Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

Құттықтаймыз!

 

Қостанай облысының әкімі «Триумф»   жеңімпаздарын марапаттады


Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен өткен «Триумф» байқауында орта білім беру саласының үздіктері марапатталды, Өңірдің ең үздік өрендерін қолдау мақсатында ұйымдастырылған аталмыш байқау 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы марапатталғандар қатарында облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі зияткерлік, шығармашылық, өнер және спорттық сайыстарының жеңімпаздары бар. Шарада оқушылармен қатар, олардың ұстаздары да құрметке бөленді.   «Егемендік алған жылдардан бері Елбасымыз үнемі арнайы мектептердегі дарынды балалардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін шыңдауларына да ерекше көңіл бөліп келеді. Ол өзінің жыл сайынғы Жолдауында білім саласының маңыздылығын атап өтеді. Сол себепті де бүгін Қостанай облысының көркейіп, нығаюына үлес қосқан, жыл бойы түрлі додаларда көзге түскен дарынды жастарды жинап отырмыз. Қостанай жерінде де түрлі салада жетістікке жетіп жүрген жастар жетерлік», - деді өзінің құттықтау сөзінде Архимед Мұхамбетов.   Жыл үздіктерін Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Бұқанов, спорттық биден халықаралық жарыстардың жүлдегері Мәлика Мұхтаровалар құттықтады. Сондай-ақ, жеңімпаздар Иван Дычко, Сүндет Байғожин, Серікбай Бисекеев сынды танымал жерлестерінің бейнеқұттықтауын қабыл алды.

Биыл Қостанай облысында 24 оқушы мен жаттықтырушылар, ұстаздар “Триумф» байқауының жеңімпазы атанды. Жеңімпаздарды құттықтау салтанатына өңірден 150 үздік оқушылар мен жас спортшылар шақырылды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов дарынды балалардың ел болашағы екенін айтты. «Мемлекет басшысы мамандандырылған мектептерге көп көңіл бөледі. Қазақстанда мұндай 124 мектеп бар. Осы облыс әкімімен өткізілген  кеңесте біздің мектебіміздің түлегі Абдиханиев Иманғали  және оның жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Бертазин  Нургазы болды. Халықаралық конкурста Иманғали Абдиханиев «Әлем ғылымын ашамыз» атты ғылыми жобасын қорғап қола жүлдегерге ие болған, Республикалық конкурстарда «Жас ғалым» атты жобасын қорғап, күміс жүлдегері атанды.