы формуланың көмегімен зейіннің 5 минут ішіндегі тұрақтылық өнімділігі анықталатын болса, онда N – бес минут аралығында қарастырылған сақинаның санына тең болады, ал келесі n көрсеткіші –бес минут аралығында жіберілген сандардың қатесіне тең. Ал осы формуланың бөлгіші – 300);
n – баланың осы уақыт аралығында жіберген қателер саны.
Нәтижені өңдеу барысында әр минуттық S көрсеткіші және барлық бес минутқа байланысты S көрсеткіші есептеледі. Алған нәтижелері бойынша график сызылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың интерпретациясы сияқты жүргізіледі.
Зейіннің бөлінушілік қасиетін бағалау.
Мұнда Ландольттың шеңбер әдістемесіндей нұсқау беріледі. Сол ынталандырушы материалы қолданылады. Бірақ бұл жағдайда балалар әр жерінен үзілген екі түрлі сақинаны тауып бір мезгілде әр түрлі етіп белгілейді, мысалы: жоғарыдан және сол жағынан, сонымен қатар бірінші сақинаны бір тәсілмен ал екіншісін басқа тәсілмен белгілеу қажет.
Сандық өңдеу процедурасы мен нәтижелерді график түрінде көрсету тәсілі алдыңғы әдістемедегідей, бірақ нәтижелері зейіннің бөлінушілік қасиетін белгілейтін мәліметтер ретінде қарастырылады.
«Ойлан, тап»
Нұсқау: жанармай құюшы қызметкер жүргізушіге қай майдан құюды ұсынып тұр? (қарындаш немесе қаламсап қолдануға болмайды)
«Пиктограмма»
Мақсаты: Тікелей емес есте сақтауды зерттеуге бағытталған
Ынталандырғыш құрал: Пиктограмма жүргізу үшін балаға ақ парақ (А4), қалам және есте сақтау үшін сөздер жинағы беріледі. 5-10 жастағы балалар үшін келесі 12 сөз жинағы қолданылады:
Көңілді мейрам алдау
Дәмді кешкілік ас қоштасу
Қатал тәрбиеші даму
Ауыр жұмыс соқыр бала
Жылы жел қорқыныш
Ауру көңілді орта
Нұсқау: «Мен қазір саған сөздерді оқимын, сен оларды есіңде сақтап сабақтың соңында қайталауың керек. Сөздер көп, сондықтан есте сақтау қиын, тапсырманы жеңілдету үшін параққа осы сөз сен үшін нені еске түсіреді, соны салуыңа болады. Бірақ әріптерді емес суреттерді салу керек. Сөздер көп, ал парақ біреу ақ болғандықтан суреттерді параққа сыятындай етіп сал. Суреттің сапасы емес сөздің дұрыс мағынасы маңызды болып табылады.
Тесттің жүргізілуі: Балаларға жоғарыдағы берілген сөздер және сөз тіркестері асықпай оқылады. Сонымен қатар зерттеуші бала әріптерді емес, бейнелерді салуын бақылайды. Егер бала парақтың көп бөлігін алатын үлкен фигуралар сала бастаса оған ескерту жасау керек. Ескерту 2-3 сөзден кейін бір рет айтылады.
Егер зертеуші баланың ешқандай мақсатсыз және мағынасыз, ойына келген, сөзбен ешқандай қатысы жоқ суретті салып жатқанына яғни ол нұсқауды естімегеніне және түсінбегеніне күдіктенсе, баладан оның қандай сурет салып жатқанын және оның сөзге қандай қатысы бар екенін сұрау керек. Баланың сөзді ұмытпағанын анықтау керек.
Әр сөзді салуға берілетін уақыт шектелген және 1-2 минуттан аспау керек. Егер балалар суретке қызығып, алғашқы суреттерге бөлшектер салып жатса, зерттеуші балаға суреттің сапасы емес, оның айтылған сөзбен байланысы маңызды екенін ескертеді.
Жұмыс аяқталған соң, зерттеуші қай сурет қай сөзге жататыны көріну үшін суреттерді нөмірлеу керек. 20-30 минуттан соң балаларға өздерінің сурет салған парақтары беріледі, оларға қарап бала сөздерді есіне түсіру керек. Еске түсіргенде дұрыс еске түсірілген сөздер саны және қателер саны есептеледі. Сондай-ақ «дәмді кешкілік ас» – «тәтті кешкілік ас» немесе «қоштасу» – айырылысу сияқты сөздер дұрыс болып табылады.
Нәтижені талдау. Ең алдымен дұрыс еске түсірілген сөздердің саны есептеледі. Бұл жастағы балалар үшін қалыпты норма 10-12 сөздер (яғни 100% еске түсіру).
Бейнелі ойлаудың даму деңгейі суреттерді талдау арқылы зерттеледі. Сондай-ақ ойлау деңгейі төмен балалардың суреттерінің тақырыппен байланысы аз, ал бейнелі ойлау деңгейі жоғары дамыған балалардың суреттері заттың мағынасын нақты көрсетеді. Мысалы: дәмді кешкілік асқа торт, тағам түрі салынады. Балалардың бір типті, сөздің мағынасымен байланысы жоқ суреттерді салуын ескеру керек. Бірақ бала сөздерді дұрыс еске түсіреді. Бұл жағдайда ойлаудың төменгі деңгейі жақсы механикалық есте сақтаумен орны толтырылады.
Суреттердің парақта бір келкі емес, орналасуы, шектен тыс үлкен болуы ұйымдастырушылықтың төменгі деңгейін көрсетеді.
Есте сақтау типін зерттеу
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау түрлерінің (көру, есту, қимыл-қозғалысты) ерекшеліктерін және деңгейін зерттеу.
Қажетті құралдар: Есте сақтауға арналған тесттік сөздер жиынтығы.
Орындалуы: Оқушыларға есте сақтау үшін 4 топтағы сөздер біртіндеп ұсынылады.
- бөлім
Нұсқау: «Мен қазір сендерге бірқатар сөздерді оқимын. Сіздер зейін қойып тыңдаңыздар және барлық сөздер ұсынылып болғаннан кейін естеріңде қалған сөздерді жазыңдар»
Бірінші жиындағы сөздер арасында 4-5 секунд үзіліс болады (оқу барысында). 10 секундтық үзілістен кейін оқушы есінде қалған сөздерді жазып шығады.
Бірнеше уақыттан кейін (10 минут) оқушыларға көру арқылы есте сақтауға арналған сөздердің екінші жиынтығы ұсынылады.
- бөлім:
Нұсқау: «Қазір тақтада жазылған сөздерді зейін қойып оқып алып, соңынан есінде сақтағаның бойынша жазып шығасың».
- бөлім:
Нұсқау: «Қазір мен сөздерді дауыстап оқимын, ал сен артынша сөздерді саусақтарыңмен ауада жазып отырасың. Барлық сөздер оқылып болғаннан кейін, есіңде қалған сөздерді параққа жазып шығуың қажет».
5-10 минуттық үзілістен кейін көру-қозғалысты есту арқылы есте сақтауға арналған сөздер ұсынылады.
- бөлім:
Нұсқау: «Қазір мен сөздерді оқимын, ал сендер осы уақытта үлестірмелі қағаз бойынша сөздерді байқап және әр сөздерді іштей жәймен қайталаңдар. Соңынан естеріңде қалған сөздерді жазыңдар».
Нәтижелерді өңдеу:
Алдымен әр жобада дұрыс жаңғыртылған сөздер анықталады.
Оқушылардың аты-жөні |
Есте сақтау типтері |
|||
Көру 0,7 |
Есту 0,5 |
Қозғалысты 0,6 |
Көру-қозғалысты 0,8 |
|
1 2 3 4 5 6 7 |
|
|
|
|
Алынған көрсеткіштер келесі кестеге енгізіледі:
Топтық көрсеткіштер бойынша негізгі талдау:
- Сынып оқушыларының есте сақтауының басым типі қандай ?
- Есте сақтаудың қандай типі жақсы дамыған ?
- Топ мүшелерінен ерекшеленетін жеке нәтижелер бар ма ?
Зерттеуге арналған қосымша сұрақтар:
- Есту есте сақтауға арналған:
қанат, тау, ағаш, сарай, таяқ, қағаз, сия, ара, қияр, терезе.
- Бейнелі есте сақтауға арналған:
жер, шаш, теңіз, тас, қабық, үй, белгі, тышқан, тал, ертегі.
- Қозғалысты есте сақтауға арналған:
дене, оқ, аспан, құм, кітап, бұтақ, шатыр, шам, ит, жұмбақ
- Көру-қозғалысты есте сақтауға арналған:
өзен, өсімдік, арба, ешкі, мұғалім, апельсин, шөп, қасқыр, карта, саңырау құлақ.
Санды есте сақта
Мақсаты: Бұл әдіс баланың қысқа уақытта есту есінің
көлемін анықтауға арналған.
Нұсқау: «Қазір мен саған сандарды айтамын, ал сен
тез қайталап айтуың керек.
Орындалуы: Ары қарай зерттеуші балаға ретімен төмендегі суретте берілген сандарды жоғарыдан төмен қарай оқиды , әр санды атағанда арасы 1 секунд болу керек. Әр қатардағы сандарды оқығаннан кейін бала зерттеушінің ізінен кейін қайталауы керек. Бала қате жібергенше жалғаса береді. Егер дәл сондай қате жіберілген сан қатарына ұқсайтын қате жіберілсе, оң жақтағы сан қатарын қайталап, балаға еске түсіруін сұрайды. Егер бала екінші рет сан қатарын еске сақтап, атағанда да дәл солай қателессе, онда мына берілген бөлімдегі психодиагностикалық зерттеу аяқталады, өткен қатардағы ең болмаса бір рет толығымен және қатесіз есте сақтаған қатардың ұзындығы белгіленеді және қарама-қарсы реттегі сандарды оқиды. (А,Б суреті)
Нәтижесінде баланың қысқа уақытта есту еске сақтау көлемі анықталады.
Қорытынды баға
Тапсырма |
Ұпай |
Бала орташа 9 санды дұрыс атаса |
10 |
Бала орташа 7-8 санды дұрыс атаса |
8-9 |
Бала орташа 5-6 санды дұрыс атаса |
6-7 |
Бала орташа 4 санды дұрыс атаса |
4-5 |
Бала орташа 3 санды дұрыс атаса |
2-3 |
Бала орташа 0-2 санды дұрыс атаса |
0-1 |
10 ұпай - өте жақсы
8-9 ұпай –жоғары
4-7 ұпай –орташа
2-3 ұпай –төмен
0-1 ұпай -өте төмен
А |
Б |
1 |
3 |
24 |
79 |
386 |
154 |
1585 |
6852 |
46239 |
35961 |
489173 |
796483 |
5174238 |
9852163 |
14259763 |
42701895 |
А |
Б |
19163258 |
45719283 |
8592346 |
1795846 |
165298 |
317692 |
41372 |
28591 |
9265 |
4937 |
417 |
152 |
25 |
83 |
3 |
6 |
Сөздерді жатта.
Мақсаты: Осы әдістеменің көмегімен ес процесінің қайта жаңғырту түрін анықтаймыз.
Орындалуы: Бала бірнеше мүмкіншіліктен кейін қатесіз 12 сөзді айтып шығуы керек. Олар : ағаш, қуыршақ, шанышқы, гүл, телефон, стакан, құс, пальто, шам, сурет, адам, кітап.
Қатарды есте сақтау былай жүреді. Әрбір естіген сөзден кейін бала барлық қатарды қайта жаңғыртуға мүмкіндік алады. Жүргізуші баланың еске түсірген және дұрыс атаған сөзінің сапасын белгілейді, одан кейін сол қатарды одан әрі есептей береді. Мұнан кейін барлық нәтиже толық алынып болғанға дейін алты мүмкіндік жасалады. Жаттығудың нәтижесі келесі графикте көрсетіледі, графиктегі көлденең баланың жаңғыртқан қатары. Тігінен әрбір мүмкіндікте баланың дұрыс айтқан сөзінің сапасы.
Бағалау нәтижесі.
10 ұпай – бала қатесіз 12 сөзді айтып 6 мүмкіндік жасады.
8-9 ұпай - бала 6 мүмкіндікте 10-11 сөзді айтты.
6-7 ұпай - бала 6 мүмкіндікте қатесіз 8-9 сөзді атады.
4-5 ұпай - бала 6 мүмкіндікте қатесіз 4-5 сөз атады.
2-3 ұпай - бала 6 мүмкіндікте қатесіз 5-4 сөз атады.
0-1 ұпай – бала қатесіз 6 мүмкіндікте 3 сөзден артық айта алмады.
10 ұпай -өте жоғары.
8-9 ұпай - жоғары.
4-7 ұпай - орташа.
2-3 ұпай -төмен.
0-1 ұпай-өте төмен.
Ілмек әдісі
Мақсаты: бастауыш мектеп жасындағы баланың санды есте сақтауын анықау .
Қажетті құралдар: үлкен анық етіп жазылған 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 сандары
Нұсқау: «Қазір мен сендерге әр санды жеке-жеке 3 секунд аралығында көрсетіп шығамын, содан кейін сендер әр санды бейнесіне қарай неге ұқсатасыңдар, сол бойынша сандарды бейнемен ауыстырыңдар».
Үлгі: 0 – шеңбер
1 – ілмек
2 – құлақ
3 – «З» әрпі
4 – орындық
5 – жұлдыз
6 – ожау
7 – қазына-нота
8 - өрмекші, т.с.с
0 1 3 4
5 6 7 8
Есте сақтау үрдісінің динамикалық ерекшеліктері
Орындалуы: Балаға 10 сөзден тұратын сөздер қатары беріледі. Әрбір реттің қайталануынан бала қателеспейтіндей қатардағы сөздің саны анықталады.
Балаға есте сақтау үшін сөздер қатарының ішінен біреуін таңдау ұсынылады:
- Үй, парта, ақ, жақсы, алмұрт, бор, күшті, кесе, шырақ, үстел;
- Мысық, қаламсап, қызыл, машина, биік, бояу жаққыш, мама, кітап, тауық;
- Ит, терезе, гүл, кілем, төмен, конверт, аспан, әріп, түс;
- Сағат, жел, балық, жұлдыз, піл, кәмпит, қағаз, стөл, жіп;
Ескерту. Бастауыш сыныптағы және мектепке енді баратын балалардың есте сақтау үрдісінің динамикалық ерекшеліктерін анықтауда , әртүрлі сөздердің жинағын тиімді қолдануға болады.
Қайталаудың саны және оның қайта жаңғырту бұл әдісте 6 рет қана жасалады. Есте сақтауды тексеру қорытындылары график түрінде беріледі. График негізінде есте сақтаудың 2 түрлі динамикалық көрсеткіші анықталады.
- есте сақтау динамикасы
- есте сақтау жемістілігі
Сөз қатарының қайталану саны.
Есте сақтау процесінің динамикасы мінез бойынша қисық құрылады. Қайталаудан қайталауға дейін қисық жоғары бағытталса, бұл жеткілікті динамикалық болып табылады.
Егер қайталаудан қайталауға дейін нәтиже жақсармаса, орташа динамикалық болып табылады. Егер керісінше жақсарса динамикалық емес процесс болып табылады.
Нәтиже бағасы
Алынған мәліметтер бойынша келесі шкалалар бойынша 3 бағаның біреуіне ие болады.
Есте сақтаудың жеткілікті динамикасы -өте жақсы.
Орташа динамикалық – қанағаттандырарлық.
Динамикалық емес – қанағатсыз.
Есте сақтау өнімділігі ұпай бойынша көрсетіледі.
10 ұпай – бала 10 сөзді де қатесіз есте сақтайды.
8-9 ұпай – бала 6 рет қайталанғанда 10 сөзді есте сақтайды.
6-7 ұпай - 6 рет қайталанғанда бала 7-9 сөзді дұрыс есте сақтайды.
4-5 ұпай - 6 рет қайталанғанда бала 4-6 сөзді дұрыс есте сақтайды
2-3 ұпай - бала тек 2-3 сөзді ғана есте сақтады.0-1 ұпай -6 рет қайталанғанда бала тек 1 ғана сөзді есте сақтайды.
Тікелей емес есті анықтау
Қажетті құралдар: парақ, қағаз, қалам.
Нұсқау: «Мен қазір саған әр түрлі сөздер мен сөйлемдерді айтамын, мұнан кейін шағын үзіліс болады. Бұл уақытта сен параққа суретін саласың немесе есіңде қалған сөздерді жазуың керек. Суреттерді немесе жазбаларды тез арада орындау қажет, әйтпесе біз барлық тапсырмаларды орындап үлгермейміз. Сөздер мен сөйлемдердің айтылуын міндетті түрде есте сақтау керек».
Үй. Таяқ. Ағаш. Жоғары секіру. Күн жарқырап тұр. Көңілді адам. Балалар доп ойнап жүр. Сағат тоқтап тұр. Қайық өзеннің бойында жүзіп жүр. Мысық балық жеп отыр.
Балаға әрбір сөзді немесе сөз тіркестерін оқығаннан соң зерттеуші 20 секунд үзіліс жасайды. Осы уақыттың ішінде бала параққа бір нәрсені бейнелеп үлгеру керек, сол сурет арқылы ол қажетті сөздерді және айтылуын еске түсіреді. Егер осы берілген уақытта бала тапсырманы орындай алмаса, онда зерттеуші оны тоқтатып келесі сөздерді оқиды.
Зерттеуді аяқтаған соң психолог баладан суретті және жазуларды қолдану арқылы оқыған сөздерді еске түсіруін сұрайды.
Бағалау нәтижесі
Әрбір дұрыс айтылған өзіндік сурет немесе жазылған сөздер және сөз тіркестеріне бала 1 ұпай алады. Дұрыс айтылған сөздер мен сөз тіркестері есептеліп қана қоймай, есте сақтаудың қалпына келуі тура мағыналы сөздермен тексеріледі. Шамамен дұрыс айтылғандар 0,5 ұпаймен,ал қате сөздер 0 ұпаймен бағаланады.
Әдістеме қорытындысы бойынша жоғары баға 10 ұпайға тең. Мұндай бағаны бала тек қана сөздер мен сөздің айтылуын дұрыс еске түсіргенде алады. Төменгі баға - 0 ұпай: бала өзінің суреті бойынша және жазылуы бойынша бірде – бір сөзді жаза алмайды, сурет сала алмағандықтан есіне түсіре алмайды.
Даму деңгейінің қорытындысы.
10 ұпай - өте жоғары дамыған есту есі;
8-9 ұпай – жоғарғы дамыған есту есі;
4-7 ұпай – орташа дамыған есту есі;
2-3 ұпай – төмен дамыған есту есу;
0-1 ұпай - өте төмен дамыған есту есту
Естің әртүрлі қасиетін зерттеуге арналған тесттер
Тест. (6-8 жас)
Көру, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді есті бағалау.
Балаға таныс заттар бейнеленген 10 суретті кезекпен көрсетеді, әр суретті көрсету уақыты 1-2 секунд. Барлық 10 суретпен танысып болғаннан кейін, баладан еске сақтаған заттарды кезекпен айтып шығу сұралады. Рет саны маңызды емес.
Баланың есте жалпы саннан қанша затты атағаны ескеріледі. Балаға ұмытып қалған суретті қайта көрсетіңіз. 10 минуттан кейін барлық суреттерді еске түсіруі сұралады.
Нәтижені белгілеп қойыңыз. 1 сағаттан кейін суреттердің барлығын еске түсіру ұсынылады. Әдетте, 6-7 жастағы бала 10 заттың 7-8 сіздің көмегіңіз арқылы қайта жаңғыртады.
Тест. « Сөзді еске сақта »
Ұзақ және қысқы мерзімді – есту есін бағалау. Балаға келесі он сөз оқылады – үстел, дәптер, сағат, ат, аға, алма, ит, терезе, шам, от.
Жүргізуші осы сөздердің есте қалғанын айтып шығуды өтінеді.
6 – 7 жасар бала 5 – 6 сөзді қайталайды. Бұл қысқа мерзімді ес үшін жақсы көрсеткіш.
Бала атамаған сөздерді атау және 5 рет қайталау, әдетте 5 қайталағанда бала 9 – 10 сөздің бәрін айтады. Бір сағаттан кейін бұл жаттығуға қайта оралып баладан еске түсіру сұралады. 6 – 7 жастағы бала үшін 7 – 8 сөзді еске түсірсе жақсы көрсеткіш
Тест. «Сөз тіркесін есіңе сақта»
Мағыналық есті бағалау.
Балаға сөз тіркестерін оқу, мысалы:
- Күзде жауын жауады.
- Балалар ойнағанды ұнатады.
- Бақта алма мен алмұрт өседі.
- Әуеде ұшақ ұшады.
- Бала апасына көмектеседі.
Баладан есте қалған сөз тіркесін қайталау ұсынылады. Мұнда ең бастысы сөзбе-сөз қайталау міндетті емес, әрбір сөз тіркесінің мағынасын жеткізсе болады.
Бірінші рет бала сөз тіркесінің бәрін айта алмаса тағы бір рет қайталаңыз.
Есту, көру, моторлы-естуді анықтау.
Көру есі (8 жасар)
Оқушыларға 10 сөзді көру арқылы қабылдау ұсынылады (сыныпта тақтаға баған түрінде жазылады).
Мұнан кейін балаларға еске сақтаған сөздерін жазып шығу айтылады. Алты қайта жаңғыртылған сөз көру есінің дамуы.
Моторлы – есту есі (8 жастан)
Келесі сөзді дауыстап оқимыз – дене, оқ, құм, кітап, жел, шам, ит, жұмбақ, аспан, жаңбыр.
Балалардан осы сөздерді ауада жазу ұсынылады. Мұнан кейін осы сөздерді дәптерді жазулары қажет.
«Әңгіме құрайық» әдістемесі
Мақсаты: Қиял деңгейін анықтауға арналған.
Орындалуы: Балаға әңгіме құрауға тапсырма беріледі. Ойланып, әңгіме құруға 1 минут, ал оны қайталап айтуға 2 минут уақыт беріледі.
Қорытынды баға
Бұл әдістемеде баланың қиялының даму деңгейі төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
- Әңгімені ойлану жылдамдығы;
- Әңгіменің өзіндік құрылымы, ерекшелігі;
- Әңгімеге пайдаланған бейнені түрлендіру;
- Әңгімеде алынған бейнені анықтауы және талдауы;
- Әңгімеде алынған бейненің сезімділігі, әсерлілігі;
Әрбір көрсеткіш бойынша төмендегі тәртіппен 0,1 не 2 ұпай қойылады:
- көрсеткіш бойынша:
а) Егер бала әңгіме құруға 30 сек уақыт жұмсаса –2 ұпай
б) 30 секундтан 1 минутқа дейін уақыт жұмсаса –1 ұпай
в) 1 минут ішінде әңгіме ойлап таба алмаса – 0 ұпай
2 – көрсеткіш бойынша:
а) Егер бала бұрын көргенін, не естігенін жай жаттанды түрде әңгімелесе –0 ұпай
б) Бұрын көргеніне, не естігеніне өз ойын қосса – 1 ұпай
в) Әңгіменің құрылымы мен ерекшелігін түгел өзі ойлап тапса –2 ұпай
3 – көрсеткіш бойынша:
а) Егер бала әңгіменің басынан аяғына дейін бір кейіпкердің (жағдайын, затын) мінез-құлқын жалаң түрде қайталап айта берсе – 0 ұпай
б) Әңгімеде әртүрлі бейне қолданса, 2-3 кейіпкер кездессе және оларға әртүрлі мінездеме берілсе – 1 ұпай
в) Әңгімеде 4 және одан да көп кейіпкерлер болса және әңгімелеуші оларға әртүрлі бағытта мінездеме берсе – 2 ұпай
4 –көрсеткіш бойынша:
а) Егер бала әңгімеде кейіпкерді атап қойып, оған қосымша мінездеме бермесе – 0 ұпай
б) Әңгімеде кейіпкерді атаса және басқа 1-2 белгі көрсетсе –1 ұпай
в) Әңгімеде айтылған зат үш және одан да көп белгімен
сипатталса – 2 ұпай
5 – көрсеткіш бойынша:
а) Егер әңгімедегі бейне тыңдаушыға ешқандай әсер
қалдырмаса, әңгімелеуші өз тарапынан ешқандай сезім
тудырмаса –0 ұпай
б) Әңгімелеуші өз сезімін жеткізе алмаса, тыңдаушы оны әсерсіз қабылдаса –1 ұпай
в) Әңгімелеуші әңгімесін үлкен сезіммен, мәнерлеп жеткізсе және тыңдаушыларға жақсы әсер қалдырса –2 ұпай
Қиял деңгейінің көрсеткіші
10 ұпай - өте жоғары
8-9 ұпай – жоғары
4-7 ұпай – орташа
2-3 ұпай – төмен
- ұпай - өте төмен
Ойлау.
Нысаналардың ұқсастығы, айырмашылығы және себебін анықтау.
Себептерді анықтау, түсініктің анықталуы – бұл бала дамуындағы интеллектуалдық процесті бағалай отырып ойлау операциясы болып табылады. Ойлаудың ерекшеліктері баланың келесі сұрақтарға дұрыс жауап беруімен анықталады.
- Жануардың қайсысы үлкен: ат немесе ит?
- Адамдар таңертеңгілікті азанда ішеді. Түскі және кешкі тамақты ішіп не істейді? (түстенеді, кешкі тамақты ішеді).
- Күндіз көшеде жарық, ал кешке? (қараңғы)
- Аспан көк, ал шөп ? (жасыл)
- Алма, шие, өрік, алмұрт –(жеміс –жидектер)
- Поезд жүргенде, неге шлагбаумды жабады?
- Москва, Киев, Хабаровск? (қалалар)
- Қазір сағат қанша (балаға сағат көрсетіп, сұрайды)
- Кішкентай сиырды бұзау дейді. Ал кішкентай күшік пен кішкентай қойды не деп атайды? (күшік, қозы)
- Ит қайсысына көбірек ұқсайды? Мысыққа немесе тауыққа? (өз ойынша түсіндіру керек)
- Машинаға тежегіш не үшін керек?
- Балға мен балта бір-біріне несімен ұқсайды? (ұқсас қызмет атқаратын құралдар)
- Мысық пен тиіннің өзара қандай ұқсастықтары болуы мүмкін, ортақ? Бұл сұрақта екі мағынада болуы керек, мысалы; бұл талға міне алатын, жұмсақ терісі, құйрығы, төрт аяғы бар жануар)
- Шеге, винт және шуруптың бір бірінен қандай айырмашылығы бар? (Дұрыс жауап: шегенің беті тегіс, ал винт және шуруп кесілген, шегені балғамен ұрады, ал винт пен шурупты бұрайды)
- Футбол, ұзындыққа секіру, теннис, шомылу бұлар не ? (спорт түрлері)
- Көліктің қандай түрлерін білесің? (кем дегенде көліктің екі түрін атау керек)
- Кәрі адам жас адамнан қалай ажыратылады? (қарттардың жастардан айырмашылығының екі белгісін атау керек)
- Адамдар спорт және дене тәрбиесімен не үшін айналысады? (денсаулық сақтау, мықты, әдемі, ұзын болу үшін)
- Егер адам жұмыс істегісі келмесе, неге оны жаман деп санайды? (дұрыс жауаптар: себебі барлақ адамдар жұмыс істеу керек, жақсы өмір сүру үшін, жұмыс істемесе тамақ, үйің, киімің болмайды)
- Неге хатқа марка жабыстыру қажет? ( дұрыс жауап: марка – бұл хат жіберу үшін төленген ақының белгісі)
Нәтижесін шығару
Бала әрбір дұрыс жауабы үшін 0,5 ұпай алады. Сондықтан бұл әдісте бала ең жоғарғы 10 ұпайға ие болады.
Ескерту. Дұрыс жауап осы мысалдарға сәйкес келетіні ғана емес, баланың басқа дұрыс жауаптары да есептеледі. Егер баланың дұрыс жауап бергеніне сенімсіз болсаңыз, онда 0,25 ұпай қоюға болады.
- Даму деңгейінің қорытындысы
10 ұпай - өте үлкен
8-9 ұпай –үлкен
4-7 ұпай –орташа
2-3 ұпай –төмен
0-1 ұпай - өте төмен
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың ақыл-ой дамуының деңгейін анықтау. (З.Ф.Замбициявич ұсынған)
Вербальды тапсырмаларды қосқанда тест төрт субтестен тұрады,бастауыш сыныптардың бағдарламалық материалынан жинақталып алынған.
- Субтест.Заттардың нақты белгілерін ,дифференциациясын және нақты емес белгілердің пайда болуын және сыналушы білім деңгейін зерттеу.
2.Субтест.Нақты заттардың белгілерін және пайда болуын ажырата білу қабілеті,жалпылау және бұрмалау операцияларын зерттеу.
- Субтест.Логикалық ойлау қабілетін және
түсініктер аралығындағы қатынасты зерттеу.
- Субтест.Жалпылау қасиетін анықтау.
Бұл тест сыналушы мен жеке өткізілгені дұрыс.Бұл
қосымша сұрақтар арқылы қателіктерін анықтауға және ойын зерттеуге көмек береді.
Жүргізуші тапсырманы дауыстап оқиды,себебі бала бірге ішінен
қайталап отырады.
- Субтест.
а) етікте бар …(бау,тоқыма,табан,белбеулер,түймелер)
б) жылы жақта өмір сүреді… (аю,бұғы,түйе,тюлень)
в) бір жылда…(24,3,12,4,7) айлар бар.
г) қыс айы …(қыркүйек,қазан,ақпан,қараша,наурыз)
д) ең үлкен құс …(қарға,түйеқұс,қаршыға,торғай,бүркіт,үкі)
е) раушан-бұл… (жеміс-жидек,гүл ,тал)
ж) үкі әрқашан ұйықтайды (түнде,таңертең,күндіз,кешке)
з) су әрқашан (мөлдір,суық,сұйық,ақ,тәтті,)
и)талда әрқашан бар… (жапырақ,гүл,жеміс,тамыр,көлеңке)
к)Ресей қаласы (Париж,Москва,Лондон,Варшава,София)
2-Субтест.Бұл жерде әр қатарда бес сөз берілген,бұлардың төртеуін топқа біріктіре бір ұғым береміз,ал бір сөз бұл топқа жатпайды.Осы артық сөздің астын сызып көрсет.
а)жауқазын,лилия,ас бұршақ,түймедақ,қоңырау гүл.
б)өзен,көл,теңіз,көпір,саз.
в)қуыршақ,қонжық,құм,доп,күрек.
г)Киев, Харьков, Москва, Донецк,Одесса.
д)ақ қайың,жаңғақ тал,үйеңкі,терек,қарағай
е)шеңбер,үшбұрыш,төртбұрыш,тіктөртбұрыш,шаршы.
ж)Иван,Петр,Кестеров,Макар,Андрей
з)тауық,қораз,аққу,қаз,үндік.
и)күні,бөлу,қосу,көбейту.
к)көңілді,тез,мұңлы,тәтті,ұқыпты.
3-Субтест.Мына мысалдарды мұқият оқы.Бір-бірімен байланысты бір топ сөздер сол жақ бағанада жазылған.(мысалы,орман,талдар). Оң жақта асты сызылған бір сөз (мысалы,кітапхана) және сызықтың астында бес сөз (мысалы,бақша,аула,қала,театр,кітаптар).Саған сызықтың астындағы бес сөздің біреуін таңдап алып,сызықтың үстіндегі бір сөзбен қосу керек.Бірінші мысалдағыдай.
Мысалдар:
Орман (ағаш =кітапхана)бақша,аула,қала,театр, кітаптар.
Жүгіру (тұру=айқайлау) Үндемеу,еңбектеу,шулау,шақыру,жылау.
Яғни,сол жақ пен оң жақ сөздер арасындағы байланысты табу керек.
а) қияр георгин
------------ = --------- ----- --------------------------
жидек арам шөп,шық,бақша,гүл,жер
б)мұғалім дәрігер
-------- ---------------------------------------------
оқушы төсек,науқастар,палата,термометр
в)бақша бау-бақша
----------- ------------------------------------------------
сәбіз дарбаза,алма тал,құдық,орындық,гүл
г) гүл құс
--------- ------------------------------------------------
құмыра тұмсық,шағала,құстың ұясы, жұмыртқа
қолғап етік
д) ---------- -------------------------------------------------
қол шұлық,табан,тері,аяқ,шөтке
е) қараңғы дымқыл
----------- -----------------------------------------------
жарық жарық,сырғанақ,құрғақ,жылы,суық
ж) сағат термометр
--------- -----------------------------------------------
уақыт шыны,температура,төсек,науқас,дәрі
з) машина қайық
----------- -----------------------------------------------
матор өзен,теңізші,саз,желкен,толқын
и) орындық ине
------------- ----------------------------------------------
ағаш өткір,жұқа жылтыр,қысқа,темір
к) стол еден
------------ -------------------------------------------------
скатерть жиқаз,кілем,шаң,тақтай,шегелер.
Субтест.Бұл жұп сөздерді бір ұғым мен атауға болады.
Мысалы;сым,көйлек,...киім,ұшбұрыш ,тік төртбұрыш...фигура.
Әр жұптарға ат ойлап тап.
а)сыпырғы,күрек...
б)окунь,карась...
в)жаз,қыс...
г)қияр,қызанақ...
д)сирень,итмұрын...
е)шкаф,диван...
ж)күн,түн...
з)піл,құмырсқа...
и)маусым,шілде...
к)ағаш,гүл....
Дұрыс жауаптар.
а)Асбұршақ
б)көпір
в)құм
г)Москва
д)жаңғақ тал
е)укзка
ж)Нестеров
з)Аққу
и)күні
к)тәтті
1-Субтест
а)табан
б)тұйе
в)12
г)ақпан
д)түйеқұс
е)гүлдер
ж)күн
з)сұйық
и)тамыр
к)Москва
3-Субтест.
а)георгин,гүл
б)дәрігер,науқас
в)бақша,алма ағаш
г)құс,ұя
д)етік,аяқ
е)дымқыл,құрғақ
ж)термометр,ткмпература
з)қайық,желкен
и)ине,темір
к)еден,кілем
4-Субтест
а)жұмыс құралдары
б)балық
в)жыл мерзімі
г)жидек
д)куст
е)жиһаз
ж)өсімдік
з)тәулік мерзімі
и)жануар
к)жаз айы
Баға және интерпретация қорытындысы.
1-Субтест.
Егер бірінші тапсырманың жауабы дұрыс болса,не үшін бау емес?деген сұрақ қойылады.Дұрыс түсіндірілгеннен кейін дұрыс жауап 0,5 ұпаймен бағаланады.Егер жауап қате болса,балаға дұрыс ойланып жауап таңдау үшін көмек беріледі.Екінші мүмкіндіктен кейін дұрыс жауапқа 0,5 ұпай беріледі.Бұл субтестіге е және к дайындықтарына жауап қайта қате болса,онда әрқашан сөзінің мағынасы зерттеледі.Дұрыс жауап-сұрақтары үшін – субтестіге дайындық сұрақтары қойылмайды.
2-Субтест.Егерде 1 сұраққа жауап дұрыс болса, “неге ?” сұрағы қойылады.Дұрыс түсндірілген жауапқа 1 ұпай,ал дұрыс емес жауапқа 0,5 ұпаймен бағаланады.Егер де жауап қате болса,жоғарыда айтылғандай қолданылады. Екінші мүмкіндіктен кейін дұрыс жауап үшін 0,5 ұпай қойылады. 2 Субтест дайындықтарына да қосымша сұрақтар қойылмайды.
3-Субтест.Дұрыс жауап үшін -1 ұпай,- мүмкіндіктен кейінгі жауап үшін 0,5 ұпай.
4-Субтест.Егер де жауап қате болса,тағы да келтірілген жауаптарға бағалар теңдестірілген.3-4 субтестерді шешкен кезде анықтаушы сұрақтар қойылмайды.
Қорытындыларды зерттеу үшін әр баланың алған әр субтесте алынған және барлық субтестерді қоса алынғандағы ұпай сандары есептелінеді.Әр зерттелуші барлық субтестерді қосқанда ең жоғары 40 ұпай алу керек(100 пайыздық үлгеріммен).Сонымен қатар 2 мүмкіндіктен кейін алынған дұрыс жауаптар ұпайларын есептеу дұрыс болады.Экспериментатор балаға қайта ойлануға мүмкіндік бергеннен кейін,дұрыс жауаптар көбейетін болса,бұл баланың алғашқы зейінінің дұрыс еместігін және ойланбай жауап бергендігін көрсетеді.
2 Мүмкіндіктің дұрыс жауаптарының ұпайларын қосу – баланың психикалық дамуында кешеуілдеу бар екенін және қай кезеңіне жататынын анықтауға мүмкіндік береді.
Субтестердің үлгерімділік бағасының шешуі мына формула арқылы шешіледі
ҮБ=X.100%
Мұндағы Х-сыналушы адам алған ұпай саны.
Ұпайлау негізінде жекелік белгілерін бөлу үшін келесі үлгерімділік деңгейлері таңдалды;
4 .үлгерімділік деңгейі -32 ұпай және одан жоғары (80-100%ҮБ).
3 .үлгерімділік деңгейі-31,5-26 ұпайлар (79,9-65%)
2 .үлгерімділік деңгейі 25,5-20 ұпайлар (64,9-50)
1.үлгерімділік деңгейі 19,5 және одан төмен ұпйлар (49,9% және одан төмен)
Оқушылардың өзін бағалауын зерттеу әдістемесі
Егер сен осы сұрақтарға жауап берсең,міндетті түрде өзіңді тағы бір қырынан танитын боласың.Тестің сұрақтарын оқы. Ойлан.Толған. Оларға жауап бер.
1.Сабақ үстінде сен өзіңнің парталас бір досыңмен бір маңызды тақырыпқа сөйлесіп отырсыңдар. Сен мұғалімнің сендер жаққа жақтырмай қарағанын аңғардың. Сонда сен не істейсің?
А.Түк болмағандай сөзіңді жалғастыра бересің -1 ұпай;
Ә.Мұғалімнің ары қарағанын күтіп, көршіңе қайта бұрыласың -2 ұпай;
Б. Сен ескерту алатыныңды түсінесің -3 ұпай;
В.Сол сәттен қоңырау соғылғанға дейін тыныш отырасың -4 ұпай.
- Анаң сен ұнататын 200 грамм кәмпит сатып әкелді. Бұл тәттілер сенің үйіңде қанша күн сақталады ?
А. 200 грамм ба? Ол аз. Мен оны бір отырғанда-ақ жеп қоямын! -1 ұпай;
Ә. Мен сол сәтте кем дегенде оның жартысын жеймін – 2 ұпай;
Б.Мен бірден бірнешеуін жеп,қалғанын кейінге қалдырамын – 3ұпай;
В. Мен асықпаймын. Рахаттана түсу үшін,күніне бір тал кәмпиттен ғана жеп отырамын -4 ұпай;
3.Жұма күні саған дүйсенбіге дейін орындалуы тиіс үй тапсырмасы берілді. Сен оны орындаауға қашан кірісесің?
А.Оны орындамасам да болады ... -1ұпай;
Ә. Жексенбі күні кешкісін -2 ұпай;
Б. Сенбі күні -3 ұпай ;
В.Тура жұма күні мектептен келісімен -4 ұпай;
4.Досың сенің көзіңше бір күлкілі жағдайға ұшырады. Сен оны қанша уақытқа дейін мазақтап жүресің?
А.Ұзақ уақыт сол оқиға ұмтылғанша -1ұпай;
Ә. Бірнеше күн деп ойлаймын -2 ұпай;
Б. Бір-екі күн күліп ұмытып кетемін -3 ұпай;
В. Мен оны мүлдем мазақтамаймын – 4ұпай;
- Сенің туған күніңе әжең 500 теңге сыйлады. Сен оны қашан, қалай жұмсайсың?
А. Сол күні-ақ дүкенге барып,сағыз,газды сусын, шокалад,балмұздақ
сатып аламын -1 ұпай;
Ә. Мен оны жұмсамас бұрын ойланамын. Содан кейін барып керек затымды
аламын – 2 ұпай;
Б. Мен асықпаймын. Қашан маған керегі болғанша ,оны сақтап қоямын -3 ұпай;
В.Мен өзім жинап жүрген қорыма қосып қоямын -4 ұпай;
- Мінекеи, көктем де келді! Кешқұрым жылы, қараңғылық кештеу түседі ... Сен достарыңмен қызықты ойын ойнап жатырсың. Үйге кешігіп келуің мүмкін бе?
А.Әрине! Мен бір нәрсемен айналысып жатқанда, дүниенің бәрін ұмытып
кетемін -1 ұпай;
Ә. Егер шынымен қызықты болса ,мен ойынды жағастыра бермін -2 ұпай;
Б. Әрдайым мен уақытты бақылай білемін – 3 ұпай;
В. Мен ойын барысында да үйге кеш бармау үшін, сағатыма қарап отырамын -4 ұпай;
Сен айтысуды қашан тоқтатасың?
А. Мен қарсыласымды мойындатқанда ғана тоқтаймын -1 ұпай;
Ә. Өз пікірімді айтып болғаннан кейін – 2 ұпай;
Б. Айтысудың қажетсіз екеніне көзім жеткенде ғана -3 ұпай;
В. Айтысуды мүлдем ұнатпаймын -4 ұпай;
- Әлбетте ,компьютерлік ойындарды жақсы көресің. Саған керемет бір ойын кездесті. Сен онымен қанша уақыт ойнай аласың?
А. Өмір бойы – 1ұпай;
Ә. Күні бойы – 2 ұпай;
Б.Бірнеше сағат -3 ұпай;
В.Бір сағаттан артық емес. Өйткені компьютерде ұзақ отыру денсаулыққа зиянды -4 ұпай;
9.Өміріңде таңғажайып бір оқиға болды. Мысалы,ата-анаң саған туристік жолдама алып келді, немесе армандап жүрген затыңды сыйлады, немесе журналда сенің суретің басылды. Осы жайында кімге айтар едің?
А.Барлығына -тіпті мысығыма да , итіме де -1 ұпай;
Ә. Сыныптастарыма,мұғалімдеріме, туыстарыма, достарыма,жақындарыма,
көршілеріме -2 ұпай;
Б.Достарым мен туыстарыма -3ұпай;
В. Ең жақын адамдарыма -4 ұпай;
Ал, енді жинаған ұпайларыңды қос. Оның қорытындысы сенің қандай адам ееніңді көрсетеді.
-9 дан 14 ұпайға дейін жинасаң: «қанағат сезімі» сен үшін белгісіз. Сенің талаптарың мен тілектеріңді аз ғана шектеу керек. Ол қасиетің сенің болашақтақтағы естияр өміріңе көмегін тигізеді;
-15 тен 22 ұпайға дейін жинасаң: албырт,қызыққұмар адамсың. Сен өзіңнің ішкі «Меніңді» басқарып үйренуің қажет.Оған «ақыл», «ой», «сезім», «әрекет» секілді құндылықтар көмектеседі.
-23 тен 30 ұпайға дейің жинасаң: сен «қанағат» сезімін жақсы білесің,сол себепті өзіңнің сезіміңді,ойыңды,әрекетіңді басқара аласың;
-31- ден 36 ұпайға дейін жинасаң: сен бір әрекетті жасарда,немесе сөзді айтарда артық кетпеу үшін жалтақтап тұрасың. Оның қажеті шамалы. Өзіңді-өзің еркін ұстауды үйрен.
Мақсаты:
Оқушылардың өзі туралы, өзіндік бағасын білуін анықтау .
Өзін жане өзгелерді дұрыс бағалауды қалыптастыру. Алдын ала оқушылармен келесі сұрақтарды қойып әңгімелесуге болады немесе тест сұрақнама түрінде ұсынуға болады .
- Сені мақтаса саған ұнайды ма?
- Сені жиі мақтай ма ? Сен жиі мақтағанды қалайсың ба? Егер сені мақтаса ,неліктен ұнамайды?
- Қалай ойлайсың,сенің жолдастарыңа сенімен бірге болу ұнайды ма?
- Балалар саған қандай роль береді ?
- Сен өзіңе қандай роль таңдар едің ?
- Сен қалай ойлайсың сенің достарың, мұғалімдер, туған-туыстарың саған әртүлі қатынас жасайды ма?
- Сенің ойыңша өзіндік баға деген не?
Өзіндік баға жеке адамның өзін, өзінің мүмкіндіктерін бағалау - өзіңе деген талап,табыс пен сәтсіздікке деген қатынасты анықтайды Өзін бағалау адамның бейімділігі мен өзіндік жетілу ынтасына байланысты.Оған келесі формуланы қолданылады:
табыс
Өзіндік баға=----------------
талаптану
Өзіндік бағаны анықтауға арналған “Мен қандаймын” әдістемесі
6-9 жастағы балаларға анықтауға арналған. Іс-қағазды ұсына отырып,баладан әр түрлі жағымды қасиетін бағалауын сұрайды.
“Иә” жауаптары 1 ұпай “жоқ” жауаптары 0 ұпай “білмеймін” немесе “кейде” 0,5 ұпаймен бағаланады. Өзіндік бағалау деңгейі баланың барлық мінез сапалары бойынша жинаған ұпай санымен анықталады.
“Мен қандаймын” әдістемесінің хаттамасы
№ |
Бағаланатын сапалар |
Вербальды шкала бойынша Баға |
|||
1 |
Сапалар |
Иә |
Жоқ |
Кейде |
Білмеймін |
2 |
Жақсы |
|
|
|
|
3 |
Қайырымды |
|
|
|
|
4 |
Ақылды |
|
|
|
|
5 |
Ұқыпты |
|
|
|
|
6 |
Тіл алғыш |
|
|
|
|
7 |
Зейінді |
|
|
|
|
8 |
Сапалы |
|
|
|
|
9 |
Қабілетті |
|
|
|
|
10 |
Еңбексүйгіш |
|
|
|
|
11 |
Адал |
|
|
|
|
10.Ұпай өте жоғары 2-3 төмен
8-9 –жоғары 0-1 өте төмен.
4-7 орташа
Де-Греефэ бойынша оқушының өзіндік бағасын анықтау.
Нұсқау: Сенің алдыңда үш шеңбер тұр. 1-ші шеңбер –мұғалімді, 2-ші шеңбер - өзіңді, 3-ші шеңбер- сенің жолдасыңды білдіреді. Әр шеңберден төмен қарай тіке сызық түсіру керек. Шеңберлердегі үш адамның қайсысы ең ақылды болса, сол адамнан ең ұзын тіке сызық түсіресің; ақылы орташа болса орташа сызық; төмен болса – қысқа сызық түсіресің.
Содан кейін оқушыдан оның мұғалімінің, жолдасының есімдерін сұрап, оларды шеңберлерге жазып қоюын сұраңыз. Бала сызықтарды шеңберден төмен түсіреді.
Нәтижені өңдеу.
Егер оқушының сызған сызықтарының ұзындығы бірдей болса немесе ең ұзын сызықты өзіне қойса – ол оның ақыл-ойының толық жетілмегенін білдіреді; психикасы қалыпты оқушы ең ұзын сызықты мұғалім орналасқан шеңберге қояды. Егер ол орташа сызықты өзіне қойса, қысқа сызықты жолдасына қойса немесе керісінше болса, ол қалыпты жағдай.
Алынған нәтижелерді басқа әдістеме көрсеткіштерімен салыстыра отырып, оқушымен әңгіме жүргізу керек.
Бастауыш сынып оқушыларының мектепке деген мотивациясын
зерттеу әдістемесі.
Нұсқау: Балаларға әңгіме оқылады:
Балалар мектеп жайлы әңгімелесіп жатыр. Бірінші бала : Мені мектепке анам қинап апарады. Егерде анам апармағанда мен мектепке мүлдем бармас едім.
Столдың үстінде суреті бар үлестірмелі қағаз жатады №суретте Сұқ саусағымен мектепті көрсетіп тұрған әйел бейнесі: оның алдында қолында сөмкесі бар бала. (сыртқы мотив)
Екінші бала (қыз ) айтты : Маған сабақ оқыған ұнайды мен сонықтан мектепке барамын. Тіпті мектеп болмаған күннің өзінде де мен оқитын едім
№ 2 сурет көрсетіледі партада отырған баланың сұлбасы бейнеленген (оқу мотив)
Үшінші бала айтты . Мен мектепке ойнау үшін барамын маған онда қызық, ойнайтын балалар көп.
№3 сурет көрсетіледі доп ойнап тұрған екі баланың суреті бейнеленген
Төртінші бала айтты. Мен мектепке үлкен болу үшін барамын, мектепте мен өзімді ересек сезінемін. Мектепке дейін мен кішкентай болдым.
№4 суретте үлестірмелі қағаз көрсетіледі. Бір біріне арқасымен қарап тұрған екі бала бейнеленген: бойы ұзынның қасында портфель, бойы кішісінің қолында ойыншық автомабиль (позициялы мотив)
бесінші бала айтты : Мен мектепке оқу үшін барамын. Оқусыз еш нәрсе істей алмайсың, ал оқыған адамның қолынан бәрі келеді.
№5 Үлестірмелі қағаздағы сурет көрсетіледі, қолында портфелі бар бала мектепке бара жатыр ( әлеуметтік мотив)
Алтыншы бала айтты мен мектепке бестік үшін барамын
№6 суреті бар үлестірмелі қағаз көрсетіледі :
Ашылған дәптерді ұстап тұрған бала. Әңгіме оқылып болғанан кейін сұрақтар беріледі:
- Сенің ойыңша бұл балалардың қайсысы дұрыс-таңдау жасады
- Олардың ішінде сен қайсысымен бірге ойнар едің
- Олардың қасысымен бірге оқығың келеді ? неге
Бала жауабында мазмұны жеткізіліксіз түрде ашылама, бақылау сұрағын қоюға болады: Бұл бала не айтады?
Зерттеулерді өңдеу
Жауаптар жалпы кестеге жазылып, содан кейін эксприментор бағалайды
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 таңдау |
|
|
|
|
|
|
2 таңдау |
|
|
|
|
|
|
3 таңдау |
|
|
|
|
|
|
Бақылау таңдауы |
|
|
|
|
|
|
1 таңдау сыртқы мотив –0 ұпай 4 таңдау 3ұпай
2 таңдау оқу мотив – 5 ұпай 5 таңдау - әлеуметтік таңдау 4 ұпай
з таңдау ойын мотив 6 таңдау - баға 2 ұпай
Бақылау көрсеткіші таңдаған ұпай санына жалпы қосылады .Оқу мотивациясы жоғарғы ұпай санымен анықталады. Мұнымен бірге өзге мотивтерді таңдауы мүмкін.
Оқушыларының мектепке деген мотивациясын зерттеу әдістемесі.
Балаларға « Маған мектепте не ұнайды?» тақырыбына сурет салу ұсынылады. Суреттің берілген тақырыпқа сәйкес болмауы автордың пікірінше:
А) Мектепке деген мотивацияның көрінбеуі және ойын мотивінің көрінуі. Бұл жағдайда балалар машина, ойыншық соғыс әрекеттерін, өрнектер салады.
Б) Баладағы жағымсыз қасиет. Бала мектеп тақырыбына сурет салудан үзілді- кесілді бас тартады, оның орнына ұнатқан суретті салу, мұндай мінез құлық мектеп талаптарына қиындықпен бейімделу деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді.
В) Қойылған мақсатты түсінбеу. Балалар ешқандай сурет салмаса немесе басқа балалардың суретін көшіріп алса, мұндай балаларды психалық дамуы кешеуілдеген балаларға жатқызуға болады. Мұндай жағдай 0 ұпаймен бағаланады.
Суреттердің берілген тақырыпқа сәйкестігі:
А) Оқу жағдайлары жоғары мектеп мотивациясын, оқу белсенділігін және оқушылардың танымдық мотивін көрсетеді. (30 ұпай)
Б)Оқу жағдайына сай емес мектептің сыртқы көрінісі мектепке жағымды қатынасты көрсетеді,бірақ сыртқы мотивацияның басым болуымен ерекшеленеді.
В)Мектептегі ойын жағдайларының суреті мектепке қатынастың жағымды екенін көрсетеді, бірақ ойын мотивациясы басым болуымен ерекшеленеді.
Н.Г.Лусканова мектеп мотивациясының деңгейінің скрингтік базасына арналған арнайы сауалнама ұсынады, 10 сұрақтан тұратын, жауаптары 0 мен 3 ұпай арасында бағаланады, (жағымсыз 0 ұпай, нейтралды 1 ұпай жағымды 3 ұпай). 25-30 ұпай жинаған оқушылар мектепке бейімделудің жоғары деңгейін көрсетсе, 20-240 ұпай жинаған оқушылар орташа норма, 15-19 сыртқы мотивация, 10-14 төменгі мектеп мотивациясы, 10 ұпайдан төмен мектепке деген қатыныстың жағымсыздығын көрсетеді.
АНКЕТА СҰРАҚТАРЫ.
1.Мектепте оқыған саған ұнай ма?
- Таңертең ұйқыдан оянғанда мектепке қуанышпен барасың ба , әлде үйде қалғың келе ме?
3.Егер мұғалім ертең мектепке келу барлық оқушыларға міндетті емес деп айтса, сен келер ме едің?
4.Егер қандайда бір сабақтарды өзгертсе саған ұнайды ма?
5.Үйге тапсырма берілмесе саған ұнайды ма?
6.Мектепте тек қана белгілі бір сабақтардың қалдырылуы саған ұнайды ма?
7.Сен ата-анаңа мектеп туралы жиі айтасың ба?
8.Сенің мұғаліміңнің қатал болмағанын қалар ма едің?
9.Сыныпта сенің достарың көп пе?
10.Сенің сыныптастарың саған ұнайды ма?
Сауалнаманы мектеп мотивациясының динамикасын бағалау үшін қайта жүргізуге болады. Мектеп мотивациясының деңгейінің төмендеуі – баланың мектепке бейімделмеуінің көрсеткіші, жоғарылауы- даму мен оқыту динамикасының жағымдылығын анықтайды.
Жүргізілген зерттеулер баланың мектепке бейімделуінің 3 деңгейін анықтауға мүмкіндік берді:
Жоғары деңгей – бала мектепке жоғары қатынаста, ұсынылған талаптарды тепе-тең қабылдайды: оқу материалын жеңіл меңгеруі, мен бағдарламаны толық игеруі,ал тапсырманы сыртқы бақылаусыз толық орындайды, сыныпта беделді барлық сабақтардан өзіндік жұмыста қызығушылық көрсетеді,.
Орта деңгей – бала мектепке жағымды қатынаста, оқу материалын түсінеді, бағдарламаның негізгісін игереді, типтік есептерді өз бетінше шеше алады, тапсырманы орындауда зейінді, сыныпта көп балалармен достық қарым- қатынаста ,бірақ бақылауды қажет етеді,.
Төменгі деңгей – бала мектепке қатынасы жағымсыз, денсаулығына шағымданады,көңіл күйі төмен, тәртіпті бұзады,өзіндік сабақтарға қызығушылық көрсетпейді,сабаққа үнемі дайындалмайды, көмек пен бақылау талап етеді, енжар, сыныпта жақын достары жоқ.
Пәндер рейтингі
Мақсаты: Оқушылардың әр пәнге байланысты эмоционалды көңіл күйін анықтау
Орындалуы: оқушыларға осы оқу жылында өтіліп жатқан рет – ретімен жазылған пәндер тізімі бар іс-қағазы таратылып беріледі, оларға әр пәнге қандай көңіл күймен баратындығы туралы төмендегі белгілерді белгілейді.
Қажетті құралдар: пәндер тізімі жазылған іс-қағазы, қаламсап.
Көңілді – 2 ұпай
Бір қалыпты – 1 ұпай
Көңілсіз – 0 ұпай
Оқушыларға іс-қағазы төмендегі ұсынылған суреттерді белгілеу ұсынылады, кейін іс-қағазы, жиналып алынады.
Нәтижені өңдеу: ұпайлардың жалпы санын есептеп, бір оқушының немесе сыныптағы барлық оқушылардың әр пәнге байланысты сабақтағы эмоционалды жағдайларының пайыздық деңгейі шығарылады, оны тізбекке орналастыруға болады.
Пәндер рейтингі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Көңілді |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бір қалыпты |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Көңілсіз |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ұпай |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Пайыз |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
60% жоғары – жағымды эмоционалды жағдай
50%-60%-орташаэмоционалдыжағдай
50% - төмен жағымсыз эмоционалды жағдай
“Түрлі-түсті суретті” тест арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу үрдісіндегі психикалық қалпын анықтау
Авторлар: А.О. Прохоров, Г.Н. Генинг
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының психикалық қалпын анықтау
Қажетті құралдар: ақ парақ, қаламдар: қызыл, сары, көк, жасыл, қара, қоңыр, қызыл-сары, көгілдір, ашық қызыл (розовый); парақтың сол жағында 50x50 мм төртбұрыш болу қажет.
1 Нұсқау: «Балалар! Алдарыңда ақ қағаз және түрлі түсті қаламдар бар. Парақтың сол жағында төртбұрыш бар. Сол төртбұрыштың ішіне әр түрлі түстермен өздерінің көңіл-күйлеріңді бейнелейсіңдер. Төртбұрышты бөлшектерге бөлуге болады және бірнеше түстерді қолдануға болады».
2 Нүсқау: «Балалар! Қазір сендер өздеріңнің үйлеріңді түспен боядыңдар, ал енді ойланып көріңдер, көңіл-күйлеріңіз қандай затқа немесе бейнеге ұқсайды. Ол мүмкін айналадағы заттар шығар. Мысалы: доп, гүл, жаңбыр, жел, күн және т.б.
Суретті оң жағына салу керек».
Әдістің нәтижесін өңдеу
№ |
Түс |
Сурет |
Күй |
1 |
Қызыл |
Дәптер, парта, сынып, тақта ж.т.б. оқу құралдары |
Белсенділік |
2 |
Қызыл- сары (бірге) |
Кемпірқосақ, Жаңа жыл, шырша, торт, балмұздақ, кәмпит, сыйлық, төмпек, «5» (баға), күн, үрлейтін шар |
Қуаныш |
3 |
Жасыл |
Бағдаршам,машина, теледидар, жол, цирктегі жанглер, сыныптағы тақта |
Зейінділік) |
4 |
Ашық қызыл (розовый) |
Работ, машина, компьютер, қуыршақ (кукла), принцесса |
Қиял, армандаушылық |
5 |
Қара |
Жаңбыр, дақ, партаның үстінде үйықтау.
Жатқан оқушы |
шаршау |
6 |
Қызыл түсті сары (оранжевый) |
Гүл, ойнап түрған балалар, жануарлар, бала |
Достық қалып, жылы шырай, мейірімділік |
|
|
кәрі әжеге көмектесу |
|
7 |
Сары |
Сынған ваза, мүғаліммен, анамен тұрған бала |
Адалдық |
8 |
Ашық көк |
Душ, бассейн, теңіз |
Сергектік, ширақтық |
9 |
Көк |
Волейбол, футбол, көтеріліп түрған қоп, жіппен секіру |
Құмарлылық |
10 |
Көк |
Мұғаліммен және басқа үлкендермен түрған бала |
Сыйлау |
11 |
Қоңыр |
«жедел жәрдем», айдала, мола, құлаған бала, анасы баласының басынан сипап жатыр |
Жан ашу, көңіл білдіру, қайғыға ортақтасу |
Түрлі-түсті суретті тест арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу процесіндегі психикалық қалпын анықтап, келесі қорытындыларды жасауға болады: оқушылардың психикалық қалпы тұрақты, көбінесе қуаныш, жылы шырай, белсенділік күйлері байқалады немесе оқушыларда қобалжу бар екенін білдіреді.
Қорқынышты анықтау әдістемесі.
Қоқынышты анықтау әдістемесі балада келесі тізбек сұрақтары бойынша өткізуге болады.Балаға келесі сұрақ қойылады: ”өтінемін айтшы, сен неден қорқасың?” деп бастаған жөн.
- Жалғыз өзің қалғанда ма?
- Ауырып қаламын деп пе?
- Өлімнен бе?
- Қандай да бір балалардан ба?
- Тәрбиешіден бе?
- Сені жазалаудан ба?
- Жалмауыз кемпірден бе, ?
- Қорқынышты түстерден бе?
- Қараңғыдан ба?
- Қасқырдан, иттен аюдан, шаяннан, жыланнан ба?
- Машинадан, поездан, ұшақтан ба?
- Дауылдан, найзағайдан, қатты желден, су тасқынынан ба?
- Биіктіктен бе?
- Тар бөлмеден, әжетханадан ба?
- Судан ба?
- Оттан ба?
- Соғыстан ба?
- Дәрігерлерден бе?
- Қаннан ба?
- Дәрі егуден бе?
- Ауырғаннан ба?
- Кенеттен шыққан дыбыстан ба?
Психолог берілген сұрақтарға алынған жауаптар негізінде балаларда қорқыныш болу деңгейі туралы қорытынды жасайды.
Балада көптеген түрлі қорқыныштың болуы – алғашқы жағдайдың маңызды көрсеткішін көрсетеді.
Мұндай балаларды бірінші кезекте “тәуекел” тобына жатқызу керек және олармен арнайы түзету жұмыстарды жүргізу керек.
Барлық айтылған қорқыныштарды бірнеше топқа бөлуге болады: медициналық (ауыру, укол, дәрігер…)
Денеге зиян келетін қорқыныш (кенеттен шыққан дыбыс, көлік, от, өрт, апат, соғыс)
өлім қорқынышы (өзінен)
ертегі кейіпкерінен алынған жануарлар қорқынышы
қорқынышты түстер мен қараңғылық қорқынышы :
әлеуметтік жанама қорқынышы (адамдардан, балалардан, жазалаудан,кешігуден, жалғыздықтан)
“ кеңістік” қорқынышы (биіктен, судан)
Үрейлікті анықтау.
Үрейлену тестін мақсатқа сәйкес кейбір жағдайларда қолданамыз, яғни 4-7 жас аралығындағы балалардың өмірдегі жағдайда басқа адамдармен қатынас кезінде типтік қатар бойынша үрейленуін анықтауға мүмкіндік береді.
Үрейлікті эмоционалды жағдай түрлері ретінде және жеке деңгейде субъектінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуден тұратын міндет
ретінде қарастырады. Үрейдің жоғары деңгейі баланың басқа әлеуметтік жағдайда эмоционалды бейімділіктің жеткіліксіздігі туралы дәлелдейді.
Үрейлік деңгейін білу – бұл баланың ішкі қатынасын (әлемін) белгілі жағдай типін бағалауға немесе баланың үлкендермен, жолдастарымен қатынасы туралы отбасында бала-бақшада, мектептегі әрекеттестік мінезі туралы жанама ақпарат беруге көмектеседі.
- Кіші жастағы балалармен ойын (бала екі баламен ойнап жатыр)
- Бала және ана нәрестемен (бала қоларбамен нәрестені алып келе жатқан анасының жанында келе жатыр.)
- Агрессия нысанасы (бала өзін ренжіткен қатарласынан қашып келеді)
- Киіну (бала үстелде отырып бәтеңкесін киіп жатыр.)
- Үлкен балалармен ойын (бала ересек балалармен ойнап жатыр)
- Жалғыздықта ұйықтау. (бала өз төсегіне келе жатыр, ал ата-аналары оған арқасымен жұмсақ орындықта отыр)
- Жуыну (бала жуынатын бөлмеде жуынып жатыр)
- Сөгіс (анасы баласын сұқ саусағымен бұлғап ұрысып жатыр.)
- Шындықты елемеу (әкесі баласымен ойнап жатыр, ал бала жалғызсырап тұр)
- Агрессивті шабуыл (қатарласы баладан ойыншығын алып жатыр)
- Ойыншықтарды жинау (анасы мен баласы ойыншықтарды жинап жатыр)
- Жалғыз қалу (екі бала жалғыз жылап тұрған сәбиден қашады)
- Бала ата-анасымен( бала әкесі мен анасының ортасында тұр.)
- Жалғыздықта тамақтану (бала үстелде қолында стақанымен жалғыз отыр)
Әрбір аталған өмірлік жағдайлар екі нұсқада орындалған: ұлдарға және қыздарға арналған.
Суреттер балаға берілген қатармен қатаң тәртіппен ұсынылады,
әңгімелесу бөлек бөлмеде өтеді. Суретті көрсетіп болған соң психолог келесіні сұрайды: “ сен қалай ойлайсың, баланың әлпеті көңілді ,ме көңілсіз бе? Ол нәрестемен ойнап жатыр”
Он төртінші сұрақтарға дейін осы сөздер қайталанады.
Баланың танымдық таңдауы дұрыс болу үшін нұсқаудағы атаудың түрі кезектесіп отыру қажет. Балаға қосымша сұрақ қоюға болмайды.
Баланың сәйкестелген бейнені (көңілді немесе көңілсіз) таңдауын және адамдардың ауызша пікірлерін арнайы алдын ала дайындалған хаттамаға жазылады.
Ұсынылған суреттерді жағдайлар өзінің эмоционалды түстерімен ерекшеленеді.
Сонымен , 1,5 және 13 суреттер ұнамды түсті
3,8,10 және 12 суреттер эмоцианалды ұнамсыз бейне
2,4,6,7,9,11 және 14 суреттер екі ойлы бейне
Екі ойлы бейнелер негізі танымдық ауыртпалық әкеледі – бала қандай эмоцианалдық ой береді және бұл ойлар баланың дүние танымдық түсінігіне бағытталады.
Әр баланың хаттамасы сандық және сапалық талдау бойынша жүргізіледі.
Сандық талдау
Берілген хаттама негізінде баланың үрейлік индексін есептеп шығару керек.
ҮР* эмоцианалды-жағымсыз таңдау саны
----------------------------------------------- х 100%
14
Үрейлік индексі бойынша 3,5-7 жас аралығында балалар үш топқа бөлінеді.
- жоғары деңгейлі үрей (үр х50 пайыздан жоғары)
- орташа деңгейлі үрей (үр 20 пайыздан х50 пайызға дейін)
- төмен деңгейлі үрей (0-ден 20 пайызға дейін)
Сапалық талдау.
Баланың әр жауабын бөлек талдау керек. баланың қазіргі жағдайдағы қазіргі тәжәрибесі туралы қорытынды жасалынады.
әсіресе 4(киіну), 6(жалғыздықта ұйықтау), және 14-ші суреттер (жалғыздықта тамақтану) жоғарғы танымдық мағыналы суреттер.
Осы аталған суреттегі жағдайда эмоцианалды таңдау жасаған балалардың үрейлік индексі жоғары дәрежелі мүмкіндікке ие.
2-ші (нәресте және бала анасымен), 7(ояну), 9 (шындықты елемеу), 11 (ойыншықты жинау) суреттердегі жағдайда эмоцианалды жағымсыз таңдау жасаған балалардың үрейі жоғары немесе орташа дәрежедегі үлкен мүмкіндікке ие.үрейліктің жоғарғы деңгейін ”бала – бала” (кішкентай балалармен ойын, агрессиялық нысана. Үлкен балалармен ойын, агрессивті шабуыл.оңашалану.) жағдайдағы қарым-қатынаста көрінеді. Бұл жерде көбінесе эмоцианалды жағымсыз таңдау саны бар,сонымен бірге үлкен балалар (5-7жас) кіші жастағы балаларға қарағанда үрейлік деңгейін жоғары көрсетеді.
Ал мына суреттегі үрейлік деңгейі “бала-ересек” (сәби және нәрестемен анасы. Жаза. Шындықты елемеу. Бала ата-анасымен.) және күнделікті әрекетті жағдайда: (Жуыну. Жалғыз ұйықтау.Киіну. Ойыншық жинау. Жалғыз тамақтану.) анағұрлым төмен.
Кіші мектеп жасындағылардың жекелік ерекшелігін зерттеуге арналған тесті.
2 нұсқа (қыздарға арналған)
- Сенімен жақсы қарым-қатынасты, кейбір адамдар ғана жасайды ма
- Таңертең ұйқыдан оянғанда бірден көңілденесің бе ,әлде сен көңілсіз болып тұрасың ба?
- Басқаларға қарағанда сен жұмысты тез аяқтайсың ба ,әлде саған көп уақыт қажет пе?
- Кейде өзіңе сенімсіз боласың ба , әлде сенімдісің бе?
- Сен мектептегі достарыңды көргенде әрқашан қуанасың ба, әлде кейде сен ешкімді көргің келмей ме?
- Саған анаң жұмысты жай орындайсың деп айтады ма, әлде сен барлығын тез жасайсың ба?
- Басқа балалар сенің ұсынысыңды қолдайды ма, әлде бұл оларға әрқашан ұнамайды ма?
- Мектепте барлығын қалай талап етсе солай орындайсың ба, әлде мұғалімнің айтқанын нақты орындамайсың ба?
- Балалар сені алдап кеткісі келеді деп ойлайсың ба ,әлде олар сенімен дос па?
- Сен барлығын әрқашан жақсы орындайсың ба ,әлде сенде ойыңдағыдай болмай қалатын уақыт болады ма?
- Көбінесе “ мұзбен”, “бумен”, “қармен” ортақтас “су” ма әлде “боран” әлде “қыс” па?
- Сен сабақ уақытында сабырлы отырасың ба ,әлде қозғалғанды ұнатасың ба?
- Кейде сен өзіңнің анаңа қарсы жауап айтасың ба, әлде сен одан қорқасың ба?
- Саған шаңғымен сырғанау көбірек ұнайды ма, әлде биік тауларға шығу ұнайды ма?
- “жүру”, “жүгіру” сөзіне қатысы бар “жәй”, “жоғары”, “еңбектеу” сөздері ме әлде “жылдам” сөзіне қатысы бар ма?
- Сен өзіңді әрқашан сыпайымын деп санайсың ба, әлде жалықтырып жібересің бе?
- Сенімен келісу қиын деп айтады ма, әлде сенімен жұмыс жасау жеңіл ме?
- Мектептегі балалардың бірімен оқу құралдарын ауыстырған кезің болды ма, әлде мұны ешқашан жасаған жоқсың ба?
- Сандар қатары берілген: 7,5,3 – қай сан ұнайды әлде келесі 2,1,9 саны ұнайды ма?
- Кейде тіл алғыш болғың келмейді ме , әлде сенде мұндай ешқашан болған емес пе?
- Сенің құрбыларың саған қарағанда барлығын жақсы орындай ма әлде жиі сенің ұсынысыңды жөн көре ме?
- Егер сен жабайы жануарды елестеткеніңде жылқыға ұқсағың келе , әлде жолбарысқа ма?
- Сөздер тобы берілген: “кейбіреу”, “барлығы”, “жиі”, “ешкім”. Бір сөз қалғанына сәйкес келмейді “жиі”, әлде “ешкім” әлде “бәрі” қайсысы сәйкес келмейді?
- Саған жағымды жаңалық жеткізсе сен жәй ғана қуанасың ба әлде қуаныштан секіргің келе ме?
- Егер саған біреу жаман қарым-қатынаста болса сен оны кешіресің бе әлде оған да сондай қатынас жасайсың ба?
- Саған белсенді жүзу көбірек ұнай ма әлде биіктен секіру ме?
- Саят Самғаттан жас, Айбек Саяттан жас қайсысы үлкен, Самғат па әлде Саят па әлде Айбек пе?
- Мұғалім кейде сенің зейінділігің төмен, дәптерге көп қателер жібересің деп айтады ма, әлде ол мұны ешқашан айтпайды ма?
- Таласта өзің қалап тұрғанды не болса да дәлелдеп шығуға талпынасың ба ,әлде жәйбарақат орын бересің бе?
- Сен соғыс туралы тарихты тыңдағанды ұнатасың ба ,әлде жануарлар өмірі туралы тыңдағанды ұнатасың ба?
- Сен сыныпқа келген жаңа оқушыға әрдайым көмектесесің , әлде мұны әдетте басқалар жасайды ма?
- Жағымсыз жағдайлар ұзақ уақыт есіңде бола ма әлде ол туралы тез ұмытып кетесің бе?
- Кешкі киім үлгілерін тігу саған көбірек ұнай ма әлде балерина болу ұнай ма?
- Егер анаң саған ұрысса көңілсіз боласың ба ,әлде көңіл күйің бұзылмай ма?
- Сөмкеңді кешке түгендеп қоясың ба, әлде мұны таңертең жасайтын кезің бола ма?
- Сені мұғалім мақтайды ма әлде сен туралы аз айтады ма?
- Өрмекшіге жақындай аласың ба әлде ол саған жағымсыз ба?
- Сен жиі өкпелейсің бе әлде бұл сенде сирек кездеседі ме?
- Ата-анаң саған ұйықтау қажеттігін айтқанда өз ісіңді жалғастыра бересің бе әлде бірден барасың ба?
- Таныс емес адамдармен сөйлескенде ұяласың ба ,әлде тіпті ұялмайсың ба?
- Сенің суретші болғың келе ме әлде жақсы шаштаразшы ма?
- Сенде барлығы сәтті шыға ма әлде сәтсіздіктер бола ма?
- Егер сен есептің шартын түсінбесең балалардан көмек сұрайсың ба әлде мұғалімге барасың ба?
- Қызықты оқиғаларды барлығы күлетіндей етіп айта аласың ба әлде мұның оңай емес екенін білесің бе?
- Сабақтан кейін сен аздаған уақыт мұғалімнің қасында болғың келе ме әлде бірден дәлізге шыққың келе ме?
- Жұмыссыз отырғанда өзіңді нашар сезінесің бе әлде мұндай нәрсе болмайды ма?
- Мектептен қайтар жолда ойынға тоқтайсың ба әлде бірден үйге қайтасың ба?
- Сенің ата-анаң сені әрқашан тыңдай ма әлде олардың қолы бос болмайды ма?
- Үйден шыға алмай қалған кезде саған бәрібір ме әлде көңілсіз боласың ба?
- Сенде қиындықтар аз ба әлде көп пе?
- Бос уақытыңда сенің киноға барғаның дұрыс па әлде аулаға гүл отырғызар ма едің?
- Анаңа мектептегі іс туралы айтасың ба әлде қыдыру,саяхат туралы айтасың ба?
- Егер сенің достарың сенің заттарыңды сұраусыз алса сен ызаланасың ба әлде онда тұрған ешнәрсе жоқ деп санайсың ба?
- Кенеттен шыққан дыбысқа селт етесің бе әлде жәй қарайсың ба?
- Саған қыздармен бір нәрсе туралы әңгімелескен ұнайды ма әлде олармен ойнаған ұнайды ма?
- Қобалжыған кезде дауыс көтересің бе әлде әрқашан жай сөйлейсің бе?
- Сабаққа барғың келе ме әлде фигуристердің өнерін тамашалағың келе ме?
- Егер сен радио немесе теледидар көріп отырған кезде өзге әңгімелер кедергі келтіре ме әлде сен оларды байқамайсың ба?
- Саған мектепте қиын болған кез болды ма әлде саған онда жеңіл ме?
- Егер сені үйде бірнәрсемен ашуландырса сен бөлмеден жайбарақат шығасың ба әлде есікті қатты жауып кетесің бе?
Кеттелл сұрақнамасының кілті
1 +- А 2 -+ А 3 +- С 4 -+ С 5 +- А 6 -+ С 7 +- А 8 +- С 9 -+ А 10 +- С 11 +- - В 12 -+ Д 13 +- Е 14 -+ F 15 - -+ B
|
16 -+ D 17 +- E 18 +- F 19 -+ 20 +- D 22 -+ F 23 +- - B 24 -+ D 25 -+ E 26 -+ F 27 - - + B 28 +- B 29 +- E 30 +- F |
31 +- G 32 -+ H 33 -+ I 34 +- O 36 +- H 37 -+ I 38 +- O 39 +- G 41 +- I 42 -+ O 43 -+ G 44 -+ H 45 +- I
|
46 +- O 47 -+ G 48 +- H 49 +- I 50 -+ O 51 -+ Q3 53 -+ Q3 54 +- Q4 55 -+ Q3 56 +- Q4 57 +- Q3 58 +- Q4 59 -+ Q3 60 -+ Q4 |
Kіші мектеп жасындағылардың жекелік ерекшелігін зерттеуге арналған
тест (Р.Б. Кеттелл және Р.Д. Хаон жасаған)
1 нұсқа ( ер балалар үшін)
- Сен үй тапсырмасын тез орындайсың ба, әлде оны ұзақ орындайсың ба?
- Егер саған әзілдесе сен аздап өкпелейсің бе ,әлде күлесің бе?
- Бәрін ойдағыдай орындадым деп ойлайсың ба, әлде кейбір тапсырмаларды ғана орындайсың ба?
- Қатені жиі жасайсың ба ,әлде оны мүлдем жасамайсың ба?
- Сенің достарың көп пе, әлде онша көп емес пе?
- Өзге балалар сенен артық жасайды ма әлде сенде олардан кем жасамайсың ба?
- Адамдардың атын әрқашан жақсы еске сақтайсың ба әлде кейде сен ұмытып қаласың ба?
- Сен көп оқисың ба әлде көпшілігі сенен көп оқиды ма?
- Мұғалім сенің істегің келген жұмысқа басқа баланы таңдаса сен өкпелейсің бе әлде сен бұл туралы тез ұмытып кетесің бе?
- Сенің ойлаған ойларың дұрыс әрі жақсы деп санайсың ба әлде бұған сенімсізсің бе?
- “Жинау” сөзінің мағынасына қай сөз қарама-қайшы болады: “тарату” немесе “жинау” әлде “сақтау”
- Сен әдетте үндемейсің бе әлде көп сөйлейсің бе?
- Егер анаң саған қапаланса бұл кейде оның қателігі ме әлде сен бірнәрсені дұрыс орындамадың ба?
- Саған кітапханада кітаптармен айналысқан ұнайды ма әлде алысқа жүзуге қатысқан ұнайды ма?
- Келесі әріптердің “С”, “Т”, “У” қайсысының қалған екеуінен айырмасы бар?
- Сен кешке ұзақ уақыт тыныш отыра аласың ба әлде қозғалыста боласың ба?
- Егер балалар сен жақсы білетін жер туралы әңгіме айта бастаса сен де қосыласың ба әлде олардың әңгіме айтып болғанын күтесің бе?
- Ғарышкер бола аласың ба әлде бұл өте күрделі деп ойлайсың ба?
- 2,4,8 сандар қатары берілген. Бұл қатарда келесі сан қайсы 10 әлде 16 әлде 12?
- Сенің анаң сені пысық әрі мазасыз деп айтады ма әлде сен тыныш әрі байсалдысың ба?
- Балалардың біреуі әңгіме айтса беріліп тыңдайсың ба әлде өзіңнің әңгіме айтқаның көбірек ұнайды ма?
- Бос уақытыңда сен кітап оқығанды ұнатасың ба әлде доп ойнағанды ма?
- Сөздер тобы берілген “Суық”, “Ыстық”, “Дымқыл”, “Жылы”. Бір сөз мағынасы жағынан басқаларға сәйкес келмейді. Қ,айсысы? “Дымқыл” әлде “Суық” әлде “Жылы”?
- Сен өзіңнің қозғалысыңа әрқашан абайсың ба, әлде жүгіргенде заттарды қағып кетесің бе?
- Сені жазалайды деп қобалжисың ба ,әлде бұл сені ойландырмайды ма?
- Сен үлкейгенде үй соққан ұнайды ма, әлде ұшқыш болу ұнайды ма?
- Қазір Айгүл қаншада болса ,Абай да сол жаста,, ал Айбек олардан үлкен еді,. Бұлардың қайсысы жас? Айгүл ме Абай ма әлде Айбек пе?
- Мұғалім саған сабақта жиі ескерту жасайды ма әлде өзіңе қалай ұнаса солай жүр деп айтады ма?
- Сенің достарың бірнәрсеге таласып жатса сен олардың таласына араласасың ба әлде үндемей қаласың ба?
- Сыныпта басқа балалар әңгіме айтып күліп жатса сен сабақ оқи аласың ба әлде сабақ оқығанда тыныштық болу керек пе?
- Сен теледидардан “Хабар” тыңдайсың ба әлде ол басталғанда сен ойнауға кетесің бе?
- Сені үлкендер өкпелетеді ме әлде сені олар жақсы түсінеді ме?
- Үлкен қозғалыс болып жатқан көшеден сабырмен өтесің бе әлде аздап қобалжисың ба?
- Сенде үлкен жағымсыз жайттар бола ма әлде ұсақ, майда, мағынасыз жайттар ма?
- Егер сен сұраққа жауапты білсең бірден қол көтересің бе әлде сені атағанға дейін үндемей отыра бересің бе?
- Сыныпқа жаңадан бала келсе басқа балалар сияқты тез танысып кете аласың ба әлде саған көп уақыт қажет пе?
- Қандайда бір көліктің жүргізушісі болғың келе ме әлде дәрігер болғың келе ме?
- Бір нәрсе болмай жатса жиі қапаланасың ба әлде сирек болады ма?
- Балалардың біреуі сен оларға бақылау жұмысына көмектесуіңді сұраса өзің шығар деп айтасың ба әлде мұғалім көріп қоймаса көмектесесің бе?
- Сен отырғанда үлкендер бір-бірімен әңгімелеседі ме әлде сені тыңдайды ма?
- Сенің жоспарыңның көпшілігі орындалады ма әлде кейде сен ойлағандай болмай қалады ма?
- Егер сен көңілсіз әңгіме естігенде көзіңе жас келеді ме әлде мұндай болмайды ма?
- Анаң үйге шақырып жатса сен ойынды жалғастыра бересің бе әлде бірден барасың ба?
- Сыныпта еркін тұрып бір нәрсені айта аласың ба әлде қысылып, ұяласың ба?
- Кішкентай балалармен қалу саған ұнайды ма әлде саған олармен қалу ұнамайды ма?
- Сенде жалғыз және көңілсіз кез болды ма әлде мұндай нәрсе сенімен болған емес пе?
- Сабақты үйде әртүлі уақытта орындайсың ба әлде тәуліктің бір уақытында орындайсың ба?
- Жақсы тұрасың ба әлде керісінше нашар тұрасың ба?
- Қала сыртына табиғатты тамашалауға аса ынтызарлықпен аттанар ма едің әлде қазіргі машиналар көрмесіне барар ма едің?
- Егер саған ескерту жасап ұрысса байсалдылықпен жақсы көңіл күйіңді сақтай аласың ба әлде сен қатты қапаланасың ба?
- Саған кондитерлік фабрикада жұмыс жасау ұнайды ма әлде мұғалім болу ұнайды ма?
- Сыныпта балалар шулап жатса сен тыныштық сақтап отырасың ба әлде солармен бірге шулайсың ба?
- Егер сені автобуста итерсе ,сен еш нәрсе болған жақ деп ойлайсың ба әлде сен қапаланасың ба?
- Мұны саған жасау қажет болмаса да сен жасаған кездерің болды ма ,әлде сенде мұндай болған емес пе?
- Еркелеп, жүгіріп ойнайтын достарыңды ұнатасың ба әлде саған байсалды достар ұнайды ма?
- Бір нәрсенің басталуын тыныш отырып күтуде мазасызданып ашуланасың ба әлде саған көп күту саған ешқандай қиындық тудырмайды ма?
- Мектепке қазір барғың келе ме әлде автомобильмен саяхатқа шығар ма едің?
- Барлығына ашуланатын кездерің бола ма әлде бәріне ризасың ба?
- Саған қандай мұғалім ұнайды: мінезі жұмсақ па әлде қатал мұғалім бе?
- Үйде саған ұсынғанның бәрін жейсің бе әлде саған ұнамайтын асты бергенде қарсыласасың ба?
Кеттелл сұрақнамасының кілті.
1 +- А 2 -+ А 3 +- С 4 -+ С 5 +- А 6 -+ С 7 +- А 8 +- С 9 -+ А 10 +- С 11 +-- В 12 -+Д 13 +-Е 14 -+ F 15 --+B |
16 -+D 17 +-E 18 +-F 19 -+B 20 +-D 21 -+E 22 -+F 23 +--B 24 -+D 25 -+E 26 -+F 27 --+B 28 +-D 29 +-E 30 +-F |
31 +-G 32 -+H 33 -+I 34 +-O 35 +-G 36 +-H 37 -+I 38 +-O 39 +-G 40 -+H 41 +-I 42 -+O 43 -+G 44 +-H 45 +-I |
46 +-O 47 -+G 48 +-H 49 +-I 50 -+O 51 -+Q3 52 +-Q3 53 -+Q4 54 +-Q4 55 -+Q4 56 +-Q4 57 +-Q3 58 +-Q4 59 -+Q3 60 -+Q4 |
Кіші мектеп жасындағылардың жекелік ерекшелігін зерттеуге арналған тестті талдау .
Берілген нұсқада 12 шкаладан тұратын жекелік қасиеттің көріну деңгейін анықтауға арналған. Төменде сұрақнаманың 12 шкаласына қысқаша интерпретация келтірілген.
- Фактор А (қарым-қатынас салқындығы, тілектестік қарым-қатынас)
Жоғары баға - сабырлықты, бірқалыптылық, мінез- құлықтың орындылығын көрсетсе,төмен баға – қыңырлық, тұрақсыз, қиындықтан қашу қарым – қатынас пен қызығушылықтың құбылмалылығы.
- Фактор С (эмоционалды, тұрақты-тұрақсыз)
- Фактор Д (бірқалыптылық- әсерленгіштік)
Бұл шкала мазасыздық, қозғыштық, сыртқы тітіркенуге шектен тыс жауап қайтаруды анықтайды.
Д шкаласы бойынша жоғары баға алған оқушыларды жұмыс күйінен жеңіл шығуға, болмашыға өкпелейді, ұйықтағанда мазасыз, азғана сәтсіздікке қызу қарайды.
Төмен баға – эмоционалды алаңсыз тыныш және сабырлы көрсеткішті көрсетеді.
- Фактор Е (көнгіштік – тәуелсіздік). Бұл шкаладан жоғары баға алған бала белсенді, әрекетшіл, табанды, бірбеткей көнгіш. Төмен баға алған бала – көнгіш болып келеді. Кіші мектеп жасында бірбеткейлік балалар ойыны кезінде көсем болуға талпыныстың үстем болуы. Сондықтан бұл шкала бойынша жоғары баға алғандар жиі мінез-құлықтың және тәртіп бұзушылықты көрсетеді, бірақ көсем болуға талпынысты педагог конструктивті пайдаланса, онда бала дамуы сәтті болуы мүмкін.
- Фактор F (уайымшыл – бейқамдық)
Шкала бойынша жоғары баға – жарқындықты, шапшаңдықты, өзіне сенімділікті, ал төмен баға – ақылдылық, сақтықты, елгезектікті көрсетеді.
Зерттеу нәтижесі шкала бойынша жоғары баға алған балалар берік, тұрақты отбасында тәрбиеленсе, төмен баға – толық емес, тұрақсыз отбасында тәрбиеленген балаларды көрсетеді.
- Фактор G (төмен-жоғары адалниеттілік)
Бала үлкендер әлеміне тән, құндылық жүйесіне қосылған.
- Фактор Н ( икемсіз-батылдық)
А факторы секілді Н факторы да экстроверия-интроверсия компоненті және баланың көпшілдік деңгейін өлшейді. Бірақ егер оқушы А факторы бойынша жоғары баға алса, адамдар арасында болғанды ұнатса, Н шкаласы бойынша жоғары баға алған оқушы – көпшіл, өйткені, адамдармен өзара әрекетте жеңіл және батыл. Н шкаласы бойынша төмен баға – сенімсіздік, епсіз қатынастан , топтан қашады.
- Фактор І ( қаттылык – жұмсақтық). Шкала бойынша жоғары баға – сәнді, қимыл, қиялы бай да, төмен баға – қаттылық, қатаңдық, қайраттылықты көрсетеді.
- Фактор У (қуатты – ұстамды). Бұл шкала бойынша жоғары баға алған оқушылар ерекшеленіп, жекешеленуге бейім, өзгелердің талабына сынмен қарайды, төмен баға алған балалар өз сезімін білдіруде еркін, ортақ іс-әрекетті ұнатады, зейінді, топтық қызығушылықтарға келісіммен әрекет жасайды.
- Фактор N (момындық – қулық) бұл фактор бойынша үлкен топтағы мектеп оқушылары үлкен баға алса – есепшіл, епті болса төмен баға алғандар – аңқау, сентиментальды, сенгіш болады.
- Фактор О (өзіне сенімділік – бұйығы)
Бұл фактор психикалық бұзылыстың пайда болуын көрсетеді. О факторы бойынша жоғары баға – неврозды, депрессияны немесе психологиялық соққының салдарын көрсетеді.
- Фактор Q4 (әлсіздік – қызулық)
Бұл шкала бойынша жоғары баға қозуды, мазасыздықты, абыржуды көрсетсе, төмен баға – сабырлылық, өзіне толық қанағаттану, енжарлықты көрсетеді.
Айзенк сұрақнамасы
Мақсаты: баланың үш жеке қасиеті – интраверттілік – экстраверттілік, нейротизм және жалғандықты зерттеуге бағытталған.
Қажетті құралдар: жауап беру іс-қағазы 60 сұрақтан тұрады.
Нұсқау: “Мені мұқият тыңда. Қазір мен саған сұрақтар оқимын, сен оларға “ия” немесе “жоқ” деп жауап беруің керек. Сен алдыңдағы сұрақтардың нөмірлері жазылған парақты белгілейсің. “Ия” деп жауап берсең бірінші қатарға қанат белгісін қоясың. Егер келіспесең және “жоқ” деп жауап берсең екінші қатарға қанат белгісін қоясың.
Тест жүргізу. Балаға жауап беру іс -қағазы беріледі, кейін нұсқау оқылады. Жауапқа 1-1,5 минут беріледі. Егер бала үлгере алмай жатса, оған тез жауап беруін сұрау керек. Соңынан барлық сұрақтар түсінікті болғанын және жіберілген сұрақтарды қайтара оқиды.
Нәтижені талдау. Алынған материалды өңдеуде баланың үш шкала – экстра – интраверсия, нейротизм, жалғандық бойынша жинаған ұпай саны есептеледі. Қосымшада берілген кілт бойынша есептеледі. Егер бала сұраққа “кілтте” берілгендей жауап берсе бір ұпай алады. Керісінше жауапта – 0 ұпай. Мысалы: бірінші экстра – интраверсия қасиеті бойынша ұпай санын есептегенде бала бірінші және тоғызыншы сұраққа “иә” деп жауап берсе, әрқайсысына 1 ұпайдан алады. 3 және 11 сұрақтарға – “жоқ” жауабына 0 ұпай. Сонымен қатар 6 және 33 сұрақтарға керісінше, “жоқ” жауабына 1 ұпай және “иә” жауабына 0 ұпай, осылайша әр шкала бойынша жалпы ұпай саны есептеледі.
- “Экстра- интраверсия” шкала бойынша максималды ұпай саны – 24 (19+5)
Бірінші шкала бойынша 12 және одан жоғары ұпай жинаған балалар – экстраверттер, 12 ұпайдан төмен – интроверттер. Экстраверттерге қарым-қатынасқа талпыну тән. Олар ашық және мейірімді және адамдар да өзіне сондай қатынаста екендігіне сенімді, олар барлық адамдарға осындай қатынас жасайды. Олардың достары көп. Бұл балаларға қызбалық, белсенділік, көтеріңкі көңіл күй тән.
Интраверт балалар – тұйық, байланысқа көп түсе бермейді, әсіресе өзінің сенімсіздігі мен ұялшақтығынан бейтаныс адамдармен қарым-қатынасқа түспейді. Бірақ жақын адамдарымен қарым-қатынаста өз жағын көрсетуге тырысады. Бұл балалар өз әрекеттерін алдын ала жоспарлағысы келеді.
- “Нейротизм” шкаласы бойынша максималды ұпай саны – 24.
Екінші шкала бойынша 12 ұпайдан жоғары жинаған балалар эмоционалды тұрақсыз. Олар сезімтал, әлсіз, теріс эмоцияларды – реніш, алаңдаушылықты жеңе алмайды және олар ашу –ызаға, агрессияға ауысып кетуі мүмкін. Сонымен қатар біреудің жылы сөзі, жымиюы оның көңіл күйін көтереді. Нейротизімі төменгі деңгейдегі балалар (12 ұпайдан төмен) эмоционалды бұзылыстарға төмен бейімделген, олардың өзге адамдарға тәуелділігі аз. Бірақ олардың ашуын және агрессиясын тоқтату және өзге адамға жағымсыз (немесе жағымды) қатынасын өзгерту оңай емес.
- “Жалғандық” шкаласы бойынша максималды ұпай саны –12 (5+7)
“Жалғандық” шкаласы бойынша ең төменгі ұпай –5 –6. 5 ұпайдан жоғары жинаған балалар өздерінің шынайы болмысынан жақсы көрінуге тырысады.
Олар да өзін көрсету басым, яғни өздеріне кез-келген тәсілмен көңіл аудартуға тырысады, ол үшін өтірік айтуға тура келсе де. Оларға өзін-өзі жоғары бағалау, топта лидерлік тән. Бірақ бұл балалар өздерін жақсы жағынан көрсету үшін басқа сұрақтар бойынша өтірік айтады. Материалды өңдегенде осы жағдайды ескеру қажет.
Жеке шкалалар бойынша ұпайларды есептеген соң балаға толық мінездеме беру үшін бұл көрсеткіштерді өзара байланыстыру керек. Бұл тестті салыстыра отырып, Айзенк психодинамикалық қасиеттер адамның темпераменті мен мінез белгілерімен байланысты екендігін көрсетеді. Бұл байланыс “Айзенк шеңберімен“ көрсетіледі, онда жоғары (жоғарғы сол бұрыш) және төменгі (төменгі сол бұрыш) нейротизм деңгейлі интровертті баланың белгілері көрсетіледі. Оң жақта жоғарғы (жоғарғы бұрыш) немесе төменгі (төменгі бұрыш) нейротизм деңгейлі экстраверт балаларға тән белгілер көрсетілген.
Айзенктің жекелік сұрақнамасы
- Айналаңда шу және асығыстық болғанды жақсы көресің ба ?
- Сені қолдайтын және жұбататын достарды жиі қажетсінесің ба ?
- Сабақтан тыс уақытта сенен бір нәрсе туралы сұраса тез жауап бересің ба ?
- Кейде ашулы, ызалы боласың ба ?
- Көңіл-күйің жиі өзгере ма ?
- Өзге балалармен кездескеннен гөрі, жалғыз болғанды ұнатасың ба ?
- Әртүрлі ойлардан ұйықтай алмайтын кездерің бола ма ?
- Саған айтқандай әрекет етесің ба ?
- Біреуді әзілдегенді жақсы көресің ба ?
- Ешқандай себепсіз өзіңді бақытсыз сезінген кездерің болды ма ?
- Сіз көңілді адамсыз ба ?
- Сен мектепте тәртіп бұзған кездерің болды ма ?
- Сені көп нәрсе ашуландырады ма ?
- Саған тез әрекет ететін жұмыс ұнай ма ?
- Сен орындалуы мүмкін болған, бірақ бәрі жақсы аяқталған әртүрлі жағымсыз оқиғаларды уайымдайсың ба ?
- Кез –келген құпияны саған сеніп айтуға бола ма ?
- Көңілсіз достарыңның көңіл-күйін көтере аласың ба ?
- Кейде ешқандай себепсіз жүрегіңнің қатты соғатын кездері бола ма ?
- Біреумен татуласу үшін әдетте бірінші қадам жасайсың ба ?
- Өтірік айтқан кезің болды ма ?
- Сен орындаған жұмыста адамдар кемшілік тапса қатты ренжисің ба ?
- Күлдіргі оқиғалар айтып, өз достарыңмен әзілдескен ұнай ма ?
- Өзіңнің ешқандай себепсіз шаршап тұрғаныңды жиі сезінесің ба ?
- Сен алдымен сабақ орындап, кейін ойнайсың ба ?
- Сен әдетте көңілді және ризасың ба ?
- Өкпелегішсің ба ?
- Өзге адамдармен ойнағанды және сөйлескенді ұнатасың ба ?
- Сен әрдайым жақындарыңның үй шаруасы бойынша сұраған көмегін орындайсың ба ?
- Басың қатты айналатын кездерің бола ма ?
- Біреуді қолайсыз жағдайға қойып, оған күлгенді ұнатасың ба ?
- Сені бір нәрсе жалықтырғанын жиі сезінесің ба ?
- Кейде мақтанғанды жақсы көресің ба ?
- Өзге адамдардың ортасында жиі үндемей отырасың ба ?
- Кейде сен қатты уайымдағаннан бір орында отыра алмайсың ба ?
- Тез шешім қабылдайсың ба ?
- Мұғалім жоқ кезде сен кейде сыныпта шулайсың ба ?
- Саған жиі қорқынышты түстер кіре ма ?
- Барлық нәрсені ұмытып, өзіңнің достарың, таныстарыңның ортасында шын көңіліңмен көңіл көтере аласың ба ?
- Сені өкпелету оңай ма ?
- Біреу туралы жаман нәрсе айтқан кездерің болды ма ?
- Өзіңді қамсыз адаммын деп айта аласың ба ?
- Қолайсыз жағдайға түскен кезде кейін қатты уайымдайсың ба ?
- Сен шулы және көңілді ойындарды жақсы көресің ба ?
- Саған ұсынған нәрсенің бәрін жейсің ба ?
- Сенен біреу бір нәрсе сұраса саған бас тарту қиын ба ?
- Қонаққа жиі барғанды ұнатасың ба ?
- Өмір сүргің келмейтін сәттерің бола ма ?
- Ата- анаңмен қатал болған кездерің болды ма ?
- Сені көңілді адам деп санайды ма ?
- Сабақ орындағанда жиі алаңдайсың ба ?
- Сен көңілді ортаға қатыспай, бөлек қарап отырғаныңды ұнатасың ба ?
- Әдетте әртүрлі ойлардан ұйықтай алмайсың ба ?
- Саған берілген істі орындайтындығыңа әдетте сенімді боласың ба ?
- Өзіңді жиі жалғыз сезінесің ба ?
- Бейтаныс адамдармен бірінші сөйлескенге ұяласың ба ?
- Кеш болған кезде бір нәрсеге шешім қабылдайсың ба ?
- Достарыңның біреуі саған айқайлаған кезде сен де айқайлайсың ба ?
- Ешқандай себепсіз кейде сен өзіңді ерекше көңілді немесе көңілсіз сезінесің ба ?
- Қонақта, ертеңгіліктер, жаңа жыл шыршасында нағыз рахат алу қиын деп санайсың ба ?
- Бір нәрсені ойланбай әрекет еткеннен жиі мазасызданасың ба ?
Айзенк сұрақнамасын өңдеу кілті
Шкала |
Сұрақ |
|
|
Ия
|
Жоқ |
Эстраверсия |
1,3,9,11,14,17,19,22,25,27, 30,35,38,41,43,46,49,53,57 |
6,33,51 ,55,59 |
Нейротизм |
2,5,7,10,13,05,18,21,23,26,29,31,34 ,37,39,42,45,47,50,52,54,56,58,60 |
|
Жалғандыққа бейімділік |
8,16,24,28,44 |
4,12,20,32, 36,40,48 |
Айзенк шеңбері
Тұрақсыз
Тез ренжитін сезімтал
Алаңдаушы мазасыз
Ригидті агрессивті
Тұжырымдауға бейім қозғыш
Пессимист тұрақсыз, өзгермелі
Ұстамды импульсивті
Тұйық белсенді
Тыныш
Интровертті Экстравертті
Енжар ашық
Сақ байланысқа тез түсетін
Ақылды әңгімешіл
Мейірімді қайырымды
Көнгіш, бақыланатын еркін
Сенім тудыратын жарқын
Сенімді алаңдауғабейім емес
Тура лидерлікке бейім
Бір қалыпты
Тұрақты
Оқушылардың жүйке жүйесінің қасиеттерін анықтау
Мақсаты: Оқушының бойындағы темпераментінің басым типін анықтай отырып, жүйке жүйесінің қасиеттеріне мінездеме беру.
Орындалуы: Бұл әдістеме жүйке жүйесі қызметінің ерекшеліктерін (ептілік, өзін-өзі ұстай білушілік, салмақтылық, байсалдылық т.б.) білуге мүмкіндік береді. Ол үшін әдістеме мәтінін зер салып, мұқият оқу керек. Ұсынылған әр бір пунктте әр түрлі жағдайдағы мінез-құлықтың төрт варианты берілген. Солардың ішінен өз мінез-құлқына сәйкес келетін тек бір ғана вариантын таңдау керек. Тапсырманы орындауға 15 минут уақыт беріледі. Орындау барысында сөйлеуге болмайды. Бұл басқалардың ойын бөлуі мүмкін. Әдістемені топпен және жеке жүргізуге болады.
Әдістеменің нәтижесін шығару
Әдістеме нәтижесі бойынша оқушыда әр түрлі темперамент ерекшеліктері бірге кездесуі мүмкін. Егер бір графада 8 белгіден (+) көп болса, онда оқушыда темперамент типі анық көрінген. Бірақ бұл сирек кездеседі. Көп жағдайда белгілердің саны екі не үш графасымен сәйкес келеді. Мысалы:
а) 2 бағана бірдей не шамалас болса, (м: 5-5-2-0, 6-5-1-0, 5-4-2-1 т.б.) онда темпераменттің 2 типі бірдей ерекшеленетіндігін көреміз;
ә) Белгінің (+) 1 бағанада басымырақ болуы (7-4-1-0, 6-3-2-1, 7-5-0 т.б) темпераметтің 2 типінің біреуі басымырақ екендігін көрсетеді
б) Кейде оқушының жауабындағы белгілердің (+) саны бірдей 3 бағанада бөлінуі мүмкін (м: 4-4-4-0, 4-3-4-1, 5-4-3-0 т.б.). Мұндай жағдайда 4 темперамент типінің ерекшеліктері оқушының бойында көрінбейтіндігін байқаймыз
в) Кейбір жағдайларда (м: Белгілердің (+) бірдей 4 бағанада бөлу: 3-3-3-3, 4-3-3-2) оқушы нұсқауды дұрыс түсінбегенін немесе тапсырманы орындаудан әдейі бас тартқандығын ескеруі қажет. Мұндай жағдайда себебін анықтап қажет болса, зерттеуді қайта жүргізу керек
Кілт
№ |
Сангвиник |
Холерик |
Флегматик |
Меланхолик |
1 |
1.3 |
1.2 |
1.1 |
1.4 |
2 |
2.1 |
2.2 |
2.4 |
2.3 |
3 |
3.4 |
3.1 |
3.3 |
3.2 |
4 |
4.4 |
4.3 |
4.2 |
4.1 |
5 |
5.2 |
5.4 |
5.1 |
5.3 |
6 |
6.1 |
6.3 |
6.4 |
6.2 |
7 |
7.3 |
7.1 |
7.2 |
7.4 |
8 |
8.4 |
8.2 |
8.3 |
8.1 |
9 |
9.2 |
9.4 |
9.1 |
9.3 |
10 |
10.1 |
10.3 |
10.4 |
10.2 |
11 |
11.3 |
11.1 |
11.2 |
11.4 |
12 |
12.4 |
12.2 |
12.3 |
12.1 |
- Көңіл-күйі тұрақсыз, тез өзгереді, қуанышы ашуға айналуы мүмкін
- Көңіл – күй бір қалыпты, сабырлы, салмақты
- Көңіл –күйі көтеріңкі, көңілді, жарқын
- Көңіл- күйі түсіңкі, жиі мұңаяды
2.1 Белсенді іс-әрекет, жоғарғы ептілік, жылжымалық, жігерлік
2.2 Сабырлы, байсалды, бірқалыпты дауыспен, ым-ишараусыз баяу сөйлейді
2.3 Ұялшақ, сенімсіз, әлсіз және жай сөйлейді, ым –ишара қолданбайды
2.4 Тынышсыз, үнемі асығыс, жылдам, тез қимыл әрекет жасап, тез сөйлейді
3.1 Сәтсіздіктерге қарамастан, алға қойған мақсатқа жетуге ұмтылу, басқа оңай жол іздемеу
3.2 Сәтсіздіктерге қатты ренжіп ол істі қайтадан қолына алғысы келмейді.
3.3 Сәтсіздіктер болған жағдайда жұмысты орындаудың оңай жолдарын іздеуге ұмтылады
3.4. Сәтсіздіктерді тез ұмытып, кез-келген жұмысқа қайта кіріседі
4.1 Тез шаршайды, қиялдағанды, армандағанды ұнатады
4.2 Жұмысты белсенді орындайды, шаршаса аяқтамай кейінге қалдырады
4.3 Қажырлы еңбектеніп, бастаған істі қайткенде де бітіруге тырысады
4.4 Кез-келген жұмысты орындайды, бір уақытта бірнеше жұмысты бірге атқара алады
5.1 Қарым-қатынас барысында әсерлі, қатты күледі, қимылдарды көп қолданады
5.2 Айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасауға, араласуға ұмтылады, олардың көңіл-күйін көтеруге тырысады
- Адамдармен қарым-қатынас барысында байсалды, сыпайы, әдепті
- Айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға араласуға ұмтылмайды, шулы ортаны ұнатпайды, бірақ жақын достарымен жиі араласады
6.1 Басқа адамдармен қуанышымен және қайғысымен бөліседі
6.2 Танымайтын адамдармен қуанышымен және қайғысымен бөліседі
6.3 Барлық сезімін тек жалғыз өзі, ешкімге айтпай бастан кешіреді, бәрін ішінде сақтайды
6.4 Сезім күйлерін ашық түрде басынан кешіреді, айналасындағылармен, кейде танымайтын адаммен де бөліседі
- Ескертуді ұрыспай, дауласпай тыңдайды
- Ескертуге ашуланып, дауласады, ақталады
- Барлық ескертуді мұқият тыңдап, қатесін түзетуге тырысады
- Кез –келген ескертуге ренжіп, қайғырады
8.1. Бір жұмысты бітірген соң келесі жұмысты бірден бастай алмайды, шаршағанда өзін әлсіз сезінеді
8.2. Сирек шаршайды, бірақ басқа жұмысты бастауы қиын
8.3. Басқа жұмысқа тез ауысады, бірақ білдірмей, соңына жеткізбей қалдыра салады
8.4. Қиын тапсырманы бітіргеннен кейін, тез басқа жұмысқа кірісіп кетеді
9.1. Қатты ренжіп өкпелейді, бірақ тез ұмытып кетеді
9.2. Жай ғана ренжіп өкпелеп, тез ұмытып кетеді
9.3. Ренжісе қатты өкпелеп, қиналады, ұзақ уақыт ұмыта алмайды
9.4. Іштей қиналып ренжиді, өкпелейді
10.1. Әзіл –қалжыңды жақсы көреді, жеңіліп қалса ренжімейді
10.2. Сирек қалжыңдайды, өзіне қалжыңдаса жиі өкпелеп қалады
10.3. Орынды әзіл - қалжыңды жақсы көреді, әрі бағалайды, бірақ ойынға қатыспауды жөн көреді
10.4. Адамдарды әзілдегенді жақсы көреді, оларға ұнайды ма, жоқ па, ол туралы көбіне ойламайды
11.1. Жұмысты бастамас бұрын мұқият ойланып, жоспарлап алады, ал жоспары бұзылса, қайта жасауға жиі қиналады
11.2. Соңы не болады деп ойланбастан кез-келген жұмысқа кірісе береді, егер өзгеріс болса, қиналмай қайта жалғастырады
11.3. Жұмыс жоспарын тез құрады, оның орындалуы барысында жұмыс талаптарының өзгерісіне қиналмайды
11.4. Өзіне сенімсіз болғандықтан жұмыстың жоспарын құруға қиналады, дайын жоспармен жұмыс істегісі келеді, өзгерістер болса ары қарай не істерін білмей қиналады
12.1. Өте әсерленгіштігімен ерекшеленеді, эстетикалық әсершіл
12.2. Өзін үйреншікті ортада жақсы сезінеді, әсерленуге ұмтылмайды
12.3. Өте керемет әсерлерді жақсы көреді, олардың үнемі өзгеріп отырғанын қалайды, бірақ оған өзі белсенді ұмтылмайды
12.4. Әр түрлі әсерлердің өзгеріп тұруына көп көңіл бөледі, қонаққа, көрмелерге т.б. өте жиі барады
«Кактус» әдістемесі
Мақсаты: Жеке өзінің ерекшеліктерін жағымды және жағымсыз мінез – құлық бітістерін тану
Қажетті құралдар:таза парақ20*3,жәй қалам, түрлі түсті қаламдар,өшіргіш.
Нұсқауы: “Алдыңыздағы таза параққа өз ойыңыздағы кактустың бейнесін салыңыз”
Әдістеменің нәтижесін өңдеу:
1.Егер де кактустың парақ бетінде орналасуы- ірі, үлкен ортада болуы; онда - адамның басымдау жағы,ортада болғанды ұнатады, өзіндік бағалауы өте жоғары, көсем болуға талпынады, барлық жерде бірінші болуды мақсат етеді .
2.Егер кактус парақтың жоғары жағында салынса;онда өзіндік бағалауы жоғары, өзіне көңіл аударғанды жақсы көреді.
3.Егерде кактус парақтың төмен жағында кішкентай болып салынса; онда өзіндік бағалауы төмен,өзіне сенімсіз адам.
- Кактустың инелерінің көптігі;онда агресияның белгісі.
- Инелері үшкір,ұзын,жиі болып салынса; онда агрессияның басымдылығын білдіртеді.
- Инелері майда,сирек орналасса ;онда өз бойындағы агрессияны қолға ұстай алады,шыдамды.
7.Кактустың контуры бір үзілмейтін сызықпен салынған болса ; онда коммуникативтік қасиеттері жақсы дамыған,мейірімді,ақкөңіл адам.
8.Кактустың контуры жиі үзілген сызықпен,болмаса штрих ретінде салынса; онда ашуланшақ адамның белгісі .
- Сызықтары ирек(кактустың ішінде); онда интроверт,тұйық сақ адам.
- Жалғыз кактус ;онда экстроверт, көңілді көбірек тек өзіне, өз мәселесіне бөледі.
11.Кактустың айналасындағы кактустар; онда жұртқа –өзін көрсету,ашық,ұйымшыл,досы көп адам.
- Ашық түстерді қолданса ; онда оптимист,өмірде не болса да,жақсылыққа жориды.
- Қара,қоңыр түстерді қолданса немесе штрихталса; онда үрей мен қорқыныштың белгісі .
- Кактусты әшекейлесе,гүл салса; онда нәзік, сезімтал адам.
15.Кактусты ыдысқа салу;онда отбасындағы қамқорлыққа ұмтылу,жағымды психологиялық ахуал.
- Шөлдегі немесе ыдыссыз салынған кактус; онда жалғыздықты сезіну немесе ұмтылу,отбасындағы нашар психологиялық ахуалды білдіреді.
Зерттелуші адамға суретке байланысты қосымша сұрақтар қойса болады. Сұрақтар:
1.Бұл кактус жабайы ма?
2.Инелері қолға қатты бата ма,ұстауға бола ма?
3.Кактус баптағанды,қамқорлықты ұната ма?
4.Кактус жалғыз өсе ме? Жоқ па?
- Кактус өскенде қалай өзгереді?
Жауаптар:
1.Жауабына байланысты жанұя қамқорлығына ұмтылуы байқалады.
- Агрессия деңгейі
- Өзіне назар аударудың деңгейі
- Ұйымшылдық деңгейі
- Мінез-құлқының өзгеру бағыты
“Әлемде жоқ жануар жануар”әдісін зерттеу кілті
1.Қанат- батылдықтың белгісі.
- Құйрық-өзі шешім қабылдай алады,ойын қорыта алады.
- Құйрық жоғары карап тұрса,өз-өзімен жүретіндер.
- Құйрық төмен қарап тұрса-өзінің істеріне қанағаттана алмайды.Көп талшықтан тұрса- өз сөзіне және қылығына қызығады,ұнайды.
5.Сызығының сызылуына байланысты. Мысалы:үшкір бұрыштары –
агрессивті адам болғаны.
6.Сызықты бұлғап алу-сіздің қорғаушыңыз қолайсыз деп қорқасыз.
7.Сіз неден қорқасыз және неден жасырынғыңыз келеді-оны суретті қара бояумен бояғанынан көруге болады.
8.Жоғарғы контур –сіз үлкен адамдардан,дәрежесі үлкен адамдардан қорқасыз.
9.Төменгі контур-сіз өзіңіздің жұмысшыларыңыз бен бағынушыларыңыздың алдында “беделді” емессіз.
10.Жануардың ішкі жақтарын сәндесе –ол әрдайым жағымсыз жағдайларды күтіп жүресіз және өзіңізді қорғауға дайынсыз.Оң жаққа салынған контур- сіз әрдайым өмірге реалды қарайсыз. Сол жақ контур-сіз өзіңіздің ойыңызды қорытуға тырысасыз.
11.Орташа энергиясы қалың болып сызылса-уайымшыл адам болғаны,жіңішке болып сызылса –орташа энергиясының жетіспеушілігін көрсетеді.
12.Мүйіз- агрессивті адам.
- Түрлі шаш қойылымдары қарама –қарсы жыныстағы адамдарға қызығушылықты білдіреді.
14.Аяқ үлкен болса –қолайлы өз ісіне жауапты.Табаны кіші болса
сіз белгілі бір шешім қабылдау кезінде ырымшылсыз.
- Егер екі аяғы да бір-біріне ұқсап,бір жаққа бұрылып тұрса,сіз бәрі сияқты ойлаумен әрекет етуге дағдыланасыз.
16.Суретті сәндеу үшін салынған бантиктер,шашының бұйралары т.б-сіз өзіңізді әдемі етіп көрсеткенді ұнатасыз.
- Көп аяқтар,қолдар,мұртшалар салынса,бұларға тек бір мамандық иесі болу аз,сіз көп жұмыспен айналыса аласыз.
- Егер сурет парақтың жоғарғы жағына қарай салынса-ол адамның өзін -өзі бағалауы жоғары болғаны.Егер сурет төмен салынса-сіз өзіңізге сенімсізсіз,өз-өзіңізді төмен бағалайсыз,мәселені шеше алмайсыз.
- Барлық суреттер ішінен басының үлкендігі жағынан ең үлкен бас болса- сіздің ортаңыз кең,ойлау қабілетіңіз парасатты.
- Парақтың сол жағы қарама-қарсы эмоциялармен және енжарлықпен байланыты . Парақтың оң жағы уайыммен белсенді іс-әркетпен байланысты. Бұл әсіресе жануардың басының бұрылысынан байқалады.
- Егер оның түрі қауіпті болса,тістері ырсиып,тырнағын шығарып тұрса,онда сіз өз мақсатыңызға жетуді бірінші орынға қойып,агрессия көрсету арқылы өзіңізбен қатар тұрған адамның керекті нәрсенә тартып аласыз.
- Жылан салсаң (тілін шығарып) өтірікушілдік,қулық.
- Арыстан салса- агрессивті ,өзін бастық етіп көрсету,өз айтқанын болғызу.
- Мысық,ит,тиін-көп жағдайдан жеңіліп жүретін,ұтылатын адамдар.
- Құс және жәндікетер бәріне көнгіш,жағдайға тез үйреніп кететін адам.
- Адамды салса немесе жануарға адам киімін кигізіп қойса-сіз балалық шақтан жасыңыздың,ойыңыздың өтіп кеткендігі.
Сіз өзге балалардан қалай ерекшеленесіз.
(“Адам салу” тесті)Ф.Гудифактың тестіне негізделіп,1946ж К:Маховер жасаған.Әдістеменің мақсаты:Баланың жеке дара ерекшеліктерін анықтау.
Нұсқау: “Өзіңе ұнайтын адамның суретін сал”.Егер бала салғысы келмесе ,оны қызықтыру қажет.Қойылған барлық сұрақтарға жанама түрде жауап беру қажет.Мысалы:”сен бастасаң”әрі қарай тез салынатын болады.1.Кім бейнеленген.2.Автордың сөзі бойынша ол дәл қазір не істеп жатыр.3. Фигураның пропорционадығы және бөлек бөлшектердің орналасу ерекшеліктері беріледі 4. Бояулы және көркемделуі.5.Қосымша жабдықтар болуы.6.Сызықтың сапасы Нәтижені өңдеу.Бас.Интеллектуалдқ сферасының символы.Егер маңдай болмаса, онда бала сапалы түрде ақыл-ой сферасын жоққа шығарады. Бас пен дененің бөліктері баланың физикалық және рухани қатынастар арасын көрсетеді.Бастың үстіндегі бейнеленген зат,мысалы:шляпа сыртқы әлемнің әсерінен қорғануды білдіреді.Бет-әлпет қарым-қатынас бейнесі.Қарым-қатынаста қиыншылықтары бар бала бет әлпетті нақты салмайды немесе оны ең соңында салады. Егер бала беттің барлық бөліктерін дұрыс салынса,онда бала өз-өзіне қатты қызығады әдемі көз,ұзын кірпік-эстетеиканың басымдылығын,ал қыздарда жыныстық сәйкестікті көрсетеді.Құлақ-егер олар бар болса онда қабылдаудың ашықтығын немесе қоршаған ортаға байланысты сақтықты көретеді.Көз –егер көз үлкен және қарашықтары бояулы немесе қарашықсыз,бірақ штрихталған болса,онда ол қорқыныштың немесе алаңдаушылықтың белгісі. Ауыз- егер ол ашық болса онда ол агрессияның немесе агрессивті мінездің вербальді бөлінділігін көрсетеді.Тістің бейнеленуі ол да агрессия болып саналады. Ерін- жыныстық жетілуді көрсетеді,қыздардың суретіндегі толық ерін жыныстық сәйкестікті көрсетеді.Мұрын- бөлек өңделмейді. Беттегі кейбір бөліктердің жоқтығы интеллектуалдық жетіспеушіліктің деңгейін көрсетеді. Мойын -өзінің ішкі сырларын қалыпта ұстау.Ұзын-мойын әуесқойлылықты көрсетеді. Қол –белсенділікпен қарым-қатынасты бейнелейді.Қолдардың жан-жаққа салынуы –қарым—қатынасқа тез түсетіндігін білдіреді.Қолдарды қалтаға салып қою немесе артында көрсетпей ұстау –қарым-қатынасқа тез түсе алмайды,тұйық қанағатсыздық бар. Егер саусақтар жақсы нақты салынса басқаруға және жаңа құрылымдарға қабілетті .Тырнақтары бар ұзын саусақтар және жұдырықтың салынуы –агрессияның белгілері.Қолсыз алынған дене енжарлықты біліреді Аяқ- тәжірибелік бағдарлауға бағытталған тіректің тұрақтылықтың белгісі
СОЦИОМЕТРИЯ (1 сынып)
1 тоқсан соңында өткізіледі.
өткізілу мақсаты: ұжым қалыптасуының алғашқы кезеңінде шеттетілген баланы анықтау.
Балалар мерекелік дастархан және 4 үстелі бар сурет кескінделген парақтар алады.
Психолог:Сиқыршы келіп әрқайсысымыздың туған күніміз болатындай жасайды. Ал туған күнге не қажет?
Балалар:
Мерекелік үстел қонақтар.
Психолог:
Мерекелік үстел сіздерде бар. өздеріңі отыратын үстелді таңдаңыздар да баспа әріпімен өздеріңіздің атыңызды қойыңыздар.мысалы: мен – Айбек Айтбеков,…
- оның қанша қонағы болатынын кім біледі?
Балалар: үшеу
Психолог: қонаққа сіздер тек өз сыныптарыңыздан шақыра аласыздар. Сиқыршы осылай айтты. Бос үстел жанына шақырылған қонағыңыздың аты мен фамилиясының бас әріпін жазыңыз.
Қорытынды кезең.
Психолог:туған күнде міндетті түрде тағы не болады?
Балалар:
- сыйлықтар.
Психолог:
- сиқыршы біздің барлығымызға ерекше силық дайындады. Ол сіздердің аяулы тілектеріңізді орындауға даяр. Парақты екінші жағына аударып тілектеріңізді жазыңыздар. Егер тілегіңіз шын мәнінде аяулы болса , ол міндетті түрде орындалады.
Кім жазып болса ешкімге көрсетпей , ешкімге әңгімелемей жәй ғана маған әкеп өткізіңіздер.
“ Мұғалім және мен”
қазан айында 1 сыныпта өткізіледі.
өткізілу мақсаты: мұғалім мен бірінші сынып арасындағы мәселені анықтау
өткізілу уақытында мұғалім қатыспайды. Балалар түрлі қарындаш, таза А –4 қағазын алады.
Нұсқау: сіздерге өздеріңіздің мұғалімдеріңіз өзіңіздің суретіңіздің жанына не салғыларыңыз келсе сол суретті салыңыздар.
Нәтижені талдау.
- мұғалім мен өзара әрекеттестік типі мүмкін оқу, қарым-қатынас немесе ойын суреттегі бейне өзара әрекеттестік типін көрсетеді.
Сабақ жағдайымен байланысты (тақта, парта…) оқу типі
Қарапайым 2 фигура қарым-қатынас
Мұғалім мен бала суреті арасындағы ағаш, ит , ойыншық – ойын типіне жатды.
- эмоцианалды-жылылық қатынас
мұғалімнің киім кию түсінен ажыратамыз. Ашық жағымды түстер баланың мұғалімге қатынасының жылылығын көрсетеді
- баланың мұғалімге қатынасындағы қобалжуы:
мысалы: мұғалім суретін айқын сызылған қара бояумен немесе бала өзінің суретін салмағанынан көрінеді.
- жабық болуға қорғануға талпыныс.
Оқушы фигурасы мен мұғалімнің арасында қандай да бір зат салынса бала қорғанысы және ашылғысы келмейді.
- ролдік позицияның араласып кетуі.
Мұны оқушымен мұғалімнің суретте бойының бірдей болуынан көрінеді. “ мұғалім және Мен”
өткізілген күні ----------
сыныбы ------------------
Оқушының фамилиясы |
Мұғаліммен өзара әрекеттестігі типі |
Эмоциялық жылы қатынас |
Мұғалімге деген қобалжу қатынасы |
Қорғануға жабылуға талпынас |
Ролді позицияның араласып келуі |
|
|
|
|
|
|
Бернс әдісі
Отбасы кинестетикалық суреті
Нұсқау: Өзіңің отбасыңың суретін салшы. Отбасында кімді салсаң да өз еркің, суретті түрлі –түсті бояулармен боя.
Нәтижені өңдеу. Бұл тапсырмада отбасы мүшелерінің бірі мақсатты түрде суретке салудан қалдырып кету –оның артында тұрған қандай да бір мақсатты білдіреді. (ол адамнан құтылғысы келеді, ол отбасының берекесін кетірген, оны жақыным деп қабылдамайды).
Адамдардың формасын өте үлкен болуы немесе болмыстан мүлде кішірейтіп бейнелеу – ол адам туралы баланың пікірін білдіреді. (зор мықты адам немесе кішкентай). Ал адамның қандай да бір дене мүшесін зорайтып көрсету баланың эмоциялық қатынасын білдіреді, мұндай жағдайда баланы әңгімеге тарту арқылы анықтауға тырысу керек. Бала әңгімесі мен суреті сәйкес келсе зерттеу шындыққа жақынырақ.
Кеңістікте орналасу. Өзін басқалардан зорайтып бейнелеу – отбасы өзінің маңызын білдіргісі келетіндігі, ал отбасы мүшесін зорайтып бейнелеу – отбасындағы олардың ролін баса көрсету. Бала ата –анасын неғұрлым жақсы көрсе оны белгілейтін бояу түсі де соғұрлым ашық, қанық, әдемі. Мысалы: анасын қызылмен байланыстыру –анасының белсенділігін білдіреді.
Баланың өзін-өзі белгілеуде бояу неғұрлым түстік реттеудегі аз санға ие болса, соғұрлым бала өзіне -өзі сенімді, әрі өзін-өзі түстес етіп бояуы олардың арасындағы күшті байланыста дәлелдейді.
Түстік реттеуде өзі ата – анасынан бұрын тұрса – мен олардан жақсымын дегендігі, олардан кейін тұрса – олар менен жақсы, олардың арасында тұрса –екеуіне ортақ, аралық қатынасты білдіреді.
Адамның мінезін (көңіл –күйін) топтастырған түстер:
Қызыл - белсенділік
Көк - жоғары адамгершілік баға
Жасыл - басымдылық
Сары - өте төмен
Күлгін - өзімшілдік, жалғандық
Қоңыр - әлсіздік, біреуге тәуелділік
Нәтижесі:
Оқушының тәрбиелілік деңгейін анықтау.
Осы сұрақтарға қарап, өзіңнің қандай адам екеніңді анықта:
Еңбексүйгішсің бе,әлде жалқаусың ба ?
1.Жазғы демалыс аяқталып,мектепке баратын кез келді.Демалыстан оқуға ауысу саған қиындық тудырмай ма?
А.Әрине қиын. Көндіккенше екі жұма өтуі керек.
Ә.Үйреншікті жағдай. Қайда қашып құтыласың?!
Б.Мен іске бірден қосылып кетемін.
2.Сенің ата-анаң бір апта сайын үй ішін жинастырып, тәртіпке келтіреді. Сен оларға көмектесесің бе?
А.Ия,мен өз бөлмемді тазалаймын.
Ә. Әрине!
Б. Жоқ! Мен ондай кезде үйден тезірек кетіп қаламын.
3.Сен шалбарыңа дақ түсіріп алдың. Тазаламақ болып едің, бірақ дақ кетпеді. Сонда сен не істейсің ?
А. Дақты қалайда кетіруді қарастырамын.
Ә. Ешнәрсе етпейді. Солай жүре бермін.
Б.Дақ кетіруге арналған зат сатып аламын
- Далада бұрқасын. Сен үйде кітап оқып отырсың. Кенет досың тез кел деп сен үйіне шақырды. Сенің әрекетің?
А. Кешірім сұрап , ауырып жатырмын дер едім. Қолайсыз ауа райында далаға шыққым келмейді.
Ә. Білмеймін!
Б. Әрине барамын! Ол менің досым емес пе!
5.Сен досыңмен кездескенше үйді жинастырып, шашыңды алдыруың керек. Бірақ,үлгірген жоқсың. Осыған ренжір ме едің?
А. Ия ,сәл ғана!
Ә. Өте. Сол күні қатты қапаланып ұйқтай алмас едім.
Б.Мен оған ренжіп жатпас едім.
6, Ата-анаң достарына бір аптаға қыдырып кетті. Сен жалғыз үйде қалдың. Үйде тазалықты сақтайсың ба ?
А. Міндетті түрде!
Ә. Ол кімге керек? Маған қажеті жоқ!
Б. Білмеймін. Бірақ, ата-анам келердің алдында жинастырамын.
- Досың саған спортпен айналысып, таңертең жүгіруді ұсынды. Сен оның бұл ұсынысын қабылдайсың ба?
А.Байқап көруге болады.
Ә. Жоқ, себебі мен таңертең тұрғым келмейді.
Б.Әрине.
- «Іс тұра тұрсын, ертең де күн бар ғой» деген мақалды саған лайықты ма?
А. Осы мақалды құптаймын.
Ә. Жағдайға байланысты.
Б.Жоқ! Менің ойымша, еріншектік – барлық келеңсіздіктің себебі.
Тест нәтижесінің қорытындысы.
Өзіңе қатысты ұпайларды қос. Ұпайлар қосындысы нәтижені көрсетеді.
Сұрақ |
Жауап |
|||
А |
Ә |
Б |
||
1 |
3 |
3 |
6 |
|
2 |
3 |
6 |
0 |
|
3 |
6 |
0 |
3 |
|
4 |
0 |
3 |
6 |
|
5 |
3 |
6 |
0 |
|
6 |
6 |
0 |
3 |
|
7 |
3 |
0 |
6 |
|
8 |
0 |
3 |
6 |
|
Егер сен қорытынды бойынша :
-0 –ден 21 ұпайға дейін жинасаң - өкінішке орай , жалқаусың. Бұл сөзді сен үлкендерден, достарың мен таныстардан күнде бірнеше рет еститін шығарсың. Саған бөлмені жинату, ыдысты жуғызу,дүкенге жіберу мүмкін емес. Еріншектік пен көңіл көтерушілік –сенің мінезіңе тән қасиет. Одан қалай құтылуға болады? Ойлан.
-24 –тен 33 ұпайға дейін жинасаң –сені аса еңбекқор адам деп атауға болмайды, бірақ кейде өзге істермен айналысуды ұнатып тұрсаң да , жұмыстан себепсіз қашпайсың. Көп жағдайларда сенің мінезің көңіл-күйіңе байланысты. Негізінен, бұл дұрыс та, жұмыс істеп те, демала да білу керек. Ең бастысы, өзіңнің парызың –атқаратын міндетіңді ұмытпа!
36- дан 48 ұпайға дейін жинасаң, онда сен -еңбекқорсың. Сен өз мінез-құлқыңмен мақсатыңа жету ұшін, көп мезгіл қиын жұмыстармен айналысуға бейімсің. Жарты жолда
тұрып қалуды қаламайсың. Кез-келген жұмыс сені қуанышқа бөлейді, ал жұмыссыз қарап жүру жаныңды қинайды. Жарайсың!