Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
"Рудный қаласы білім бөлімінің
Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы" КММ
БОС ЛАУАЗЫМДАРЫНА КОНКУРС
Мекенжайы: 111500, Рудный қаласы, П.Корчагин көшесі 53.
Тел: 8(71431)7-95-24,
e-mail:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Білім беру ұйымының бос лауазымы
-Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі
Мектеп алды тобы тәрбиешісінің лауазымдық міндеттері:
1.Балалар арасында олардың жас ерекшеліктері мен өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып білім беру және сауықтыру жұмыстарын жүзеге асырады.
2.Өзіне бекітілген топта сабақтан тыс оқу және тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып,жүргізеді,сондай-ақ оқушылар (топтағы тәрбиеленушілер) арасында мәдени-демалыс сипатында шаралар өткізеді.
3.Тәрбиеленушілер бойындағы азаматтық адамгершілік қасиеттерін тәрбиелейді,оларды оқуға,еңбекке,қоғамдық меншік пен жеке меншіктегі мүліктерге жауапкершілікпен қарауға үйретеді,мәдениетті мінез-құлыққа дағдыландырады.
4.Әрбір баланың даму ерекшелігін (денсаулық жағдайын,эмоцианалдық
көңіл-күйін) зерделеуді, мониторинг нәтижелерінің барлық мәліметтерін
тіркеп хатқа түсіреді.
5.Жеке қабілеттерін,қызығушылықтары мен бейімділіктерін,олардың отбасындағы жағдайы мен тұрмыстық хал-ахуалын зерттеп,зерделейді.
6.Тәрбиеленушілердің өз бейім,қабілеттеріне қарай көркем шығармашылық,ғылыми-техникалық,спорт секцияларына,клубтар жұмыстарына тартады.
7.Балаларды мұғалімдерден,ата-аналардан немесе оларды алмастыратын тұлғалардан тізім бойынша қабылдап алып,шығарып салады.
8.Өзіне бекітілген топта еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
- Еңбек мәдениетін және қызметтік этиканы сақтайды.
Құжаттар тізімі:
1.Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген - бар болса);
- Педагогтердің бекітілген үлгілік біліктілік сипаттамаларына лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175-2020 ж бекітілген "Денсаулық сақтау саласындағы есеп құжаттамасының нысанын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұданәрі - ҰБТ) немесе педагог - модератордың, педагог-сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог – шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
- Педагогтың бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы
ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ
2022 жылғы 21 ақпаннан 2022 жылғы 27 ақпанға дейін жүргізіледі.