Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

Инклюзивті білім беру –балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандыру

 

Бірманова Қымбат Исланбекқызы

Рудный қаласы әкімдігінің

«Бейімбет Майлин атындағы

№7мектеп-гимназиясы»КММ

                                                директоры

                                                                          Рудный қаласы,Қостанай облысы

 

 

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Мемлекетіміз ерекше қажеттілігі бар жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.

Мұғалім- мектептегі инклюзив оқушылардың бойында қалыптастыратын дағдыларға қойылатын талаптардың да түбегейлі өзгеруіне себепші тұлға. Осы ретте мектептің дамуы, оның тиімді болуы мұғалімдердің құзыреттіліктерінің барынша мол болуына байланысты

 Балаға қамқорлық жасау – бірінші кезектегі маңызды іс.Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір іс - әрекетіне көңілі толмай жататынын да байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға бермеңіз.Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауға құқы жоқ. Туындаған тәлім – тәрбиедегі жарасымдылық мектептен ата-ана әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.Ақыл-ой қабілетінің дамуына, білім негіздерін саналы түрде игеруіне барынша көңіл аударылуы қажет деп білеміз.Ерекше қажеттілігі бар оқушы деген не? Сабақ өту барысында сол оқушының ерекшеліктерін ескере отырып, олармен жұмысты жекелеп және топтап оқытуды ұйымдастыруды айтамыз.

Себебі, ерекшеліктерін ескермей бірдей талап қою,  оқушының оқуға деген уәжінің төмендеуіне, белсенділігінің жоғалуына әкеп соғады. Яғни, оқушыға мұндай сабақтардың пайдасы аз, зияны мол.

Ерекше қажеттілігі бар оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшелігін, зейінін, ойлау және қабылдау қасиеттерін жақсы білу керек.

Үйренгенін ұмытпас үшін түрлі жаттығудың жекелеме және топтама

жұмыс түрлерін ұйымдастырған жөн. Түрлі әдіс –тәсілдерді қолдана отырып,тірек сызба, сүлбі, кесте т.б. түрлерімен жұмыс істеуге мүмкіндік туады, назарын тыңғылықты аударады. Өздігінен көбірек жұмыс атқара алатын бола бастайды. Оқушының дамуы, дағдысы, ісі ілгерілеу арқылы күнбе-күн жұмысы түрленіп,  еңбектегі яғни оқуіс әрекетіндегі ерекшелігі қадамдар арқылы көріне бастайды.

Бұл сабақтың тақырыбына, мақсатына, мазмұнына байланысты қолданылады. Ерекше қажеттілігі бар оқушымен жұмыс жасаудың тиімділігінің екінші бір жағы мұғалімнің шеберлігіне, жұмысқа шығармашылықпен қарап, оқыту әдіс тәсілін жүйелеуіне де байланысты.

Сабақтаринклюзив оқушымен өз дәрежесінде жүргізілсе, нәтижесін көруге болады.

Кез келген үрдістің нысаны – оқушы. Негізгі  мақсат оқушының іскерлігі мен мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау. Оқуға қызықтырудың басты элементтерінің бірі – нәтижеге жетуге ынталандыру.

Көзделген мақсатқа апару – апармауы жорамал түрінде болатындығын ескерсек, осы бағытта кездесетін көптеген қиындықтардың барлығы сөзсіз, бірақ оны алдын –ала анықтау мүмкін емес. Оқушы үшін ең маңызды мәселе сабақта өткізіледі. Сабақ-педагогикалық үдерістің кестесі.  Онда су тамшыларындағы күн сияқты барлық тараптар көрсетіледі.Оқушыларға өзімен бірге оқитын сыныптастырының ескертулерінің көп ықпалы болып,бала түзеліп,жұмысқа кірісе бастаған жағдайларды бақылаймыз.Бұл әрине, қалыпты балалармен салыстырғанда көзге көрінер-көрінбес нәтиже болғанымен, мүмкіндігі шектеулі бала үшін үлкен жетістік. Олар қалыпты ортада  жан-жағына қарап талпынады, ізденеді, үйренеді, бір-біріне үйретеді, бұл дегеніміз жанындағы балаларға қарап ынталанады деген сөз. Ерекше қажеттілігі бар балалар қалыпты балалармен бірге оқығанда олардың ынтасы артып, өмірге деген құштарлығы оянады.

Нәтижесінде оларбірге талқылап,жұмыстарын бірге орындайды. Осыдан ерекше қажеттілігі бар оқушының өзін еркін ұстап, өз көзқарасын дәлелдей алатын деңгейге жеткенін байқауға болады. Инклюзивті оқыту –дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.

Ерекше қажеттілігі бар оқушылар басқа балалармен қарым-қатынасқа түсе отыра, бір- біріне жақындайды яғни өзара даму аймағын құрады.

Инклюзивті оқыту- негізгі принцептері:

  1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады.
  2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
  3. Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы.
  4. Барлық адам бір-біріне қажет.
  5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
  6. барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
  7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
  8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың топтары:

  1. Есту қабілеті нашар балалар (кереңдер, нашар еститіндер, саңыраулар).

2.Көру бұзылыстары бар балалар (соқырлар, нашар көретіндер, көру мүмкіндігінен кеш айырылғандар).

  1. Қимыл-қозғалыс аппаратының функциясында бұзылыстары бар балалар.
  2. Сөйлеутілінде,тіл мүкістігі бар балалар.
  3. Ақыл-есі кем балалар.
  4. Психикалықдамуытежелгенбалалар.
  5. Іс-әрекетіндежәнеэмоционалдық-еріктікаймағындабұзылыстары бар балалар.
  6. Күрделібұзылыстары бар балалар, соныменқатарсоқыр-естімейтіндер.

Инклюзивтібілім беру оқушылардыңайырмашылықтарынмойындауданбасталады. Білім беру жүйесінің даму бұзылыстары бар балалардыжекетұлғаретіндеқабілеттерініңашылып, барынша жетілуінеәсерететінәлеуметтік-психологиялық оңалтуда үлкенмүмкіндіктері бар.

 Қазіргі таңда ерекше қажеттіліні бар оқушылармен жұмыс жасау барысында инклюзивті білім беру керек екендігін бәрімізде түсінеміз. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктерaі бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі екенін естен шығармау керек. Жалпы білім беретін мектептердегі  мүмкіндігі шектеулі балалар оқу материалын меңгеруде, жеке тәсілдің  жоқтығы, арнайы коррекциялық – түзету, психологиялық, педагогикалық,  әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан әлеуметтік дағдыларды игеруде елеулі қиындықтарға тап болады. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі  қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайы да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Әр бала үшін ең алғаш мектепке бару ең жауапты да қиын кезең. Ал мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін бұл кезең  психологиялық жағынан  ауыр болады. Әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиісті.Ерекше қажеттілігі бар балалар өз құрдастарының ортасында еш кедергіні сезінбей ортада жүргені жақсы. Дені сау балалармен мүмкіндігі шектеулі балалар бірге оқығанда олардың даму мүмкіндіктері жақсаратындығы туралы түсінік алады.Бұл оның дамуына, тез оңалуына әсер етеді.

Ол өзінен қабілеті жоғары оқушыларға еліктеп, өзгереді.  Олармен жақсы қарым-қатынасқа түсуге әрекет етеді. Мұғалім барлық оқушыға бірдей қараған  жерде ерекше қажеттілігі бар балалардың дамып кетуі заңды құбылыс екенін жақсы білеміз. Ерекше қажеттілігі бар баланы зерделеудегі диагностикалық қадамдар:

- баланы алғашқы дефектологиялық тексеру;

- баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең бойынабақылау;

- баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер мен таңдалғанбағдарламаның тиімділігін анықтау;

- мүмкіндігі шектеулі баланың жеке ерекшіліктерін, танымдық қызметін,ерік-жігер саласын, отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерінзерттеу;

- жалпы білім беру ұйымдарының бағдарламасын меңгерудің деңгейінанықтау;

- компенсаторлық мүмкіндіктерді іздеп табу;

- баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындағыауытқулардың алдын алу

Сондықтанда ерекше қажетттілігі бар  балаларды назардан тыс қалдырмай, өмірге бейімделуіне, қоғамда толыққанды тұлға ретінде қалыптасуынаүлесімізді қосайық!