Бірінші сынып оқушыларының ата- анасына арналған жаднама
- Балаңыздың оқушы боламын деген талпынысын қолдаңыз. Егер, баланың мектептегі жұмыстарына, алғашқы жетістіктерімен қиыншылықтарына шынайы қызығушылығыңызды көрсетсеңіз, оның жаңа лауазымының және іс –әрекетінің маңызды екенін растайсыз.
- Мектептегі ережелермен нормаларды баламен бірге талқылаңыз. Олардың мақсатымен маңыздылығын түсіндіріңіз.
- Сіздің балаңыз мектепке, білім алу үшін келді. Бала оқуға келгенде, барлығы бірдей қолынан келе бермеуі де мүмкін, бұл әлбетте. Баланың қателік жасауына құқығы бар.
- Бірінші сынып оқушысымен бірге күн тәртібін құрыңыз және оны орындағанын қадағалаңыз.
- Баланың жетістікке қол жеткіземін деген талпынысын қолдаңыз. Әр бір жұмысынан мақтайтындай іс –әрекетті табыңыз. Есіңізде болсын, мақтау және эмоционалды қолдау («Жарайсын!», «Жақсы орындадың!») адамның интеллектуалдық жетістіктерін көтеруге қабілетті.
- Бала мектепке келгеннен кейін, балаңыздың өмірінде сізденде беделді адам пайда болады. Ол мұғалім. Оқушының өзінің мұғалімі туралы ой –пікірін сыйлаңыз.
- Оқу – бұл қиын және жауапкершілікті жұмыс. Мектеп баланың өмірін түбегейлі өзгертеді, бірақ бұл өзгерістер әр түрлі қуаныштармен ойындарға кедергі болмауы тиіс. Бірінші сынып оқушысында демалысқа жеткілікті уақыты болуы тиіс.
Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына арналған кеңестер.
- Егер, Сізді балаңыздың іс –әрекетінде немесе оқуында бір нәрсе мазалап тұрса, оны мұғалімге немесе мектеп жантанушысына айтуға ұялмаңыз.
- Балаға, үй жұмысын орындау процессін тәртіпке келтіруге көмектесіңіз. Бұл жерге жұмыс орнын ұйымдастыру, күн тәртібі, сабақтарын орындау тізбегін анықтаулар кіреді. Үй жұмысын, мектептен келген кейін 1-2 сағаттан соң орындаған дұрыс. Мектептегі сынып жұмысын қайта жаздырмаңыз, тек қателерін дұрыстасаңыз болады.
- Егер, бала, мектепте түсіндірген тақырыптарды түсінбей қалса, тақырыптарды үйде қайталаңыз. Үйге берген тапсырманы өзіңіз орындамаңыз. Егер, Сіз қателік тапсаңыз, сабақты жақсы орындағанын айтыңыз,бірақ қатесі бар екенін ескертіңіз. Қателікті өзі тапсын. Уақыт өткен сайын бақылау деңгейін төмендету қажет. Бала барлығын өз бетімен орындауға үйренсе, ол тек Сізге нәтижесін ғана көрсетеді.
- Мұғалім үйде талқыланбауы қажет, себебі бала сіздің ой –пікіріңізді пайдаланып, мұғалімнің талаптарын орындамауы мүмкін. Жантанушылардың айтуы бойынша, мұғалімнің іс –әрекетіне күмән келтірулер, көптеген балалардың мектепке деген қызығушылығын суытады.
Орта және жоғары буында оқитын оқушысы бар ата-аналарға арналған жаднама
- Міндетті түрде балаңызбен байыпты сөйлесіңіз. Мектепке келумен байланысты оны не мазалайтынын анықтаңыз.
- Мұғаліммен кездесіңіз, алаңдаушылықтың себебін мұғалім айтуы мүмкін. Ол баланы қорқытатын оқушы немесе үстінен күлетін оқушылар да болуы мүмкін.
- Баланың жүріс- тұрысында аяқ астынан өзгерістердің болуы үйдің мәселесімен байланысты болуы мүмкін. Егер, мұндай мәселе бар болса, баланы алдамаңыз, оған шындықты айтыңыз, бірақ барлығын айтудың қажеті жоқ. Мәселелерді өзіңіз шешетінін айтыңыз, оның басты міндеті мектепке бару және жақсы оқу.
- Бала, мектептегі әр бір күн жақсы және тыныш болып өте бермейтінін білуі қажет.
- Балаға, пайда болған мәселелерді өзі шешуі қажет екенін түсіндіріңіз, ал сіз оған көмектесесіз.
- Мектепте баламен болған қызықты оқиғаларды есіне түсіріңіз. Бұл оны көтермелейді.
- Мұғалімдерге сабақ берген үшін, балаларға деген жақсы қарым –қатынас үшін алғыс айтыңыз. Бұл сіздің балаңызға жақсы ниетпен қарауға көмектеседі.
- Үйінде үнемі ұрысатын, жазалайтын баланың мазалау деңгейі жоғары болады және соның нәтижесінде бала ештеңені есінде сақтай алмайды.
- Жүріс –тұрысында болмашы өзгерістерді де байқап жүріңіз, себебі ең алдымен бейәлеуметтік жүріс –тұрыстар кездейсоқ жағдайларда көрінеді.
- Сөйлесіңіз, түсіндіріңіз, бірақ шарт қоймаңыз, бірден керемет жүріс –тұрысты талап етпеңіз. Өзгерістерді жеткіншектің қоғамына, күн тәртібіне, бос уақытына кешенді түрде енгізіңіз.
- Жеткіншектің күшті жақтарын табу қажет немесе жағымды қасиеттерін көрсетіп, оларды дұрыс пайдаланып, дамытуы керектігін ескерту. Балаға сену керек - бұл бастысы. Қиын жеткіншек үшін сәттіліктен ләззат алып, қуаныш сезімін басынан өткізудің, маңызы зор. Мұндай оқушылармен сыпайы сөйлесіңіз және қатты сөздерден аулақ болыңыз.
- Баламен, мұғалімнің кемшіліктерін ешқашан талқыламаңыз. Оданда, оған жұмыс істеу қандай қиын екенін түсіндіріңіз. Мұғалім де, барлығы сияқты адам, ол да шаршайды, ашуланшақ болады.
- Мұғаліммен сөйлескенде, ешқандай талап қоймай сөйлесіңіз. Бірге, қиыншылықтардан шығуға оңай болады. Жағдайды ушықтырмаңыз. Жанжалды мектеп әкімшілігіне дейін жеткізбеңіз.
- Бала сабақтарын жақсы оқу үшін, ынталандыратын нәрсе табу керек (тек ақша емес).
- Өзін –өзі бағалау деңгейін жоғарлатыңыз. Оның қолынан барлығы келетінін айтып, жігерлендіріп отырыңыз.
- Балаңыз өз білімін, бүкіл сыныптың алдында, белгілі бір уақытта көрсетеді деп мұғаліммен келісіп алсаңыз болады.
- Балаңыз істеп жатқан жұмысына кіріспеңіз, егер ол көмек сұрамаса. Егер, бала қиналып жатса, және сіздің көмегіңізді қабылдаса, көмектесіңіз.
- Бала, өзінің іс –әрекеттерінің себебінен зардаб шегуі мүмкіндігіне көзін жеткізсін, сол кезде ғана бала есейеді және «саналы» болып қалыптасады.