Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!
Құрметті педагогтер, жоғарғы оқу орны мен кәсіптік оқу орнының педагогикалық мамандықтарының түлектері! 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ сіздерді педагогтердің бос лауазымдарына конкурсқа қатысуға шақырады! 
 
Конкурс төмендегідей бос және уақытша бос орындарға жүргізіледі:
1. Математика пәні мұғалімі – 1 бос орын.
2. Орыс тілі пәні мұғалімі – 1 бос орын.
3. Ағылшын тілі пәні мұғалімі – 1 бос орын.
5. АӘД пәні мұғалімі – 1 бос орын (офицер дәрежесі болуы қажет)
 
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1)  осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)  жеке басын  куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген - бар болса);
4) Педагогтердің бекітілген үлгілік біліктілік сипаттамаларына лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
6)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175-2020 ж бекітілген "Денсаулық сақтау саласындағы есеп құжаттамасының нысанын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог - модератордың, педагог-сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін «Педагог»  санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болуы міндетті.
10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне,  жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық  дәрежелер мен атақтар беру,  ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері,  алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
 
Конкурстық құжаттар Қостанай облысы, Рудный қаласы П.Корчагина көшесі 153,  Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ қабылдау бөлмесінде қабылданады.
Анықтама байланыс телефоны: 7-95-24
Электронды почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
 
Конкурс өткізілетін орын:
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ конференция залы.
 
Құжаттар қабылдау мерзімі: 2022 жылдың  16-24 тамыз (20-21 тамыз күндері демалыс) аралығында жүргізіледі.