Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ сіздерді педагогтердің бос лауазымдарына конкурсқа қатысуға шақырады! 
 
Конкурс төмендегідей бос және уақытша бос орындарға жүргізіледі:
  1.  Балалар ісін ұйымдастырушы тәлімгер-1 бос орын.(уақытша)
  2.  Информатика пәні мұғалімі – 1 бос орын.(уақытша)
  3. Педагог-психолог-0,5 бос орын.(уақытша)
 
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1)  осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)  жеке басын  куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген - бар болса);
4) Педагогтердің бекітілген үлгілік біліктілік сипаттамаларына лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
6)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175-2020 ж бекітілген "Денсаулық сақтау саласындағы есеп құжаттамасының нысанын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог - модератордың, педагог-сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін «Педагог»  санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болуы міндетті.
10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне,  жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық  дәрежелер мен атақтар беру,  ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері,  алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
 
Конкурстық құжаттар Қостанай облысы, Рудный қаласы П.Корчагина көшесі 153,  Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ қабылдау бөлмесінде қабылданады.
Анықтама байланыс телефоны: 7-95-24
Электронды почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
 
Конкурс өткізілетін орын:
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ конференция залы.
 
Құжаттар қабылдау мерзімі: 2024 жылдың  23-31 қазаны(26,27 қазан күндері демалыс) аралығында жүргізіледі.