3 сыныпқа арналған дамыту ойын – сабақтар
Сыныбы: 3 «А»
Күні: 01.11.2013ж
Сынып жетекшісі: Рамазанова Раушан Даутбайқызы
Мақсаты: топтардың біртұтастығы, ережелерді бекіту.
Қажетті материалдар: А4,түрлі қарандаштар, бор, тақта.
Сабақ барысы:
- Танысу: «Жеміс-жидектер».
Сәлемдесу ритуалы ( мақсаты-жұмысқа кіру ) Рефлексия элементтерін еңгізе отырып, сәлемдесу ритуалын өңдеу.
- Жаттығу "Ашық хат"
Мақсаты: Ойлау және шығармашылық қабілетті жетілдіру.
Әр қатысушы параққа өз атын жазады. Содан соң өз парағын оң жақтағы көршісіне береді де, өзі сол жақтағы көршісінен парақты алады. Сол алған параққа жақсы Орындау қасиеттерді, сонымен бірге тілек жазады. Сөйтіп соңында тренингке қатысушылардың бәрі жазған тілегі бар парақ автордың қолына тиеді.
Талдау: Тілек жазу жеңіл болды ма? Не туралы ойладыңыз? Қазір өзімізді қалай сезінудеміз?
- Ойын “Кедергілерден өту”. Топтың біртұтастығын дамыту, топтық жұмыстар мотивациясын қалыптастыру; ойынға тандалған қатысушылар көздерін жұмады. Қалған қатысушылар қолдарына жіп немесе кішкене орындық алады. Тыныштықта көздері жұмулы оқушылар осы жіптерден және де басқа кедергілерден шатаспай өту керек. Сонымен қатар көздерін ашпай қабырғаға қарай кетеді.Жүргізушінің белгісі бойынша көздерін ашып, өз жұмыстарын көруге болады.Жаттығу барысында қысқаша талқылау жүргізіледі. Ойын өзінің ережесімен аяқталуы тиіс.Қорытынды талқылауда акцент ережесінің сақталу маңыздылығына келіп тоқталады.
Қарсылық танытқан ойыншылар болса, ереже негізіне сүйене отырып шешіледі.
Жаттығу "Шын мен өтірік"
Мақсаты: Ойдың өзгешелігін, қиялды дамыту.
Жургізуші: Ал енді келесі жаттығуымызға көшсек те болады, бір-бірлеріңізді танып-біліп қалдыңыздар.
Қазір барлығымыз екі сөйлем дайындаймыз, біреуі -шын, біреуі -
өтірік. Содан кейін әрқайсыларыңыз бірінен кейін біріңіз дайындаған
сөйлемдеріңізді айтасыздар. Тыңдап отырған қатысушылар осы
екі сөйлемнің қайсысы өтірік, қайсысы шын екенін айту керек. Сөйлептұрған қатысушыныңкөзіне, қимылына, сөйлеубарысына мұқият қараңыздар. Мысалы, бірінші сөйлем: мен психолог Тамара Абзиқызын бұрыннан танитынмын, ал екінші Тамара Абзиқызы ел ордасы Астанадан келді.
Талдау: Қай сөйлемді ойлау оңай болды? Шын немесе өтірік екенін қалай анықтадыңыздар? Не нәрсеге назар аудардыңыздар? Қандайбайқауларжасалынды? Кім тапты? Кім таппады? Неге?