Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

Рудный қаласы

«Бейімбет Майлин атындағы

 №7 мектеп-гимназиясы»КММ

математика пәні мұғалімі

 С.Қ. Бекмуратова

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ  ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін,  мәтін, мәтін...

 

Инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді  жоюға,  ата-аналарын  белсенділікке  шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған  мемлекеттік саясат. Педагог қызметкерлер дамуындағы кемшілігі бар баланы  өзімен қатарлас дені сау  балалармен бірдей спорттық сайыстарға, түрлі байқауларға  қатыстыру арқылы өмірге құштарлығын, танымдық қабілеттерін дамытады. Білім беру  саласында   озық  технологиялардың  енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқу әдістемесін өзгертеді. Математика пәнін оқытуда озық технологияларды пайдаланудағы мақсатым –оқушыларға білім беру процесінде көмектесу.Оған: оқыту бағдарламалары,оқытуда қолдануға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік жұмыстар  ерекше орын алады.

Мүмкіндігі шектеулі баланы  қатарға қосу, әлеуметтік кедергілерге  қарсы  тұра алатын тұлғаны  қалыптастыруда   АКТ – ның барлық мүмкіндігін пайдаланамыз. Өз тәжірбиемде денсаулығына байланысты  үйден оқитын оқушыға  математика пәнінен  білім беруде  АКТ-ны қолданып жүрмін.  Электрондық оқулық арқылы  түрлі суреттер, бейнекөріністер,  дыбыс және музыка  тыңдап көрсетуге болады.Тақтаға жазып  түсіндіргеннен тиімді әрі әсерлі. Жаңа тақырыпты өту барысында формулалар , графиктерді  презентация арқылы көрсету  уақытты үнемдейді. Тапсырманы орындағаннан кейін оқушы дұрыстығын компьютер арқылы  тексереді жіберген кемшіліктерді көреді.  Мүмкіндіктері шектеулі балаларға  білім мен  тəрбие берудегі ғылымның нəтижеге қол жеткізудің бірі жаңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану. Компьютерді пайдалануда мынадай  дидактикалық  мүмкіндіктерді көруге болады, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық  еңбек  етуіне жағдай  жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық  технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық

 

 

қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық   бейнесін   оқушылардың  шығармашылық  қабілеттері мен құндылық бағдарларын  дамыту арқылы  қалыптастыруды  көздейтін, адамның  дүниетанымының  құрамдас  бөлігі  болып табылатын интеллектуалдыдамуды  қалыптастырудың  бір жолы.
Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды  белсенді  қолдануда.  Әсіресе  қашықтан  оқыту  жүйесі  жедел  қарқынмен   дамуда, бұған   бірнеше  факторлар, ең  бастысы – білім  беру мекемелерінің қуатты  компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық  бағыттары  бойынша  электрондық оқулықтар  құрылуы  және Интернеттің дамуы  мысал  бола           алады.          Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды,   графикалық  бейнелеу, мәтіндері  түрінде,  мультимедиалық,  бейне және  дыбыс  бөлімдерінің  бағдарламасы  бойынша  алатын  жаңалықтарды  іске асыруға  көп  көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға  қарағанда  пайдалану  ыңғайлы  және  оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың  артықшылығы  болып  табылады. Сондықтан,  өзін – өзі  тексеру  жүйесі  оқушы  мен  оқытушының   арасындағы байланысын алмастырады. Электрондық  оқулықтарды  пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін  арттырып  қана қоймай, логикалық  ойлау  жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі  білім  беру  саласында  тек мұғалімнің  айтқандарын немесе оқулықты пайдалану  қазіргі заман  талабын қанағаттандырмайды. Оқыту үрдісінде оқыту  әдістерін тиімді  пайдалану, білім беру  жүйесін  тұтастай жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту процесінде толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту процесінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер оқу мақсаттары мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет.
Оқытудың тиімділігі оқытудың жеке тұлғалық стиліне, яғни, оқушыға оқу материалын тиімді  сипаттайтындай қабылдау  механизміне  тәуелді болады. Осыған  байланысты оқу іс-әрекетін тиімді қамтамасыз ету бәрінен бұрын оқушылардың  өзіндік  іс-әрекетін, оқытушының  әрбір  оқушымен  жеке  тұлғалық  оқу іс-әрекетін  сүйемелдеуді   және  жобалар  мен оқу  жұмыстарын оқытушылармен   бірге       ұйымдастыруды                          жобалайды.           Осылайша жаңа технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.Бұл технологияның  өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа  технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық – коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында

 

 

басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.

Жаңа ақпаратты құралдарды қолданғанда  күтілетін нәтижелер:

  • сабақта пайдаланылатын көрнекілік санын арттырады ;
  • оқушының сабаққа деген  қызығушылығын  арттырады;
  • оқушыға білімді жеңіл меңгеруге көмектеседі;
  • жеке  жұмыс істеуге үйретеді;
  • оқушының есте сақтау , есту, көру,   ойлау   қабілеттерін  дамытады;
  • өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастырады.

Жаңа  ақпараттық  технологиялармен  қатар,   сабақтарымда   ойын әдіс –тәсіл дерін қолданамын, мүмкіндігі  шектеулі  балалалармен  көбінесе ойын  арқылы жұмыс жасаған тиімді. Ойын – адамның  өмір танымының  алғашқы қадамы. Сондықтан  ойын арқылы  балалар өмірден  көптеген  мәліметтер алып білімін жетілдіреді. Ойнай  жүріп  балалар  қоршаған  орта  жайлы  білімдерін   толықтырады, дербес шешім қабылдауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық  пен  тапқырлық танытады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра  алатынын,  қандай  қабілеті  бар  екенін  байқап  көреді. Түрлі ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерін де дамытады. Сабақта   суреттерді,  сызбаларды,   кестелерд і пайдалана   отырып, «Айырмашылығын тап»,   «Сәйкестендір»,  «Артығын тап»,   ойындары арқылы математика сабағына қызығушылығын оятамын, математикалық  ұғымдарымен  таныстыру  мақсатында  «Домино»,  «Ребустарды шешу»  ойындарын ұйымдастырамын. Инклюзивті оқытуда мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес  оқыту мен оқу туралы білу және жаңа технологияларды игеріп, оқушы танымы мен қызығушылығын арттырып, ақпараттық–коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Инклюзивті  білім беру – ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың өздерін қоғамның толыққанды мүшесі сезуіне жол ашады. Жас ұрпақ арасында толеранттылықты дамытып олардың  өзін-өзі  бағалай білуіне, қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарауға мүмкіндік береді. Ал балалардың өмірге деген құштарлығын білімен бірге арттыру жолында педагогтың рөлі зор. 

Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс.Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі. Сондықтан, орыстың  ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз  көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” – деген. Бұл  “Ұстаз” атты ұлы сүрлеуге соқпағын  салып жол тартқан көкірегі ояу, көзі ашық әрбір адамға берілген

 

 

елеулі ескерту.  Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай,әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.  2007 ж.
  2. Еркебаева Г.Ғ. / Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің міндеттеру, бағыттары мен мазмұны. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Шымкент, 2011. – Б.6-9.
  3. Смирнова С.А. / Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006.
  4. Халықова К.З., Абдулкәрімова Г.А. / Педагогикалық информатика /білім беруді ақпараттандыру. –Алматы, 2007.

5.«Қазақстан  Республикасындағы бала  құқықтары туралы» ҚР-ның 2002  жылғы 8 тамыздағы N345 Заңы.

  1. «Мектептегі психология» журналы №7, 2014 ж.