Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

Жайдары жаздың шуақты күндерімен бірге мектеп жанындағы жазғы алаңдарда өз жұмыстарын бастады. Жазғы демалыс маусымы – балалар үшін қуанышқа толы ерекше ұмытылмас сәттердің бірі. Балалардың демалысын тиімді әрі қызықты, зияткерлік және шығармашылық сайыстармен өткізу, олар үшін арнайы үйірмелер ұйымдастырып, жазғы алаңдар құру жыл сайынғы дәстүрге айналған шара.

    Биылғы 2019 – 2020 оқу жылында «Бал бұлақ» мектеп жанындағы жазғы алаңда өз жұмысына төмендегі мынадай бағыттағы іс – шараларды атқарды:

  • Салауатты өмір салтына баулу;
  • Азаматтық – патриоттық тәрбие;
  • Ғылыми – эстетикалық;
  • Көркемдік – эстетикалық;
  • Ғылыми – техникалық;
  • Тәрбие беру – сауықтыру жұмыстары;
  • Спорттық шаралар.

   

«Бал бұлақ» жазғы алаңы өзінің алдына жоғарыда көрсетілген бағыттарға сай міндеттер мен мақсаттарын белгілеп, осы бағыттарға сәйкестеліп құрылған бағдарламаға сүйене отырып, әр түрлі үйірмелер өткізіп, түрлі іс – шаралар жүргізілді. Құрылған бағдарлама негізінде әрбір үйірме жетекшісінің өз жұмыс жоспарлары жасалынды.

    

1 ауысым маусым айының 1-нен 14-не дейін «Бал бұлақ» атты мектеп жанындағы жазғы алаң жұмыс жасады. Жазғы алаңның жұмыс уақыты 10:00 ден 13:00 ге дейін.

    

1 маусым күні «Барлығы балалар үшін» халықаралық балаларды қорғау күніне арналған республикалық қашықтан акция барысында мектеп оқушылары өз ауласының аумағындағы асфальттарға тақырыптық суреттер салды. Салынған суреттер Instagram желісінде  мектебіміздің арнайы парақшасына салынып, көпке ұсынылды.

    

4 маусым күні «ҚР Рәміздер күніне» арналған мерекеге орай мектеп оқушыларымен бірге «Рәміздер мақтанышым!»  атты онлай блиц – турнирі өткізілді. Блиц – турнир 5 кезеңді құрады және әр кезеңде оқушылар үшін арнайы құрастырылған тапсырмалар болды. Әр кезеңнің тапсырмасы слайд, видео арқылы көрсетіліп, біршама ақпарат берілді. «Мақал – мәтелдерді жалғастыру» ойыны да ойнатылды.

   

«Бал бұлақ» мектеп жанындағы жазғы демалыс алаңы балалардың уақыттарын тиімді етіп ұйымдастырумен қатар олар үшін пайдалы нәрселерді үйренулеріне де бағытталды. Жазғы демалыс алаңы күн сайын таңғы жаттығудан басталып, кестеге сай үйірмелерге қатыстырылды.       

   

Жазғы демалыс алаңымыздың алғашқы күнінде мұражай қызметкері Ф.Қ. Ембергенова балаларды «Өлкетану» мектеп мұражайының бүгінгі күнгі тыныс – тіршілігімен таныстырды.

        

     

Жазғы алаңның көркемдік – эстетикалық бағыттағы «Қыл қалам» үйірмесі де балалар үшін өте қызықты өтті, балалар тек қана саусақтарының көмегімен сурет салып, шыққан туындыларынан көрме ұйымдастырылды.

                 

 

   

«Билейік бірге» атты би үйірмесінде түрлі би билеп, үйірме жетекшісі А.М.Каримова би түрінен сайыс өткізді. Сондай – ақ, «IQ лингвист» үйірмесінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Б.Козлова балаларға ағылшын тілінің бастапқы қарапайым сөздігінен бастап, түрлі ойындар арқылы ағылшын тілін үйретті.

          

 

  

Жазғы алаңымызда жұмыс жасаған ғылыми – техникалық бағыттағы үйірмелердің бірі «Ақпараттандыру» үйірмесінде Ж.Шериев балаларға компьютер арқылы сурет салудың қыр – сырларын меңгертті. Балалар табиғаттың төрт мезгілін графикалық сурет түрінде салып, алдағы уақытта IT үйірмелеріне қатысамыз деген қызығушылықтарын да танытты.

  

      

Мектеп тәлімгері С.Б.Кеулхосов балалардың көңіл – күйін көтеріп, олардың қызығушылығын арттыру мақсатында  «Қоршаған орта күніне» орай жақын маңда орналасқан саябаққа серуен ұйымдастырды.

 

    

Жалпы жазғы алаңның әр маусымы аяқталған сайын балаларды Тобыл жағасына саяхат жасау жоспарға алынды. Осы жоспардың орындалуы барысында 12 маусым күні Тобыл жағасына саяхат жасап, әр түрлі ойындар өткізілді. Балалар үшін барлығы қызықты өтіп, керемет көңіл – күймен тарқасты.