Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

 

Бастауыш сынып оқушыларының  зейін деңгейін анықтау әдісі

1.Мыналардың ішінде асық ойыны қайсысы ?

а) көкпар, ә) ханталапай, б) тоғызқұмалақ

2.Мыналардың  қайсысы үй жануары ?

а) мысық, ә) тиін, б) түлкі

3.Төрт түлік малға  қайсысы жатады ?

а) қабылан, ә) түйе, б) қасқыр

3.Ішекті музыкалық аспап қайсысы ?

а) сыбызғы, ә) домбыра, б) керней

 

                   Зейіннің бөлінуін анықтау

 

 Жүргізуші шағын сөйлемді дауыстап оқып отырып қарындашпен  столды  ақырын  тықылдатып отырады. Балалар мәтінді естерінде  сақтап қалуы, әрі неше рет тықылдатқанын  есептеулері   керек.

  Оқылатын сөйлемдер:

«Жақсы сөз жарым ырыс»

  1. Ақылды бол, арлы бол,

бақытты бол, малды бол,

өз қатарыңның алды бол.

 

Тікелей емес есті анықтау

 

Қажетті құралдар:  парақ, қағаз, қалам. 

Нұсқау: «Мен қазір саған әр түрлі сөздер мен сөйлемдерді айтамын, мұнан кейін шағын үзіліс болады. Бұл уақытта сен параққа суретін саласың немесе есіңде қалған сөздерді жазуың керек. Суреттерді немесе жазбаларды тез арада орындау қажет, әйтпесе біз барлық тапсырмаларды орындап үлгермейміз. Сөздер мен сөйлемдердің айтылуын міндетті түрде есте сақтау керек».

Үй. Таяқ. Ағаш. Жоғары секіру. Күн жарқырап тұр. Көңілді адам. Балалар доп ойнап жүр. Сағат тоқтап тұр. Қайық өзеннің бойында жүзіп жүр. Мысық балық жеп отыр.

  Балаға әрбір сөзді немесе сөз тіркестерін оқығаннан соң зерттеуші 20 секунд үзіліс жасайды. Осы уақыттың ішінде бала параққа бір нәрсені бейнелеп үлгеру керек, сол сурет арқылы ол қажетті сөздерді және айтылуын еске түсіреді. Егер осы берілген уақытта  бала тапсырманы орындай алмаса, онда зерттеуші оны тоқтатып келесі сөздерді оқиды.

  Зерттеуді аяқтаған соң психолог баладан суретті және жазуларды қолдану арқылы оқыған сөздерді  еске түсіруін сұрайды.

 

Бағалау нәтижесі

 

  Әрбір дұрыс айтылған өзіндік сурет  немесе жазылған сөздер және  сөз тіркестеріне  бала 1 ұпай алады. Дұрыс айтылған  сөздер мен  сөз тіркестері  есептеліп қана қоймай, есте сақтаудың қалпына келуі тура мағыналы сөздермен тексеріледі. Шамамен дұрыс айтылғандар 0,5 ұпаймен,ал қате  сөздер 0  ұпаймен бағаланады.

   Әдістеме қорытындысы бойынша жоғары баға 10 ұпайға тең. Мұндай бағаны бала тек қана сөздер мен сөздің айтылуын дұрыс еске түсіргенде  алады. Төменгі баға - 0 ұпай: бала өзінің суреті бойынша және жазылуы бойынша бірде – бір сөзді жаза алмайды, сурет сала алмағандықтан  есіне түсіре алмайды.

 

Даму деңгейінің қорытындысы.

 

10 ұпай - өте жоғары дамыған есту есі;

8-9 ұпай – жоғарғы дамыған есту есі;

4-7 ұпай – орташа дамыған есту есі;

2-3 ұпай – төмен дамыған есту есу;

0-1 ұпай - өте төмен дамыған есту есту

 

Естің  әртүрлі қасиетін зерттеуге арналған тесттер

 

Тест. (6-8 жас)

Көру, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді есті бағалау.

Балаға  таныс заттар бейнеленген 10 суретті кезекпен көрсетеді,  әр суретті көрсету уақыты 1-2 секунд. Барлық 10 суретпен танысып болғаннан кейін, баладан еске сақтаған заттарды кезекпен айтып шығу сұралады. Рет саны маңызды емес.

Баланың есте жалпы саннан қанша затты атағаны ескеріледі. Балаға ұмытып қалған суретті қайта көрсетіңіз. 10 минуттан кейін  барлық суреттерді еске түсіруі  сұралады.

Нәтижені белгілеп қойыңыз. 1 сағаттан кейін суреттердің барлығын еске түсіру ұсынылады. Әдетте, 6-7 жастағы бала 10 заттың 7-8 сіздің көмегіңіз арқылы қайта жаңғыртады.

 

Тест. « Сөзді еске сақта »

Ұзақ және қысқы мерзімді – есту есін бағалау. Балаға келесі он сөз  оқылады – үстел, дәптер, сағат, ат, аға, алма, ит, терезе, шам, от.

Жүргізуші осы сөздердің есте қалғанын айтып шығуды өтінеді.

6 – 7 жасар бала 5 – 6 сөзді қайталайды. Бұл қысқа мерзімді ес үшін жақсы көрсеткіш.

Бала атамаған сөздерді атау және 5 рет қайталау, әдетте 5 қайталағанда бала 9 – 10 сөздің бәрін айтады. Бір сағаттан кейін бұл жаттығуға қайта оралып баладан еске түсіру сұралады. 6 – 7 жастағы бала үшін 7 – 8 сөзді еске түсірсе жақсы көрсеткіш

Ойлау.

 Нысаналардың ұқсастығы, айырмашылығы және себебін анықтау.

  Себептерді анықтау, түсініктің анықталуы – бұл бала дам

уындағы интеллектуалдық процесті бағалай отырып ойлау операциясы болып табылады. Ойлаудың ерекшеліктері баланың келесі сұрақтарға дұрыс жауап беруімен анықталады.

1.Жануардың қайсысы үлкен: ат немесе ит?

2.Адамдар таңертеңгілікті  азанда ішеді. Түскі және кешкі тамақты ішіп не істейді? (түстенеді, кешкі тамақты ішеді).

3.Күндіз көшеде жарық, ал кешке? (қараңғы)

4.Аспан көк, ал шөп ? (жасыл)

5.Алма, шие, өрік, алмұрт –(жеміс –жидектер)

6.Поезд жүргенде, неге шлагбаумды жабады?

7.Москва, Киев, Хабаровск? (қалалар)

8.Қазір  сағат қанша (балаға сағат көрсетіп, сұрайды)

9.Кішкентай сиырды бұзау дейді. Ал кішкентай күшік пен кішкентай қойды не деп атайды? (күшік, қозы)

1.Ит қайсысына көбірек ұқсайды? Мысыққа немесе тауыққа? (өз ойынша түсіндіру керек)

2.Машинаға тежегіш не үшін керек?

3.Балға мен балта бір-біріне несімен ұқсайды? (ұқсас қызмет атқаратын құралдар)

4.Мысық пен тиіннің өзара қандай ұқсастықтары болуы мүмкін, ортақ? Бұл сұрақта екі мағынада болуы керек, мысалы; бұл талға міне алатын, жұмсақ терісі, құйрығы, төрт аяғы бар жануар)

5.Шеге, винт және шуруптың бір бірінен қандай айырмашылығы бар? (Дұрыс жауап: шегенің беті тегіс, ал винт және шуруп кесілген, шегені балғамен ұрады, ал винт пен шурупты бұрайды)

6.Футбол, ұзындыққа секіру, теннис, шомылу бұлар не ? (спорт түрлері)

7.Көліктің қандай түрлерін білесің? (кем дегенде көліктің екі түрін атау керек)

8.Кәрі адам жас адамнан қалай ажыратылады? (қарттардың жастардан айырмашылығының екі белгісін атау керек)

9.Адамдар спорт және дене тәрбиесімен не үшін айналысады?  (денсаулық сақтау, мықты, әдемі, ұзын болу үшін)

10.Егер адам жұмыс істегісі келмесе, неге оны жаман деп санайды? (дұрыс жауаптар: себебі барлақ адамдар жұмыс істеу керек, жақсы өмір сүру үшін, жұмыс істемесе тамақ, үйің, киімің болмайды)

11.Неге хатқа марка жабыстыру қажет? ( дұрыс жауап: марка – бұл хат жіберу үшін төленген ақының белгісі)

 

Нәтижесін шығару

 

Бала әрбір дұрыс жауабы үшін 0,5 ұпай алады. Сондықтан бұл әдісте бала ең жоғарғы  10 ұпайға ие болады.

Ескерту. Дұрыс жауап осы мысалдарға сәйкес келетіні ғана емес, баланың басқа дұрыс жауаптары да есептеледі. Егер баланың дұрыс жауап бергеніне сенімсіз болсаңыз, онда 0,25 ұпай қоюға болады.

 

10 ұпай - өте үлкен

8-9 ұпай –үлкен

4-7 ұпай –орташа

2-3 ұпай –төмен

0-1 ұпай - өте төмен

 

«Кактус» әдістемесі

Мақсаты: Жеке өзінің ерекшеліктерін жағымды және жағымсыз мінез – құлық бітістерін тану

Қажетті құралдар:таза парақ20*3,жәй қалам, түрлі түсті қаламдар,өшіргіш.

Нұсқауы: “Алдыңыздағы таза параққа өз ойыңыздағы  кактустың бейнесін салыңыз” 

 

                      Әдістеменің нәтижесін өңдеу:

 

1.Егер де кактустың парақ бетінде  орналасуы- ірі, үлкен  ортада болуы; онда  - адамның  басымдау жағы,ортада болғанды ұнатады, өзіндік бағалауы өте жоғары, көсем болуға талпынады, барлық жерде бірінші болуды мақсат етеді .

2.Егер кактус парақтың жоғары жағында салынса;онда өзіндік  бағалауы жоғары, өзіне көңіл  аударғанды жақсы көреді.

 3.Егерде кактус парақтың төмен жағында кішкентай болып салынса; онда  өзіндік бағалауы төмен,өзіне сенімсіз адам.

  1. Кактустың инелерінің көптігі;онда агресияның белгісі.
  2. Инелері үшкір,ұзын,жиі болып салынса; онда агрессияның басымдылығын білдіртеді.
  3. Инелері майда,сирек орналасса ;онда өз бойындағы агрессияны қолға ұстай алады,шыдамды.

7.Кактустың контуры бір үзілмейтін сызықпен салынған болса ; онда коммуникативтік қасиеттері жақсы дамыған,мейірімді,ақкөңіл адам.

8.Кактустың контуры жиі үзілген сызықпен,болмаса  штрих ретінде салынса; онда ашуланшақ адамның белгісі .

  1. Сызықтары ирек(кактустың ішінде); онда интроверт,тұйық сақ адам.
  2. Жалғыз кактус ;онда экстроверт, көңілді көбірек тек өзіне, өз мәселесіне бөледі.

11.Кактустың айналасындағы кактустар; онда жұртқа –өзін көрсету,ашық,ұйымшыл,досы көп адам.

  1. Ашық түстерді қолданса ; онда оптимист,өмірде не болса да,жақсылыққа жориды.
  2. Қара,қоңыр түстерді қолданса немесе штрихталса; онда үрей мен қорқыныштың белгісі .
  3. Кактусты әшекейлесе,гүл салса; онда нәзік, сезімтал адам.

15.Кактусты ыдысқа салу;онда отбасындағы қамқорлыққа ұмтылу,жағымды  психологиялық  ахуал.

  1. Шөлдегі немесе ыдыссыз салынған кактус; онда жалғыздықты сезіну немесе ұмтылу,отбасындағы нашар психологиялық ахуалды білдіреді.

Зерттелуші адамға суретке байланысты қосымша сұрақтар қойса болады. 

Сұрақтар:

1.Бұл кактус жабайы ма?

2.Инелері қолға қатты бата ма,ұстауға бола ма?

3.Кактус баптағанды,қамқорлықты ұната ма?

4.Кактус жалғыз өсе ме? Жоқ па?

  1. Кактус өскенде қалай өзгереді?

Жауаптар:

1.Жауабына байланысты жанұя  қамқорлығына ұмтылуы байқалады.

  1. Агрессия деңгейі
  2. Өзіне назар аударудың деңгейі
  3. Ұйымшылдық деңгей

5.Мінез-құлқының өзгеру бағыты