«Табандылық мақсатқа жеткізеді, мақсат жақсы нәтижеге жеткізеді» демекші, бүгін, 26 қыркүйек күні, Би аға атындағы №7 мектеп-гимназиясының қабырғасында «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы кәсіби даму институтымен бірлескен көшпелі тәжірибелік семинар өткізілді.
Семинарға облыс көлемі бойынша білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.
Жоспарланған жұмыс барысы бойынша мектеп директоры Қ.И. Бірманова «Стратегиялық менеджмент табысты басқару жүйесінің негізі» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөліссе, одан әрі теориялық бөлімнің сабақтасы практикада ашық сабақтар өткізілді. Атап айтсақ, бастауыш сынып мұғалімі Г.Ш. Нүсіпбекова, математика пәнінің мұғалімі М.Қ. Аренова, орыс тілі пәнінің мұғалімі Н.И.Баранова, биология пәнінің мұғалімі Г.Т. Дальдембаева сияқты тәжірибелі ұстаздарымыз кәсіби шеберліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті бірлестігінің жетекшісі Н.Қ. Ибраева «Бірлестік жұмысын тиімді басқару - мұғалімнің үздіксіз кәсіби жетілу кепілі» тақырыбында бірлестік жұмысын тиімді басқарудағы бірлестік жетістіктерімен тәжірибе алмасса, «Тағылым» жобасымен А.Ғ. Сқақ таныстырып өтті. Одан әрі қарай мектебіміздің «Темірқазық» педагогикалық клубының мүшелері «Мен-педагогпын» тақырыбында мектебіміздің ұстаздары Т.А. Кульбаева, Г.Т. Жұмабаева, Қ.И. Бірманова, Т.М.Алимбаевамен бірлесе инпут өткізді.
Іс-шараның соңында қатысушылар жұмыс барысы бойынша өз пікірін, көзқарастарын білдірді және «Жас медиа» үйірмесінің жетекшісі Н.М. Мейірімханова «Бүгінгі сәттер» бейнебаянын ұсынды.
Әрбір өткен күн тарих беттері демекші, мол іс-тәжірибе шыңдалып, жаңа оқу жылының кәсіби даму үдерісі өз жалғасын тапты.