Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Рудный қаласы білім бөлімінің
Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы" КММ
бос орындарға КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
Мекенжайы: 111500, Рудный қаласы, П.Корчагин көшесі 153.
Тел: 8(71431)7-95-24,
e-mail:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
2022-2023 оқу жылына конкурстық негізде педагогтерді жұмысқа қабылдау ағымдағы жылдың 1 тамызынан басталып 7 жұмыс күнін құрайды. Құжаттар қабылдау 9 тамыз күні аяқталады!
Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос жұмыс орындар туралы хабарландырулар "Enbek .kz" және конкурс Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ –ның инстаграм парақшасында жарияланады.
Конкурс төмендегідей бос және уақытша бос орындарға жүргізіледі:
- Математика пәні мұғалімі – 1 бос орын.
- Қазақ тілі пәні мұғалімі – 1 бос орын.
- Орыс тілі пәні мұғалімі – 1 бос орын.
- Ағылшын тілі пәні мұғалімі – 1 бос орын.
- Тарих пәні мұғалімі – 1 бос орын.
- АӘД пәні мұғалімі – 1 бос орын (офицер дәрежесі болуы қажет)
- Бастауыш сынып мұғалімі – 3 бос орны (уақытша) үміткер бола аласыздар.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген - бар болса);
4) Педагогтердің бекітілген үлгілік біліктілік сипаттамаларына лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175-2020 ж бекітілген "Денсаулық сақтау саласындағы есеп құжаттамасының нысанын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог - модератордың, педагог-сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін «Педагог» санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болуы міндетті.
10) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурстық құжаттар Қостанай облысы, Рудный қаласы П.Корчагина көшесі 153, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ қабылдау бөлмесінде қабылданады.
Анықтама байланыс телефоны: 7-95-24
Электронды почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Конкурс өткізілетін орын:
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ конференция залы.
Құжаттар қабылдау мерзімі: 2022 жылдың 1-9 тамыз (6-7 тамыз күндері демалыс) аралығында жүргізіледі.